Абай
Тегі -
ЭПОС
Жанры -
БАЯНДАУ
Түрі -
ӨЛЕҢ
ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ҚАРА СӨЗ
Абай
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.
Абайдың қара сөздері – ғақлиясы (ғақыл) мен Мәшһүр Жүсіптің ғибрат сөздері – нақылдары –
ұлылардың көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы
көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырған жері.
Мәшһүр Жүсіп
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Ит дүние
Бұ дүние жолдас емес адамзатқа, Кетедi, қайта тастап жанған отқа. Дүниенiң жамандығын көзiне айтып, Ғазал қып бес-алты ауыз жаздым хатқа. Қу өмір жолдас болмас, әлі-ақ өтер, Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер! Ұятың мен арыңды малға сатып, Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер. Мақтанасың біреуге мақтасын деп, Шаужайымнан еш адам қақпасын деп, Сен кеткен соң артыңнан күліп қалар, Антұрғаннан құдайым сақтасын деп. Бұ дүние қыларына тимек шырын, Аунасаң, кетiресiң ердiң түрiн. Аулад адам жаралған барша жанды Келесiң бәрiн тастап бiрiн-бiрiн.
Ит дүние
Бұ дүние жолдас емес адамзатқа, Кетедi, қайта тастап жанған отқа. Дүниенiң жамандығын көзiне айтып, Ғазал қып бес-алты ауыз жаздым хатқа. Бұ дүние қыларына тимек шырын, Аунасаң, кетiресiң ердiң түрiн. Аулад адам жаралған барша жанды Келесiң бәрiн тастап бiрiн-бiрiн.
Мәшһүр Жүсіп
«Ескендір» поэмасынан үзінді
Қу өмір жолдас болмас, әлі-ақ өтер, Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер! Ұятың мен арыңды малға сатып, Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер. Мақтанасың біреуге мақтасын деп, Шаужайымнан еш адам қақпасын деп, Сен кеткен соң артыңнан күліп қалар, Антұрғаннан құдайым сақтасын деп.
Абай
Буын саны -11
Бунағы -2/3
Ұйқасы – шалыс ұйқас
Мазмұны
Мағынасы
Мүддесі
Тақырыбы
Идеясы
Достарыңызбен бөлісу: |