Сынып мінездемесі
І жарты жылдық
2022-2023 оқу жылын 7 «Ә» сыныбында 32 оқушымен бастады. Оның 13 ұл, 19 қыз бала. Сынып ұжым ретінде қалыптасқан. Сынып белсенділерімен ұйымдасуымен барлық іс-шараларға, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Ұжым ретінде оқу білім сайыстарына, лицейішілік және түрлі пәндік олимпиадаларға толығымен қатысады. Сынып оқушылардың білім, білік деңгейі, сондай-ақ тәртібі мен мінез-құлық мәдениеті де әр түрлі деңгейде. Өте жақсы оқитын, білім негізі бар, өзін-өзі ұстай алу дағдысы қалыптасқан оқушылармен қатар, жауапкершілігі орта деңгейде, жинақылық дағдысы қалыптаспаған оқушылар да бар. Осыған орай, сынып ұжымымен тәрбие жұмыстарын жүргізу барысында баланың жеке басына құрмет пен сенім, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, орындаушылық тәртібіне, жауапкершілікке, қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеуге баса назар аудару керек.
|
ІІ жарты жылдық
Лицейдің тәрбие жұмысының мақсаты:
Өзін және өзгені тани алатын, тәрбиелей алатын және өзін басқаруға қол жеткізетін шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
Оқушының тәрбиелік деңгейін диагностикалау негізінде «өзін-өзі дамыту» бағдарламасын құруға үйрету;
Диагностика нәтижесін талдай отырып, өмірлік және адамгершілік ұстанымы қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Сыныптағы тәрбие жұмысының мақсаты:
Әр оқушының бойында жауапкершілік, орындаушылық, сыйластық қасиеттерді қалыптастыру, сынып ұжымын ауыз бірлікке, бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу. Отансүйгіштік, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеу, жан-жақты мәденетті тұлғалық қасиеттерін арттыру, еңбекқор, білімге жаны құмар ұрпақ тәрбиелеу.Оқушының жалпыадамзаттық деңгейін диагностикалау.
Міндеттері:
жас ерекшелігін ескере отырып, әр оқушының оқуға қатынасын, өзін-өзі тануына бағыттау;
сабақтағы олқылықтарды жою, саналы тәртіп қалыптастыру, өз бетінше еңбектенуге үйрету;
тәрбие жұмыстарын ұйымдастыра отырып, интегративті қасиеттерін зерттеу және дамыту арқылы өзін-өзі анықтай алатын жеке тұлға қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |