Жүгері (лат.Zea mays) – астық тұқымдасына жататын бір жылдық дақылдардың бірі.

ЕуропалықтарОңтістік Американы ашқан кезде «маис» деп аталатын, осы күнгі жүгері дақылдарын кездестірген. Оның алғашқы өкілін Еуропаға Христофор Колумб әкелген. Бұл данасын Х.Колумб испан короліне сыйға тартады. Ал біздің жүгерінің алғаш орныққан жеріМолдавия болған.
Дала ауылына кең таралуына оның мол өнім, көк балаусаны аса көп беруі де себепші болды. Бір жылдық астық тұқымдас жылылықты сүйетін өсімдік. Дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Жүгері 12-140 С-та қаулап өседі. Аталық гүлшоғыры – собық. Тамыр жүйесі – шашақ, қосалқы тамырлары болады. В,Е дәрімендері, техникалық май, линолеум, желім, жасанды жібек алынады.

Жүгері қаракүйесі
Жүгері қаракүйесі – базидиомицеттер класына жататын саңырауқұлақтар тудыратын жүгеріауруы. Жүгері қаракүйесі ауруларына жүгерінің бөртпе қаракүйесі мен тозаңды қаракүйесі жатады. Жүгерінің бөртпе қаракүйесін Ustіlago maydіs саңырауқұлағы тудырады. Саңырауқұлақ ақшыл немесе алқызыл мицелла қабықшасымен қапталған, диаметрі 1 – 20 сантиметр бөртпелер түзіп, өсімдіктіңбарлық мүшесін зақымдайды.
Буын аралықтарында пішіні домалақтау, ірілігі жаңғақтай немесе одан үлкенірек, ал жапырақ тақталарында өн бойына созылған, жіңішке ақшыл сарғылт, бұйраланған немесе ірілігі асбұршақтай бөртпелер пайда болады. Жүгері шашақтана бастағанда бөртпенің сыртқы қабықшасы жарылып, ішінен күйе тәрізді споралар шығады. Олар гүлдену кезінде собық жіпшелері арқылы дәндерді зақымдайды. Собықтың жартысына дейін қамтитын пішіні әр түрлі бөртпелер пайда болады да, дәннің орнына көптеген қаракүйе споралары түзіледі.

Ауруға шалдыққан өсімдіктердің өсуі баяулап, дәннің түсімділігі 20 – 30 пайызға дейін төмендейді. Ауру қоздырғышы шірімеген өсімдік қалдықтарында сақталатындықтан, жүгеріні бір жерге қатарынан бірнеше рет еге берсе, аурудың дамуы жыл сайын өрши беруі мүмкін. Жүгерінің тозаңды қаракүйесі жүгерінің тек собығы мен шашақшаларын зақымдайды. Собықта дән түзілмей, ол өзекшесімен қоса толығымен жұқа жапырақшалармен көмкерілген қаракүйе түйіріне айналады. Шашақшалардың жеке гүл шоқтарында да түйіршіктер пайда болады. Егін жинау кезінде қаракүйе споралары топыраққа көшіп, бірнеше жылға дейін сақталады. Бұл ауру жүгері өсіруге маманданған Алматы облысының Панфилов, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандары жерінде кең таралған.
Жүгері Қаракүйесімен күресу шаралары: ауыспалы егіс жүйесін қатаң сақтап, себер алдында тұқымды витавакс 200 ФФ (3 – 5 л/т), дивиденд 030 (2 – 3 л/т), фенорам немесе фенорам супер (2 кг/т) препараттарының бірімен дәрілейді.