Жүгіру, спорттық жүгіру жеңіл атлетиканың негізгі бір түрі



Дата06.01.2022
өлшемі18,76 Kb.
#13060
түріБағдарламасы
Байланысты:
жеңіл атлетика Айдарбеков К.


Жүгіру, спорттық жүгіру – жеңіл атлетиканың негізгі бір түрі. Оның тегіс жерде әр түрлі қашықтыққа Жүгіру (жүгіру жолымен және тас жолмен), кедергілі (барьерлі) Жүгіру (сондай-ақ стипль-чейз), кросс, марафондық Жүгіру сияқты түрлері бар. Археологиялық ескерткіштер жүгірушілер бәсекесінің ежелгі дәуірлерден бастап дамығанын көрсетеді. Біздің заманымыздан. бұрын 776 жылы 1-ші Олимпиялық ойындар бағдарламасында жүгіруден жарыс өткен. Жарыс жолының қашықтығы 192 метр 27 сантиметрге тең болып, ол “стадидром” деп аталған. Яғни, сол кездегі жарыс өткен стадионның жалпы ұзындығына сәйкестеліп алынған. 17 ғасырдың орта кезінен бастап, Англияда кәсіпқой жүгірушілер пайда болды. Олар, көбіне, алыс қашықтықтарда сынға түсті. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде желаяқтар жарысы туралы аңыз, әңгімелер бұрыннан белгілі. Ереже бойынша жүгіру өнері қазақ топырағына 19 ғасырдың соңына таман жетті. Ресми жарыстар, негізінен, 20 ғасырда өтті. Жүгіруден қазақ жастары арасында бірінші болып Ғұсман Қосанов 17-ші Олимпиялық ойындарда (1960, Рим қаласы) 4*100 метрлік эстафеташылар бәсекесінде күміс жүлдегер атанды. Ал қысқа спринттік қашықтыққа жүгіруші Әмин Тұяқов 1966 ж. Еуропа кубогін еншіледі. Сонымен қатар (1966 – 2000 жылдар аралығында), С.Исамбаев, Ә.Байтықов, Е.Жамбылов, Б.Күреңкеев КСРО жарыстарында әр түрлі қашықтықтарда жүгіріп, елеулі табыстарға қол жеткізді. Кедергілі жүгіруден 2000 жылы О.Шишигина Сидней Олимпиядасының алтын медалін жеңіп алды; қ. Жеңіл атлетика.
==Қысқа қашықтықтар==

-60 м ;


-100 м;

-200 м
== Орта қашықтықтар==

-800 м ;

-1500 м;


-2000 м;

-3000 м;
==Алыс қашықтықтар==

-5000 м ;

-10000 м;

-20000 м ;

-30000 м .


==Ерлердің жүгіретін қашықтықтары==

100 м; 200 м ; 400 м; 800 м; 1500 м; 3000 м; 5000 м; 10000 м; 20000 м.


==Кедергілер арқылы жүгіру қашықтықтары==

110 м ; 200 м ; 400 м .

==Жүгірудің эстафеталық түрінің қашықтықтары==

-4х 100 м ;

-4х 200 м ;

-4х 400 м ;

-4х 800 м ;

-4х 1500 м .

==Әйелдер үшін==

-жүру қашықтықтары : 3 км , 5 км;

-жүгіру қашықтықтары : 60 м , 100 м , 200 м , 400 м , 800 м , 1500 м , 3000 м;

-марафон : 30000 м ;

-кедергілер арқылы жүгіру қашықтықтары : 100 м , 200 м , 400 м ;

-эстафеталық жүгіру қашықтықтары : 4х 100 м , 4х 200 м , 4х 400 м , 4х 800 м .


1. Төменгі сөреден жүгіру техникасы:

Дайын сөре қалыбының тұрақты бұрышы шамасы 45° ал, артқы тірегіштің бұрышы 80° дейін өзгертуге болады.

- Сөреге! деген команда естілген бетте екі қолдың ұшын жерге тигізіп, екі иық сөре сызығының үстіне немесе сәл алға шыққан қалыпта бір тізерлеп отырады.

- Дайындал! деген команда берілгенде жүгіруші артқы тізе мен денені сәл көтеріп, ауыз арқылы тез әрі терең тыныс алады.

- Жүгір! (Марш) деген бұйрық берілгенде жүгіруші қолын жерден көтере алға қарай бар пәрменімен ұмтылады.

- Мәре кермесіне жақындағанда шамамен 1м қалғанда жүгіруші денесін алға еңкейтіп шапшаңдықты бәсеңдетпестен мәре сызығын жүгіріп өткені жөн.


2. Төменгі сөреден жүгіру:

2х30 м жүгіру

1х40 м жүгіру

1х60 м жүгіру

3. Жоғарғы сөреден жүгіру техникасы:
- Жоғарғы сөреден жүгіру түрегеп тұрған бастапқы қалыптан басталады.

-«Дайын бол» пәрменін естігеннен кейін аяқтарды бүгіп, кеудені алға еңкейтеді.

-«Марш» пәрмені естілгенде кеуде сөреден шыққаннан кейін тез жазылады.

4. Жоғарғы сөреден жүгіру:



Жоғарғы сөреден ең жоғарғы жылдамдықпен жүгіріп, бірте - бірте екпінді жүгіріспен жүгіру.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет