5.Сыр бойында өшпейтұғын мынадай бір аңыз бар.
Дарияға жақын маңда өткен ерте заманда,
Сыр бойында мекендепті бір айбарлы, жуан мойын жолбарыс. Бұл – көпшілік халықтың жүрегін кернеген «Жолбарыс пен жайын» туралы термеден үзінді. Бұл ғана емес, Сыр бойын мекендеген Тұран жолбарысы туралы ел аузында жатталған сан түрлі аңыз-әңгіме мен естеліктер көп. Алайда, сол жолбарыстардың соңғысы қашан атылғаны, кім атқаны әлі күнге белгісіз…
Көкжиде мен Апаныш (қазіргі Жаңарық ауылынан Өзгентке дейін) тоғайы ит тұмсығы батпайтын қалың еді. Тоғайдың қай бетінен қарасаң да, қалың қамыс пен сирек жыңғылдан көрінбейтін. Ауылдың малдары түгелдей осы тоғайда жайылып жүретін. Тоғай ішіндегі жолбарыс-тар сиырға шауып, ауыл малына тыныштық бермейтін. Бір күні ауылдағы жауырыны тоқпақтай, алып денелі Ережеп батырдың жалғыз сиырына жолбарыс шауыпты. Сиырының өлгені ауыр тиген ол түз тағысымен күресуге суық қару алмастан, бір ғана кездікпен баласы Жұмашты ертіп шыға кеткен. Ережеп пен ұлы айналаны қою қара түнек басқанда тоғай ішінен ақсақ жолбарысты аңдиды. Жемтікке келіп шоқиып отырған жолбарысқа Ережеп те тіке қарап жақындай түседі. Адамның исін сезіп, бойын жиған жолбарыс тікесінен тік тұрып, екі қолын алдыға созып, бар екпінімен Ережепке атылады. Адамнан айла ассын ба, Ережеп сәл бұғып қалғанда, жолбарыстың кеудесі оның басынан асып, сарт ете қалғанда батыр оны ашбелінен құшақтап үлгереді. Қарулы қол айқасып қатты қысымға түскен жолбарыстың аяғы жерге тимей, екі аяғы мен басы Ережептің арқасына тіреліп, қыбырлай алмай қалады. Сол сәтте, Жұмаш келіп, әкесінің қонышындағы кездікті алып, жолбарыстың шабын тіліп жібереді. Әбден әлсіреген адуын-ды аң осылайша Ережеп батырдың қолынан ажал тапқан екен. Бұл Шайдарбек Әшімұлының «Әбу Бәкір Сыздық ұрпақтары» туралы кітабында жазылған әңгіме. Бұл ғана емес, тарихи кітапта Ережеп батырдың Райхан қарындасын жаралаған ұрғашы жолбарысты атып алғаны, оның екі күшігін қалың арасынан тауып айтылғаны да жазылған. Ол кезеңдерде жолбарыстың терісі өте құнды дүние болып саналғандықтан, аңның қос күшігіне атақты Бидаш бай мен орыстың Иван деген жігіті таласады. Алайда, орыс болса да қазақтай көрген Ережеп қос күшікті Иванға береді. Күндер өте Ережеп беріп жіберген қос күшік Қырымдағы Варенцов князьның сарайынан бірақ шыққан екен. Көпті көрген Шайдарбек қарияның айтуынша, Сыр бойында оның ішінде Жаңақорған жерінде жолбарыстар көптеп мекендеген. Оның бір дәлелі, Ережеп батырдың жыртқыш аңмен алысқаны туралы тың деректер болса, енді бірі өз әкесінен естіген есті әңгімелер
6. Шешендік дау түрлері
Қазақтың шешендік сөздері: шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау
Шешендік арнау адам арасындағы қарым қатынасты, шешендік толғау халықтың философиялық көзқарасын көрсетеді десек, шешендік дау қазақ қауымының заттық және рухани даулы мәселелерді реттейтін ежелгі әдет заңын бейнелейді.
Шешендік дауларды мазмұнына қарай жер дауы,жесір дауы ,құн дауы,мал дауы және ар(намыс) дауы деп беске бөлеміз. Қалыптасқан мемлекеттігі ,қабылданған заңы жоқ феодалдық елде барлық дау-талап мәселесі калыс ағайынның қазылығымен,жол-жоба білетін тәжірибелі адамдарға жүгінумен шешілген.Халықтың осындай қарапайым тәжірибесінен қазылық институт,билік-төрелік айту дәстүрі,әдет заңы қалыптасқан.
Ар дауы адамдар арасындағы намысты жыртумен шектелмейді.Жер,жесір,құн,барымта дауларының бәрінде де бір жағынан дүние-мүлік таласы болса,екінші жағынан атақ- абырой үшін тартыс жатады.Әсіресе,ел-елдің арасында жүргізілетін елшілік келісім сөздерде елші ең алдымен елінің намысын қорғайды.Өйткені жердің бүтіндігі,елдің дербестігі,әр халықтың өзін -өзі билеу құқы және табан ақы,маңдай терімен тапқанына өз иелігі,т.б.сайып келгенде,әр халықтың ары мен намысы болып табылады. Қорытып айтқанда,шешендік сөздер,негізінде,халық даналығынан туған мұра,халықтың асыл қазынасы.Мазмұны халықтың бастан кешірген өмірін,арманы мен қиялын көрсетеді.Өмірге,дүниеге көзқарасын,ой-өрісін бейнелейді.Халық өзінің қиялдаған арманына қашан да жетемін деген сенімнен айрылмаған.Өмірдің сан алуан құбылыстарын бір-бірімен теңеп,салыстырып,болашағын болжап,қиялдап сөйлеген сөздер табысқа,жеңіске жетуге құлшындырып,рухтандырып отырған,қуаныш үстінде дем берущілік,реніш тұсында жұбатушылық қызмет атқарған. Шешендік сөздердің шеберлігі ,құндылығы сөз сайысында ,алқа топтың алдында бағаланған.Тарихи,қоғамдық жағдай өзгерсе,таптық жік ажырай келе,үстем тап өкілдері халық жасаған байлықты иемденіп қана қоймай,оның ғасырлар бойы жасаған рухани қазынасын да өзінің таптық мүддесі үщін пайдалануға тырысқан.Халықтың тапқырлық,шешендік сөздерін,әсіресе патриархалдық дәуірдің ру басы билері үйреніп,өз табының үстемдігін нығайтуға құрал ретінде қолданған. Сонымен бірге шешендік сөздер қазақтың cан ғасырлық өмірінің,бақытты болашақ үшін еңбекші бұқараның қанаушы тапқа қарсы жүргізген күресінің
Жалпы қауым,кейде жеке адамдар атынан айтылатын ақылды,аталы сөздердің мол тараулары шешендік арнау , шешендік толғау түрінде болса,екінші бір күрделі саласы шешендік даулар болып келеді. Мұндай дау тартысқа түсушілер сөзуар даугерлер мен оған қарсы тұрушы халық шешендері болған.Бізге жеткен шешендік сөздерден Майқы би,Аяз би,Жиренше шешен,Сырым батыр сияқты халық даналығын бойларына сіңірген,сөз өнерін еркін меңгерген оңдаған халық шешендерінің аты мәлім.Белгілі халық шешендері мен есімдері белгісіз дана қарт,шешен әйел,тапқыр бала,жарлы жігіттер атынан айтылатын шешендік сөздерге тән бір қасиетшешендік,тапқырлығымен қатар,әділдігі,ойының айқындығы және халықтық сипаты. Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзбен басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |