Жібек жолы: Қазақстан Шығыс пен шығыс арасындағы байланыстырушы буын ретінде



Дата04.03.2023
өлшемі15,44 Kb.
#71510
Байланысты:
Ұлы Жібек Жолы


Жібек жолы: Қазақстан Шығыс пен шығыс арасындағы байланыстырушы буын ретінде қалыптасты
1. Ұлы Жібек жолы және Қазақстан.
Ең бірінші Ұлы Жібек жолының шығу тарихын айтатын боламыз.Ұлы Жібек жолы – елдер мен алықтардың қатынасын нығайтқан, түрлі мәдениеттерді бір-бірімен жақындатқан, Қазақстан жеріндегі қала мәдениетіне ықпалын тигізген байланыс жолы болды. Шығыс пен Батыс елдерін байланыстыратын сауда жолының бағыты ретінде бекіту үшін «Жібек жолы» атауын 1877 жылы неміс ғалымы, географ Ф. Рихтгофен ұсынған болатын. Оның «Қытай» атты еңбегінде алғаш аталған бұл тарихи термин ғылыми әдебиеттерде қалыптасып кетті. Жолдың маңыздылығы мен мыңдаған шақырымды құрайтын қашықтығына байланысты «ұлы» сөзі қосылды.
Адамзат тарихында Ұлы Жібек жолының маңызы қандай?
Бұл түрлі бағыттағы керуен жолы еді. Б.з.б. ІІ ғасырда Қытай жерінен басталып, Жерорта теңізіне қарай шыққан. Ұлы Жібек жолының негізгі торабы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерін басып өткен. Жетісу өңірі – Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын, ал Оңтүстік Қазақстан аймағы – Батысқа шығатын қақпаларының бірі болған. Бұл тақырыпта келтірілген картада айқын көрінеді. Шығыс пен Батысты ұштастырған бұл жолда Қазақстан мемлекеттерді өзара байланыстырушы буынға айналды. Бүкіл Еуразияға осы бағытпен білім мен технологиялар, мәдениет пен дін, тауар мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат тарады. Басты тауарлары жібек, араб арғымақтары, нефрит т.б. асыл тастар мен фарфор еді. Сауда дамыған сайын өнім өндіру тәсілдері артып, елдер ара- сында өтімді тауарлар: шарап, жоңышқа, кептірілген жеміс, кілем, тұрмыстық бұйымдар ағыла бастады. Мысалы, үйсін жері арқылы асыл тастар мен жібек, фарфор артылған қытайлықтардың ірі керуені өткен.
Жібек сауданың басты тауары саналды. Ғалымдардың пайымдауынша, жібек өндіру технологиясы осыдан 6000 жыл бұрын ашылған. Жібек маталарды адамдар ерте замандарда-ақ жоғары бағалаған. Жібек – жұқа, жеңіл, жұмсақ мата. Таза және табиғи болғандықтан, зарарсыздандыру қасиеті де бар. Жібек өндіруші елдер мен оны тұтынушылар жібектен тігілген киімге жәндіктердің жоламайтынын байқаған. Жібек киімдер әдемі және ыңғайлы, сәнді еді. Сондықтан жібек жасаудың құпиясы ғасырлар бойы қатаң сақталды. Қытайдан шығарылған маталар Ұлы Жібек жолы арқылы дүниежүзінің басқа аймақтарына таралып, қазынаға мол табыс әкелген. Қытайдан кейін жібек құрты Шығыс Түркістан, Орта Азия, Үндістан, Иран, Византия елдерінде өндіріле басталды.
Түркі ақсүйектері тек жібек матадан тігілген киімдер киді. Мысалы, Тон Жабғу қағанның (VII ғ.) жасыл жібек шапан кигені белгілі. Араб географы әл-Идриси мәліметтері бойынша, дәулетті қимақтар түрлі түсті жібек киімдер киген. XVIII ғасырдағы ғалым, этнограф И. Георги далалықтардың жібек матадан тігілген киімдер кигені туралы жазады.

Алтынмен бірге жібек халықаралық валютаға айналды, айырбас өлшемі ретінде бекітілді. Жібек сыйға тартылды, жалдамалы әскерлерге және қызметкерлерге ақы ретінде төленді. Ортағасырлық түркілердің аттарын жібекке айырбастап отырғаны белгілі.
Жібек жолының бойымен Еуропадан Қазақстан жеріне әйнек және теңгелер, айна, шыны ыдыстар, түймелер мен қапсырмалар жеткізілді. Қазақстан жерінен тері мен жүн, жылқы, қой тасылған.
Ежелгі заманнан бері Ұлы Жібек жолында тауарды түйе және есектермен тасымалдады. Әсіресе түйені шөл даланың кемесі ретінде жоғары бағалады. Олар су көздерін өздігінен таба алады. Бір өркешті түйеден гөрі қосөркешті түйе көбірек пайдаланылды.

Соғыс уақытында жол тораптарында сауда бәсеңдеп, бейбіт күндері қайта жанданып отырған. Ежелгі Қытай деректерінде б.з.б. І ғасырда жібек артылған керуендердің Батыс елдеріне жеткені айтылады. VI ғасырда қуатты Түрік қағанаты құрылған кезде Қытайдан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жері арқылы өтетін Жібек жолы тармағы барынша өркендеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет