Жігітпен қалай танысамыз?



Pdf көрінісі
бет11/56
Дата30.11.2022
өлшемі2,08 Mb.
#53838
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56
ЕР АДАМ СІЗГЕ СЫЙЛЫҚ
БЕРУІ ҮШІН НЕ ІСТЕУ
КЕРЕК?


Тек дұрыс әрі орынды қолдана білсеңіз, яғни үнемі айта
бермей, белгілі бір жағдаяттарда сізге ұнайтын әрекетін айту
керек. Бірақ сізге ұнамайтын әрекетін айтып жүрмеңіз.
Мысалы, ол сізді қадағалайды, ешқайда шығармайды. Сосын
сіз «Қанша жігітпен сөйлесіп едім, ешқайсысын тыңдағым
келген жоқ. Бірақ сені тыңдағым келеді. Маған ұнайды сенің
қаталдығың» деп айтып қуантасыз оны. Ал негізінде ол сізге
ұнамайды. Сіздің сыртқа шыққыңыз келеді, қыздармен
кездескіңіз келеді. Ал ол сол сөздерден кейін, одан сайын қатал
кетеді. Сондықтан сізге ұнайтын қылықтарын ерекше етіп,
астын сызып жеткізу керексіз.
Ақша мәселесіне келген кезде ер адам, сіз оған тұрмысқа
шықпай тұрып, сізді қамтамасыз етуге міндетті емес. Ол сізге
ақша беріп, киіміңізді алып беріп, жолыңызға төлеуге міндетті
емес. Бірақ ол сізді шынайы жақсы көрсе, үйленетініне 100%
сенімді болса, ол сізді мүмкіндігінше қамтамасыз етеді. Тіпті
екеуіңіз үйленбесеңіздер де. Себебі, ер адамда инстинкт 
оянады. Ал ол инстинкт тек қана өзінің отбасына ғана оянады,
анасы, баласы, әйелі, қарындасы деген сияқты. Яғни тек қана
өзінің жеке отбасына. Егер ол сізді шынайы жақсы көрсе,
отбасым деп қабылдаса ол инстинкт өшпейді. Әрдайым сіз
бірнәрсені астарлап айтсаңыз да, айтпасаңыз да, үнемі сізге
ақша бергісі келіп, сізді қамтамасыз еткісі келіп, жылы
киіндіріп тұрғысы келеді. Яғни құштарлығы оянады.
Сараң (жмот) жігіттер де бар. Мысалы, сіз одан кішкене
жетпей қалған нәрсеге ақша сұрайсыз. Бірақ ол "менің
айлығым әлі түскен жоқ, келесі айда түседі" деп айтуы мүмкін.
Келесі ай айлығы түскен күннің өзінде, сіз оның есіне
салмайынша, үндемей жүре берсе немесе тіпті астарлап
айтқаннан кейін де үндемесе, "қазір маған ақша жіберші" деп
айтқанша үнсіз жүре берсе, онда ол сараң. Сараң (жмот) жігіт
ол өзі сізден ақша сұрайтын жігіт. Егер жігіт әйел қылып алмай
тұрып, қарызға өзінің қызынан ақша сұраса өте төмен ұятты
нәрсе деп білемін .
Некеге дейін... 
32


Қараңыздаршы, қыздарға қарағанда еркектерде достар,
таныстары, баратын жері, араласатын адамдары көп. Бірақ ол
өзі ұялмай, қызармай сізден жолына, тамағына, киноға, бірге
қыдыруға шыққан кезде жартылай ақшаны сен төле деп бөліп
төлеуді сұрайды немесе өзінің бір керекті қажеттілігіне сізден
ақша сұрайды. Егер тым болмаса 1-2 рет осындай жігіттер
жолыңызда кездескен болса, бірден "маған менен жігіт ақша
сұрағаны ұнамайды" деп нүкте қойыңыз. Мен ондайларды
кішкене альфонс дегім келеді. Себебі, расымен қыздың
ақшасына әйел қылып алмай тұрып өмір сүргісі келіп тұр ғой.
Егер сіз бас тартып, "менде қазір ақша жоқ" деп айтсаңыз ол
қыз сияқты ренжіп қалады. "Ой аяп қалдың ба, қайтарып
беремін ғой, не болды соншама" деп сіздің көңіліңізге тиетін
сөздер айтып манипуляция жасайды. Содан кейін сіз өзіңізді
"Беру керек пе еді? Шынымен де аяп қалдым деп ойлады ма,
ренжіп қалған шығар" деп кінәлі сезінесіз. Еш уақытта ондай
кінәлі сезім сізде болмауы керек. Ондай еркек өзінің намысын
жоғалтқан азамат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет