Жігітпен қарым-қатынаста қыздардың жіберетін 30 қател


Қарым-қатынасты болашағының жоқ екендігіне қарамай құру



Pdf көрінісі
бет7/16
Дата07.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#20267
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
12. Қарым-қатынасты болашағының жоқ екендігіне қарамай құру

    Фильмдерде  ғана  бір-бірін  жақсы  көретін  адамдар  «енді  қанша  уақыт  бірге  болатынымыз

белгісіз, бірақ бар уақытты бір-бірімізбен бақытты өткізейік» деп келіскені романтикалық болып

көрінеді.  Шын  өмірде  бәрібір  қосылмайтынын  білетін  адамдардың  болашаққа  құратын  іш

жылытатын жоспарлары болмайды, соған сәйкес ғашықтық аспанда қалықтатпайды



13. Ортақ қызығушылықтары немесе көзқарастары мүлде жоқ адаммен кездесу

   Әрине, мұндай адамдар қосылмайды немесе бірін-бірі жақсы көре алмайды деген сөз жоқ. Кейде

тіпті  екі  адамның,  қызығушылықтарының  әр  түрлі  болғаны  махаббат  отына  май  құюы  мүмкін.

Дегенмен,  сөйлесетін  ортақ  тақырыптарың¸  бірге  істеуге  болатын  іс-әрекеттерің,  ортақ

көзқарастарың болмаса, қарым-қатынас қаншалықты берік болмақ? 

14. Ортақ қызығушылықтарың немесе көзқарастарың мүлде көп сияқты көрінетін адаммен

кездесу

 

  Бұл жердегі кілт сөз – «сияқты». Бір қарағанда алдыңғы пунктке қарама-қарсы көрінгенімен, шын



мәнінде, олай емес. Егер бір адам сенің барлық көзқарастарыңмен келісіп, сен әлдене істесең ол

да  солай  істейтінін,  өте  ұқсас  екендеріңді,  мұның  сирек  құбылыс  екендігін  тілге  тиек  етсе,  ол

адамнан  сәл  күдіктенуге  болады.  Бәлкім  ол  осы  арқылы  сенің  сеніміңе,  жақын  адамдарыңның

қатарына  кіргісі  келетін  шығар.  Оның  артында  қандай  ниет  жатқанын  сен  білмейсің.  Тіпті

түсініктері бірдей адамдардың ішінде өзара айырмашылықтар болуы керек. Соны ескер. «Ой, біз

қатты ұқсаспыз» дегендерге сене берме. Тау тауға, маймыл маймылға ұқсай береді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет