Жиі қойылатын сұрақтар



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі264,97 Kb.
#9569

 

Жиі қойылатын сұрақтар 

Бұл  жалпы  сипаттағы  жиі  қойылатын  сұрақтар.  Ақпарат  жеке  немесе  ерекше  сипаттағы  жағдайларда 

қолдану  үшін  көзделмеген,  сондықтан  оны  жеке,  кәсіптік  немесе  пайдаланушыға  заң  жүзіндегі 

кепілдеме ретінде қарауға болмайды. Егер пайдаланушыға жеке немесе ерекше кепілдеме қажет болса 

ол мүше-елдердің құзыретті қызметтеріне кеңес алуға жүгінуі тиіс. 

 

1Шенген аймағына қандай елдер кіреді? 

2 Шенген визасы деген не? 

3 Шенген келісімі еліне бару үшін маған виза керек пе? 

4 Мен ЕО азаматы отбасының мүшесімін. Маған стандартты талаптар қолданыла ма? 

5 Виза алу үшін өтінішті қайда тапсыра аламын? 

6 Шенген келісімінің бір елі берген визамен Шенген келісімінің басқа елінің 

шекарасынан өте аламын ба? 

7 Алынған виза негізінде Шенген аймағында қаншалықты ұзақ бола аламын? 

8 Виза алу рәсімі қанша уақыт алады? 

9 Ұйғарылған сапар басталғанға дейін қанша күн бұрын виза ресімдеуге құжаттар  

тапсырылуы керек? 

10 Виза алуға өтініш берудің құны қанша? 

11 Менің төлқұжатымның мерзімі 2 айдан кейін аяқталады. Мен виза алуға өтініш 

бере аламын ба? 

12 Виза алуға өтініш беру үшін қандай құжаттар қажет? 

13 Егер визаны маған, мысалы Германия консулдығы берсе, осы визамен мен 

Шенген келісімінің басқа елдеріне бара аламын ба? 

14 Шенген аймағынан кетсем, осы визамен қайтып келе аламын ба? 

15  Менің ұзақ мерзімді визам/Шенген аумағына кіретін басқа елде тұруға рұқсатым 

бар. Маған Шенген келісімінің басқа елдеріне баруға басқа виза керек пе ? 

16 Шенген аймағы сыртқы шекарасынан өткен кезде  Шенген визасымен бірге менің 

жол жүру құжатымнан басқа қосымша құжаттар қажет пе? 

17 Мен Шенген келісімі елінің әуежайында басқа ұшаққа ауысумен ұшамын.  

Әуежай арқылы транзиттік виза немесе қысқа мерзімді виза ресімдеуге құжаттар 

беру керек пе? 

18 Визаны ұзартуға бола ма ? 

19 Маған виза беруден бас тартты. Мен не істеуім керек? Виза алымының сомасы 

қайтарыла ма? 

 

 



 

 

1



 

Шенген аймағына қандай елдер кіреді? 

Шенген  аймағына  26  ел  (Шенген  келісімі  елдері)  кіреді,  бұл  елдер  арасында 

шекаралық бақылау жоқ. Бұл Австрия, Бельгия, Венгрия, Германия, Греция, Дания, 

Исландия,  Испания,  Италия,  Латвия,  Литва,  Лихтенштейн,  Люксембург,  Мальта, 

Нидерланды,  Норвегия,  Польша,  Португалия,  Словакия,  Словения,  Финляндия, 

Франция,  Чехия,  Швейцария,  Швеция  және  Эстония.  Бұл  елдер  қысқа  мерзімді 

визаға қатысты ортақ саясат қолданады. 

 

Шенген визасы дегеніміз не? 

 



Транзиттік виза немесе 180 күн ішінде («қысқа мерзімді виза») ұзақтығы 90 

күннен аспайтын Шенген келісімі елдерінің аумағында болжамды болу; 

 

Шенген  келісімі  елдері  әуежайларының  халықаралық  транзиттік  аймақ 



аумақтары арқылы транзит визасы («әуежай арқылы транзит визасы»). 

 

Әдеттегідей,  берілген  виза  Шенген  келісімінің  кез  келген  еліне  бір  сапар  ішінде, 



бірақ виза мерзімінен аспай баруға мүмкіндік береді. 

 

Егер Сіз Шенген келісімі елінде 90 күннен астам  болғыңыз келсе немесе жұмысқа 



орналасуды,  кәсіпкерлікпен,  саудамен  немесе  кәсіби  қызметпен  айналысуды 

жоспарласаңыз Шенген визасы сізге лайықты емес. 

 

2

 

Маған Шенген келісімі еліне бару үшін виза керек пе? 

Сізге  Шенген  келісімі  еліне  бару  үшін  виза  қажеттілігін  білу  үшін  біздің 



сайтта 

берілген ақпаратпен танысыңыз.  

 

3

 

Мен ЕО азаматы отбасының мүшесімен. Маған стандартты талаптар қолданыла 

ма? 

Еркін  жүріп-тұру  құқығын  пайдаланатын  ЕО  азаматтары  отбасыларының 

мүшелеріне қатысты (яғни ЕО азаматы шыққан елі болып табылмайтын қатысушы-

елде  тұрады  немесе  осы  елге  келген)  оңайлатылған  тәртіп  қолданылады.  Бұл 

ретте келесі негізгі критерийлер сақталуы тиіс: 

•  ЕО азаматы еркін жүріп-тұру құқығын пайдаланады

•  отбасы  мүшесі  (өтініш  беруші)  2004/38/ЕС  Директиваға  сәйкес  санаттардың 

біріне жатады; 

•  отбасы  мүшесі  (өтініш  беруші)  ЕО  азаматымен  бірге  ілесіп  саяхаттауда  немесе 

Шенген  келісімі  елдерінің  құрамына  кіретін  ел  аумағында  сонымен  қосылуды 

жоспарлауда. 

 

Қосымша ақпарат  – біздің веб-сайтымызда,



 сілтеме бойынша. 

 

4



 

Мен виза алуға өтінішті қай жерде бере аламын?  

Шенген  визасын  алуға  өтінішті  Сіз  баруды  жоспарлап  отырған  елдің 

консулдығына,  не  Шенген  келісімінің  бірнеше  мемлекетіне  баруға  ниеттеніп 

отырсаңыз, негізгі (яғни, негізгі бару немесе ұзақ болу мақсаты болып табылатын 

елге) баратын елдің консулдығына тапсыруыңыз қажет. 

 


 

Егер  Сіз  болатын  күндер  саны  бірдей  бірнеше  елге  баруға  ниеттеніп  отырсаңыз, 



өтінішті шекарасын бірінші кесіп өтетін елдің консулдығына беру қажет. 

Әдеттегідей,  виза  алуға  құжаттарды  Сіздің  ресми  тұратын  еліңіз  аумақтық 

құзыреттілігіне жататын консулдыққа беру керек.  

 

Біздің  веб-сайтымыздың  бетіндегі  қосымша  ақпарат: 



Өтінішті  қай  жерде  және 

қалай беру

  

 



5

 

Мен 

Шенген  келісімінің  бір  елі  берген  визамен  Шенген  келісімінің басқа  елінің 

шекарасынан өте аламын ба?

 

  

Әдеттегідей,  Шенген келісімінің қай елі виза бергеніне қарамастан, Сіздің Шенген 

келісімінің  кез  келген  елінің  шекарасын  кесіп  өтуге  құқығыңыз  бар.  Бірақ  қысқа 

мерзімді  виза  Шенген  аймағына  кіруге  автоматты  құқық  бермейді.  Сыртқы 

шекараны кесіп өту туралы толығырақ ақпаратты № 16 сұрақтың жауабында таба 

аласыз. 


 

6

 

Алынған виза негізінде Шенген аймағында қаншалықты ұзақ бола аламын 

Шенген  визасы  жол  жүру  құжатына  желімделген  жапсырма  болып  табылады. 

«Қысқа мерзімді сапар» деген анықтама 180 күн ішінде 90 күн ұзақтықта болуды 

білдіреді. Бұл 180 күн ішінде 90 күннен аспай жалпы болу деген.   

 

Виза  қолданудың  нақты  мерзімі  жол  жүру  құжатына  жапсырылған  визаның 



өзінде, «Виза мерзімі» ("Duration of visit") деген бағанда көрсетілген. 

 

Бір  мәртелі  виза  бойынша  Сіз  Шенген  аймағына  тек  бір-ақ  рет  кіре  аласыз.  Бұл 



визада  «Кіру  саны»  ("Number  of  entries")  деген  бағанда  «01»  деген  санмен 

белгіленген. Екі немесе көп мәртелі виза бұл аумаққа виза қолданылу мерзімінде  

екі немесе одан көп рет баруға мүмкіндік береді. Бұл ақпарат визада «Кіру саны» 

деген бағында «02» немесе «MULT» әріптерімен белгіленеді. 

 

Визадағы ақпаратты қалай түсінуге болатыны  туралы түсініктемені Сіз біздің веб-



сайтымыздағы: 

 Виза туралы ақпаратты қалай түсіну керек 

 атты парақшадан таба 

аласыз. 


 

7

 

Виза алу рәсімі қанша уақыт алады? 

Әдеттегідей, консулдыққа құжаттар бергеннен кейін шешім күнтізбелік 15 күн 

ішінде қабылданады. Бұл кезең 30 күннен 60 күнге дейін ұзартылуы мүмкін. 

Қосымша ақпарат – біздің веб-сайттың 



Виза алу үшін қажетті уақыт

 (Processing of 

a visa application) деген парағында. 

 

8



 

Ұйғарылған  сапар  басталғанға  дейін  қанша  күн  бұрын  виза  алуға  құжаттар 

тапсыру керек?  

Өтініш жоспарланған сапар күніне дейін үш ай аспайтын мерзімде беріледі.  

Виза алуға өтінішті сапарға дейін  15 күннен кешіктірмей беру ұсынылады.  


 

Сонымен  қатар,  өтінішті  Шенген  келісімі  елінің  құрамына  кіретін,  баратын  елдің  



және  Сіз  виза  алуға  құжаттарды  беретін  елдің  мемлекеттік  мейрамдарын  ескере 

отырып берген жөн. 

Көп  мәртелі  (кемінде  алты  айдың  ішінде  қолданылатын)  виза  иелері  жаңа  виза 

алуға өтінішті алдыңғының мерзімі аяқталғанға дейін бере алады. 

 

9

 

Виза алуға өтініш берудің құны қанша? 

60 евро мөлшеріндегі стандартты виза алымы виза алуға өтініш берілген уақыттан 

бастап төленуге тиіс.  6-12 жас аралығындағы балалар үшін виза алымы  – 35 евро. 

ЕО виза режимін оңайлату туралы келісімге қол қойған елдер азаматтары 35 евро 

төлейді. Өтініш берушілер санаттарымен 

біздің веб-сайтта 

таныса аласыз. 

 

Виза алымын төлеуден келесі санаттар босатылады: 



 

6 жасқа дейінгі балалар; 



 

оқу  немесе  білім  алу  мақсатында  сапарға  баратын  оқушылар,  студенттер 



және олармен бірге ілесіп жүретін мұғалімдер немесе оқытушылар; 

 



зерттеушілер  –  ғылыми  зерттеулер  жүргізу  мақсатында  сапарға  баратын 

үшінші елдер азаматтары; 

 

семинарларға, 



конференцияларға, 

спорттық, 

мәдени 

немесе  


коммерциялық  емес  ұйымдар  ұйымдастыратын  білім  беру  іс-шараларына 

қатысатын коммерциялық ұйымдардың 25 жастан аспаған өкілдері; 

 

2004/38/ЕС 



Директиваға 

сәйкес 


Еуропалық 

Одақтың/Еуропалық 

экономикалық  кеңістік  азаматтары  отбасыларының  мүшелері,  №4 

сұрақтың жауабын қара. 

 

Сондай-ақ,  қатысушы-елдер  виза  алымынан  өз  қарауына  қарай  басқа 



жағдайларда  босатады.  Сіз  толығырақ  ақпаратты  виза  алуға  өтініш  беруді 

жоспарлап отырған елдің консулдығынан ала аласыз.  

 

Егер  Сіз  виза  алуға  өтінішті  сервистік  қызметтер  ұсынатын  компания  арқылы 



берсеңіз,  онда Сізге сервистік алымды төлеу қажет.  

 

10



 

Менің төлқұжатымның мерзімі 2 айдан кейін аяқталады. Мен виза алуға өтініш 

бере аламын ба?  

Әдеттегідей, жоқ. Талаптарға сәйкес, Сіз Шенген келісімі елінен шыққаннан кейін 

төлқұжатыңыз  үш  ай  бойы  жарамды  болуы  тиіс.  Алайда  белгілі  жағдайда 

консулдық бұл қағидаларды сақтаудан жалтарады.  

 

11

 

Виза алуға өтініш беру үшін қандай құжаттар қажет?

 

Қажетті  құжаттар  туралы  ақпаратты  Сіз  біздің  веб-сайттың: 



Қажетті  құжаттар 

(Required documents) деген парағында табасыз. 

  

12.  Егер визаны  маған, мысалы Германия консулдығы берсе, осы визамен Шенген 



келісімінің басқа елдеріне бара аламын ба? 

Иә, Шенген келісімінің қағидаларына сәйкес виза күші Шенген аймағының барлық 

елдерінде  қолданылады.  Негізгі  мақсаттағы  ел  консулдығына  құжаттар  беруге 


 

тиісті  екенін  назарға  алыңыз  (№5  сұраққа  жауапты  қара).  Визаның  қолданылу 



аумағы  оның  «Мыналар үшін жарамды» ("Valid for") деген бағанында берілген.  

Визадағы ақпаратты қалай түсінуге болатыны  туралы түсініктемені Сіз біздің веб-

сайтымыздағы: 

Визадағы  ақпаратты  қалай  оқуға/түсінуге  болады 

  (How  to 

read/understand  the  visa  sticker)  деген  парақтан  таба  аласыз.  Сыртқы 

шекараларды  кесіп  оту  туралы  толығырақ  ақпараты  Сіз  №16  сұраққа  жауаптан 

таба аласыз. 

 

12



 

 Шенген аймағынан кетсем, осы визамен қайтып келе аламын ба? 

Шенген  визалары  бір  немесе  көп  мәртелі  кіру  жасауға  мүмкіндік  береді.  Бір 

мәртелі  визамен  Сіз  Шенген  аймағына  тек  бір  рет  қана  кіре  аласыз.  Бұл  Сіздің 

визаңызда «01» деген санмен белгіленген.  

Екі немесе көп мәртелі кіру визамен Сіз визаның жарамдық кезеңінде тиісінше екі 

немесе бірнеше рет кіре аласыз. Толығырақ ақпараты Сіз №17 сұраққа жауаптан 

таба аласыз. 

 

13



 

Менің  ұзақ  мерзімді  визам/Шенген  аумағына  кіретін  басқа  елде  тұруға 

рұқсатым бар. Маған Шенген келісімінің басқа елдеріне баруға басқа виза керек 

пе?  

Жоқ. Ұзақ мерзімді виза немесе Шенген келісімінің елі берген тұруға рұқсат Сізге 

бұған мүмкіндік берген жағдайда Сіз «қысқа мерзімді ресми сапарға» (180 күндік 

кезеңде  90  күннен  аспай  болуға)  арналған  ең  үлкен  кезең  ішінде  Шенген 

келісімінің басқа елдеріне саяхаттауға немесе онда бола аласыз. 

 

14 Шенген аймағының сыртқы шекарасын кесіп өткен кезде  Шенген визасымен 



бірге менің жол жүру құжатымнан басқа қосымша құжаттар қажет пе? 

Қысқа  мерзімді  виза  Сізге  Шенген  аймағына  кіруге  автоматты  құқық  бермейді. 

Шекарада  (немесе  басқа  тексеріс  уақытында)  мүмкін,  Сізге  тек  визаны  ғана 

көрсетпей,  қосымша  құжаттарды,  мысалы,  Сізге  тұруға  және  тұру  еліне  қайтып 

келуге  жеткілікті  қаражаттың  барын  растайтын  ақпаратты  ұсыну  қажет.  Сізде 

визаны  ресімдеу  кезінде  ұсынған  құжаттардың  (шақыру  хат,  саяхатты  растайтын 

құжаттар,  Сіздің  болу  мақсатыңызды  растайтын  басқа  да  құжаттар)  көшірмелері 

болуы тиіс. 

 

14

 

Мен  Шенген  келісімі  елінің  әуежайында  басқа  ұшаққа  ауысумен  ұшамын.  

Әуежай    арқылы  транзит  визасын  ресімдеуге  немесе  қысқа  мерзімді  виза 

ресімдеуге құжаттар тапсыру керек пе? 

Осы тұста екі жағдайды айқындау қажет: 

 

әуежайдың  халықаралық  транзит  аймағының  аумағы  арқылы  транзит  (Сіз 



әуежайдың халықаралық транзит аймағынан кетпеген жағдайда);  

 



Сіз  әуежайда  болсаңыз  да,  қатысушы-елдің  аумағы  арқылы  транзит  (Сіз 

әуежайдың халықаралық транзит аймағынан кеткен жағдайда). 

Әуежай  арқылы  транзит  визасы  Сізге  Шенген  келісімі  елінің  аумағындағы 

әуежайдың  халықаралық  транзиттік  аймағы  арқылы  өтуге  және  Шенген 

келісімінің қатысушы емес елге Сіздің рейсіңізге ауысуды күтуге мүмкіндік береді. 

Әуежай  арқылы  транзиттік  виза  Сізге  Шенген  аймағының  аумағына  шығуға 



 

(мысалы,  қонақүйде  тоқтауға  немесе  Шенген  келісімінің  басқа  еліне  ұшуға) 



мүмкіндік бермейді. 

 

Сізге  әуежай  арқылы  транзиттік  виза  керек  екенін  білу  үшін,  біздің  веб-



сайтымыздағы ақпаратпен танысу үшін 

мынаны басыңыз.  

 

Егер  Сіз  Шенген  келісімі  елдерінің  екі  әуежайында  басқа  ұшаққа  ауыссаңыз,  



Шенген  келісімінің  басқа  елінің  әуежайында  ауысумен  Шенген  келісімі  еліне 

сапар, не келісімнің қатысушысы емес елге сапар әуежай арқылы транзит визасы 

болып табылмайды. Шенген келісімінің екі және одан көп елдерінің арасындағы 

барлық  ұшулар  ішкі  болып  саналады.  Сіздің  азаматтығыңызға  байланысты  Сізге, 

мүмкін қысқа мерзімді  виза қажет болады, себебі Сіз Шенген аймағына кіресіз  – 

егер  Сіз  онда  бірнеше  сағат  қана  болсаңыз  да  және  әуежайда  (халықаралық 

транзит аймағынан тыс жерде) қалсаңыз да қажет болады. 

 

15 Виза мерзімін ұзартуға бола ма ? 

Визаны  ұзартуға  өтініш  берген  кезде,  Сізге  қалыптасқан  форс-мажор 

жағдайларынан, гуманитарлық себептермен немесе маңызды жеке себептермен 

Сіз  визаңыздың  мерзімі  аяқталғанға  дейін  немесе  рұқсат  етілген  болу  кезеңі 

аяқталғанға  дейін  қатысушы-елдің  аумағынан  кете  алмайтыныңызды  дәлелдеу 

қажет. 

Әдеттегідей,  егер  Сіз  Шенген  аймағында  соңғы  180  күн  ішінде  90  күннен  аз 



болсаңыз және визаңыздың мерзімі бітпесе, визаны ұзартуға болады. 

Шенген  келісімі  елдерінде  визаларды  ұзартатын  уәкілетті  мекемелер  туралы 

ақпаратты Сіз біздің веб-сайтымыздан табасыз, 

мынаны басыңыз.

  

 



15

 

Маған виза беруден бас тартты. Мен не істеуім керек?  Виза алымының сомасы 

қайтарыла ма? 

Бас тартқан жағдайда Сіз шағым арыз бере аласыз. Виза беруден бас тарту туралы 

шешім  және  оның  себептері  туралы  Сізге  стандарты  бланкпен  хабарлайды,  оны 

виза  беруден  бас  тарту  туралы  шешім  қабылдаған  елдің  консулдығы  береді.  Бас 

тарту  туралы  хабарламада  бас  тарту  себебі,  шағым  беру  рәсімі  мен  беру  мерзімі 

көрсетілуі тиіс. 

Виза  беру  барысында  бір  қатысушы-ел  басқа  қатысушы-елдің  мүдделерін 

білдіргенде  (мысалы  Франция  Нидерландыны  білдіргенде),  соңғы  шешім 

қабылдаған елдің шағым беру рәсімі пайдаланылады. Осы мысалда бұл Франция.  

Сізге  бұрын  виза  беруден  бас  тартса  да,  Сіз  құжаттарды  жаңадан  бере  аласыз. 

Бірақ  визаны  жаңадан  сұрау  алдында,  қажетті  өзгерістер  енгізу  үшін  алдыңғы 

теріс шешім қабылдау себебін ескерген дұрыс. 

Виза  беруден  бас  тартқан  жағдайда  виза  алымы  қайтарылмайды.  Виза  алымы 

виза алуға өтінішті қарау шығыстарын жабады. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет