Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар Биология 8-сынып



бет18/18
Дата10.03.2023
өлшемі1,86 Mb.
#73161
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
4-osh bzhb biologija 8-syn az

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

25 минут

Тапсырма

  1. Диаграммада экожүйедегі заттар ағынының трофикалық деңгейдегі айналымы көрсетілген. Шөпқоректілер айналымның қай бөлігінде бейнеленген, көрсетіңіз.



(a). Экожүйеге назар аударыңыз.







А.

В.



(i). Екі экожүйеге атау беріңіз.
А.
В.


(іі). Екі экожүйені салыстырыңыз.



А

В









(iii). Популяцияның негізгі ерекшеліктерінің бірі құрылымдық популяция түрлерін атаңыз.







1

2

3

1.
2.
3.

  1. Төменде берілген екі графикке назар аударыңыз.














(і). Сұр тышқан санының 5 және 6 жылдары арасындағы санының төмендеуінің 2 себебін келтіріңіз.
1.
2.


(ii). Сұр тышқан мен үкінің арасындағы байланыс 10 жыл бойы зерттелді. Сұр тышқан – кішкене сүтқоректі, ал үкі – етқоректі құс.
1 және 2 графикті пайдалана отырып, үкінің негізгі қорегі сұр тышқан болғандығын, нақты дәлелдемелер арқылы түсіндіріңіз.



  1. (а)Тірі ағзалардың қарым-қатынас түрлерін атаңыз.








А.

В.








(в). Сызбаға назар аударыңыз.

(ii). Түр дарақтарының қоршаған ортаның температруасына бейімделу механизмін түсіндіріңіз.


4 (i). Қазіргі таңда биоаулан түрліліктің азаюының екі себебін келтіріңіз:
1.
2.


(ii). «Дүниежүзілік Тұқым қорының маңызы» тақырыбында эссе жазыңыз.


(iii). Суреттегі Арал және Каспий теңіздерінің көрінісіне назар аударыңыз.

1. 2.


Арал теңізінің тартылуының себебін түсіндіріңіз.


Каспий теңізінің ластану себебін келтіріңіз:




(с). Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемаларды шешудің кем дегенде 2-3 жолдарын ұсыныңыз.



Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Экожүйедегі заттар ағынының айналымына қатысатын компонентті анықтайды.

1

диаграммада берілген экожүйедегі заттар ағынының трофикалық деңгейдегі шөпқоректілер айналымнын
көрсетеді;

1

Су және құрлық экожүйелерін салыстырады.

(а)(i)

суретті пайдаланып экожүйеге атау
береді;

1

(ii)

суретті пайдалана отырып, екі
экожүйені салыстырады;

2

Популяцияның негізгі қасиеттерін және құрылымдық ерекшеліктерін
сипаттайды.

(iii)

суретпен сызбаға қарай отырып, популяцияның негізгі ерекшеліктерінің бірі құрылымдық популяция түрлерін
атайды;

3

Ағзалардың тіршілікке қабілеттілігінің әртүрлі
тәсілдерін зерттейді.

2(i)

сұр тышқан санының 5 және 6 жылдары арасындағы санының
төмендеуінің 2 себебін келтіреді;

2

Жыртқыш-құрбан қарым- қатынасы мысалында популяция санының өзгеру себептерін анықтайды.

(ii)

сұр тышқан мен үкінің арасындағы қарым-қатынасты нақты дәлелдемелер арқылы графикті пайдаланып түсіндіреді;

3

Тірі ағзалардың өзара қарым- қатынас түрлерін сипаттайды.

3(а)

А және В суреттерді пайдаланып, тірі ағзалардың қарым-қатынас түрлерін атайды;

2

Тірі ағзалардың қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделу механизмдерін түсіндіреді.

в(iі)

түр дарақтарының қоршаған ортаның температурасына бейімделу механизмін графикті пайдаланып түсіндіреді;

2

Биологиялық әртүрлілікті сақтаудың және қолдауды қажеттіктің себептерін негіздейді.

4 (i)

қазіргі таңда биоаулан түрліліктің азаюының екі себебін келтіреді;

2

Дүниежүзілік Тұқым қорының маңызын бағалайды.

(ii)

Дүниежүзілік тұқым қорының маңызы тақырыбында эссе жазып, түсіндіреді;

3

Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіреді.

(iiі)

Арал теңізінің тартылуы мен

Каспий теңізінің ластану себебін келтіреді;



1

1


(с)

Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемаларды шешудің кем дегенде 2-
3 жолдарын ұсынады.

2

Жалпы балл саны

25

«Биосфера, экожүйе және популяция, «Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні



Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Экожүйедегі заттар ағынының айналымына қатысатын компонентті анықтайды.

Экожүйедегі заттар ағынының айналымына қатысатын компонентті анықтауда қиналады.

Диаграммада берілген экожүйедегі заттар ағынының трофикалық
деңгейдегі шөпқоректілер айналымнын толық көрсете алмайды..

Экожүйедегі заттар ағынының айналымына қатысатын компонентті анықтайды.




























Су және құрлық экожүйелерін
салыстырады.

Экожүйеге атау беруде \ екі
экожүйені салыстыруда қиналады.

Экожүйеге толық атау беруде \ екі
экожүйені толық салыстыруда қателіктер жібереді.

Су және құрлық экожүйелерін
салыстырады.

Популяцияның негізгі қасиеттерін және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттайды.

Популяцияның негізгі қасиеттерін және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттауда қиналады.

Популяцияның негізгі ерекшеліктерінің бірі құрылымдық популяция түрлерін атауда қателіктер жібереді.

Популяцияның негізгі қасиеттерін және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттайды.

Ағзалардың тіршілікке қабілеттілігінің әртүрлі тәсілдерін зерттейді.

Ағзалардың тіршілікке қабілеттілігінің әртүрлі тәсілдерін зерттеуде қиналады.

Сұр тышқан санының 5 және 6 жылдары арасындағы санының төмендеуінің 2 себебін зерттеуде қателіктер жібереді.

Ағзалардың тіршілікке қабілеттілігінің әртүрлі тәсілдерін зерттейді.

Жыртқыш-құрбан қарым- қатынасы мысалында популяция санының өзгеру себептерін анықтайды.

Жыртқыш-құрбан қарым-қатынасы мысалында популяция санының өзгеру себептерін анықтауда қиналады.

Сұр тышқан мен үкінің арасындағы қарым-қатынасты нақты дәлелдемелер арқылы графикті пайдаланып түсіндіруде қателіктер жібереді.

Жыртқыш-құрбан қарым- қатынасы мысалында популяция санының өзгеру себептерін анықтайды.

Тірі ағзалардың өзара қарым- қатынас түрлерін сипаттайды.

Тірі ағзалардың өзара қарым- қатынас түрлерін сипаттауда қиналады.

Тірі ағзалардың қарым-қатынас түрлерін атауда \ сипаттама беруде қателіктер жібереді.

Тірі ағзалардың өзара қарым- қатынас түрлерін сипаттайды.




Тірі ағзалардың қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделу механизмдерін түсіндіреді.

Тірі ағзалардың қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделу механизмдерін түсіндіруде қиналады.

Түр дарақтарының қоршаған ортаның температруасына бейімделу механизмін графикті пайдаланып түсіндіруде қателіктер жібереді.

Тірі ағзалардың қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделу механизмдерін түсіндіреді.

Биологиялық әртүрлілікті сақтаудың және қолдауды қажеттіктің себептерін негіздейді.

Биологиялық әртүрлілікті сақтаудың және қолдауды қажеттіктің себептерін негіздеуде қиналады.

Биологиялық алуан түрлілікке толық сипаттама бере алмайды.

Биологиялық әртүрлілікті сақтаудың және қолдауды қажеттіктің себептерін негіздейді.

Дүниежүзілік Тұқым қорының маңызын бағалайды.

Дүниежүзілік Тұқым қорының маңызын бағалауда қиналады.

Дүниежүзілік Тұқым қорының маңызы тақырыбында эссе жазып, түсіндіруде қателіктер жібереді.

Дүниежүзілік Тұқым қорының маңызын бағалайды.

Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіреді.

Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіруде қиналады.

Арал теңізінің тартылуы мен Каспий теңізінің ластану себебін айтуда \ Қазақстан аумағындағы
экологиялық проблемаларды шешудің кем дегенде 2-3 жолдарын ұсынуда қателіктер жібереді.

Қазақстан аумағындағы экологиялық проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет