«Денсаулық – зор байлық», «Менің Тәуелсіз Қазақстаным», «Аспан әлемінің құпиялары» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні _____________________________________________
Бағалау критерийі
Оқу жетістігі деңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді
С ұрақтарға мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен жауап беруде қиналады
Сұрақтарға (бірінші, екінші) мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен жауап беруде қате жібереді
С ұрақтарға мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен жауап береді
Мәтін мазмұнына жоспар құрады, соған сүйеніп баяндайды
Мәтінге сай жоспар құрады.
Жоспарға сүйеніп, мәтінді толық баяндайды
Бөлім «Компьютердің тілін табу – өнер»
1-тапсырма Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарату болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп.Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен жазылған және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасауға әлдеқайда аз уақыт жұмсалады.
Компьютердің зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап жарық көрген.Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелдеген.
Сонымен, компьютердің адам ағзасына тигізетін залалы мынадай:
- көздің көру қабілетін төмендетеді;
- омыртқалардың қисаюына әкеледі;
- жүйкеге салмақ түсіреді;
- шаршағыштық, әлсіздік басады.