Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
ЖОБА
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің Тыңдалым және айтылым
түрлері Жазылым
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған
жоспар бойынша немесе өз сөзімен
толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау
3.1.5.1 Өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді
қолдана отырып жеткізу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтінге жоспар құрады
• Мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айтады
• Сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
Қоңырау соғылды. Шымылдық ашылды. Сахнаға әнші Әміре шықты. Басында оюлы тақия, үстінде жеңіл шапан, қолында домбыра. Өзге шығушылардан оның киімі де, түрі де, жүріс-тұрысы да өзгеше еді. Ол әуелі халыққа ізет көрсетіп, басын иді. Шеті түпсіз көрінген кең залға қарады. Домбырасын күйлеп алды да, «Қанапия» әнін айтты.
Зал тым-тырыс болды. Әміре кісіге емес, әнге айналды. Ән салса ол өзін-өзі ұмытады, әннің әуеніне беріледі. Оның ерекше күшті, ашық даусы Еуропа тыңдаушыларын қатты таңдандырды. Әннің аяғын созып барып, домбыраны желпіндіре бітіргенде, тілдің керектігі болмады. Ән аяқталғанда, сүйсініп отырғандар қайран қалысты. Ән тым тез біткендей.
Ұйып тыңдаған халық әнші орнынан тұрып, бас игенде ғана ду қол шапалақтады. Залдан «бис…бис…» деген дауыстар жамырай естіліп жатты.
Мәтін кім туралы? _______________________________________________
Сұрақтардың көмегімен мәтінге жоспар құр. Кестеге жаз.
Достарыңызбен бөлісу: |