7.3.1.2 Қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау
7.3.1.5 Сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану
7.3.1.9 Атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну
7.3.1.13 Есептер шығаруда Архимед заңын қолдану
Бағалаукритерийі
Білімалушы
Қысымның физикалық шамаларға тәуелділігін анықтайды
Атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіреді
Есептер шығару кезінде Архимед заңын қолданады
Ойлау дағдыларыныңдеңгейлері
Білу және түсіну Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындаууақыты
15 минут
Тапсырма
1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Қысым деген не? (Қатты дене үшін)
Қатты дене үшін қысым қалай анықталады? Қысымды қалай азайтуға болады?
берілген суреттерді салыстырып, қай жағдайда баланың жерге ең көп қысым түсіргенін анықтаңыз. Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Суретте сынапты барометрдің қарапайым түрі көрсетілген.
Атмосфералық қысым артқан кезде Х және Ү деңгейлері қалай өзгереді?
Х деңгейі
Ү деңгейі
Себебін түсіндіріңіз.
Ардақ алқаның күмістен жасалғанын тексеру үшін оның салмағын ауада және суда өлшеді. Өлшеу нәтижелері:
рауа= 36,4 Н;
рсу= 32,6 Н;
а) Неліктен ауадағыға қарағанда алқаның судағы салмағы аз?
Алқаның күмістен жасалғанын тексеру үшін келесі шамаларды анықтау керек.
алқаның массасы
алқаға әсер ететін кері итеруші күш
алқаның көлемі
алқаның тығыздығы
Кесте бойынша ρкүміс=10500 кг/м3. Ардақ қандай нәтижеге келді?