Бағалау критерийлері
|
Оқу жетістіктерінің деңгейі
|
төмен
|
орташа
|
жоғары
|
Электр схемасын графикалық бейнелеуде электр тізбегі элементтерінің шартты белгілерін қолданады
|
Электр схемасына талдау жасау қиындық тудырады.
|
Электр схемасын түсінеді, сапалы есептерге талдау жүргізгенде кішігірім қателіктерге жол береді.
|
Электр схемасын түсінеді, дұрыс талдайды сапалы есептер шығарғанда қолдана алады.
|
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолданып, электр тізбектеріне есептеулер жүргізеді
|
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігін есептеуге арналған заңдылықтарды қолдану қиындық тудырады.
|
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігіне арналған заңдылықтарды біледі, бірақ қолданғанда қате жібереді.
|
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғауда тізбек бөлігіне арналған заңдылықтарды нақты сапалы есептер шығаруға қолданады.
|
Токтың энергетикалық параметрлерін табу үшін тұрақты ток заңдарын есептер шығаруда қолданады
|
Кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін сипаттайды, жұмыс және қуат формулаларын қолдануда қиындық тудырады.
|
Кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін сипаттайды, жұмыс және қуат формулаларын қолдануда кезінде кішігірім қателіктерге жол береді.
|
Кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін сипаттайды, жұмыс және қуат формулаларын қолданады.
|