Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын қолданады
Температураның мәндерін әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектейді
Жылу алмасу процесі кезінде алған / берген жылу мөлшерін анықтайды
Жылу берілудің түрлерін салыстырады
Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты
25 минут
«Жылу құбылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Тапсырма Контейнерлерде бірдей газдың молекулалары берілген. Дөңгелекшелер газ молекулаларын, бағдаршалар газ молекулаларының қозғалыс бағытын және жылдамдығын сипаттайды. Ұзын бағдарша жоғары жылдамдықты сипаттайды.
Қай контейнердегі газдың тығыздығы жоғары және температурасы төмен?
[1]
Абсолют нөл температураның мәні қандай?
А) 273 °С
В) 100 °С
С) 0 °С
D) -273 °С
[1]
Массасы 5 кг мырыш бөлігін 100 ºС-қа қыздыру үшін 20 кДж энергия берілді. Мырыштың меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңыз.
[2]
1 суретте энергияның суда тасымалдануын зерттейтін екі тәжірибе көрсетілген.
Cурет 1
Тәжірибе 1 Суық су астынан бірқалыпты баяу қыздырылып жатыр. Жоғарыдағы мұз бөлігі су қайнамастан бұрын ериді.
Тәжірибе 2 Суық су жоғары жағынан бірқалыпты баяу қыздырылып жатыр. Арнайы тор көмегімен суда астында ұстап тұрған мұз бөлігі жоғарыдағы су қайнап бастаған кезде де қатты күйде болады.
а) Шыны арқылы энергияның (жылудың) тасымалдану процесі қалай аталады?
_____________________________________________________________________________ [1]
b) Бірінші тәжірибеде төмендегі судан жоғарыдағы мұзға энергияның берілуін сипаттайтын негізгі процестің атын жазыңыз.
_____________________________________________________________________________ [1]
Жоғарыдағы (b) процесс қалай жүзеге асатынын сипаттаңыз.
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
[1]
с) Неліктен 2-тәжірибеде, төмендегі мұз бөлігі жоғарыдағы су қайнап бастаған кезде де ерімеді? Екі себебін ұсыныңыз.
___________________________________________________________________
[2]
5. Массасы 500 г таскөмір толық жанғанда бөлінетін жылуды пайдаланып, су массасының қанша мөлшерін 20 ºС-тан 70 ºС-қа дейін қыздыруға болады? Судың меншікті жылу сыйымдылығы 4200 Дж/(кг·ºС), таскөмірдің меншікті жану жылуы 30 МДж/кг.
[4]
Жалпы балл: 13