Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Химия 8-сынып


Суретте оттекті зертханада алуға және (а) ауаны, (b) суды ығыстырып жинауға арналған қондырғы көрсетілген. (а)



бет14/28
Дата15.11.2023
өлшемі0,7 Mb.
#122674
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Байланысты:
!26-ОШ БЖБ Химия 8-сын қаз (1)

3. Суретте оттекті зертханада алуға және (а) ауаны, (b) суды ығыстырып жинауға арналған қондырғы көрсетілген.



(а) Суретте оттегі газын жинау барысында оның қандай физикалық қасиеттеріне негізделгендігін жазыңыз.
а-суреті:

б-суреті:




(b) Зертханада калий перманганатын айырып оттекті алудың реакция теңдеуін жазыңыз.



(с) Металдарды дәнекерлеу барысында ацетилен газын қолданады. Ацетилен жанған кезде өте көп мөлшерде жылу және жарық бөлінеді. Ацетиленнің (С2Н2) жану реакция теңдеуін жазып, теңестіріңіз.


4(a) Оттек және озонның қасиеттерін сәйкестендіріңіз.



Қасиеттері

Оттектің аллотропты түр өзгерістері

1. Тұрақты

А) Оттек В) Озон

2. Үш атомнан тұрады

3. УК сәулелерінен қорғайды

4. Фотосинтез нәтижесінде түзіледі

А) В)





  1. Оттектің қолданылуына мысал келтіріңіз.



5. Озон қабатының маңызын түсіндіріңіз.



Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Сутекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын сипаттайды

1, 2

зертханада сутекті қандай заттардан алуға болатынын анықтайды;

1

сутегі газының физикалық
қасиеттерін жазады;

1

сутегін анықтау жолын жазады;

1

тізбектегі А затын анықтайды;

1

тізбектегі В затын анықтайды;

1

В заты түзілетін реакция теңдеуін
жазады;

1

сутегі газының қолданылуына
мысал келтіреді;

1

Оттекті алудың реакция теңдеуін және оттектің қасиеттері мен қолданылуын сипаттайды

3

калий перманганатын айырып оттекті алудың реакция теңдеуін
жазады;

1

оттегі газының физикалық
қасиеттерін жазады;

1

ацетиленнің жану реакциясын
жазып, теңестіреді;

1

Оттектің аллотропиялық түрөзгерістерінің құрамы мен қасиеттерін сәйкестендіреді

4

оттектің тұрақты және фотосинтез
нәтижесінде түзілетінін анықтайды;

1

озонның үш атомнан тұратынын
және УК сулелерінен қорғайтынын анықтайды;

1

Озон қабатының маңызын түсіндіреді

5

озон қабатының маңызын түсіндіреді.

1

Барлығы

13

«Сутек. Оттек және озон» бөлімі бойынша


жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні





Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Сутекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын сипаттайды

Зертханада сутекті алатын заттарды анықтауда , физикалық қасиеттерін жазуда, тізбектегі А, В заттарын анықтауда және оның қолдануына мысал келтіруде қиналады

Зертханада сутекті алатын заттарды физикалық қасиеттерін жазуда/ тізбектегі А / В заттарын анықтауда
/В затының түзілу реакция теңдеуін жазуда / сутектің қолдануына мысал келтіруде қателіктер жібереді

Зертханада сутекті алатын заттарды анықтауда , физикалық қасиеттерін жазуда, тізбектегі А, В заттарын анықтауда және оның қолдануын жазады

Оттекті алудың реакция теңдеуін және оттектің қасиеттері мен қолданылуын сипаттайды

Калий перманганатының айырылу реакциясын , оттегінің физикалық қасиеттерін, ацетиленнің жану реакциясын жазуда қиналады

Калий перманганатының айырылу реакциясын / оттегінің физикалық қасиеттерін / ацетиленнің жану реакциясын жазуда қателіктер жібереді

Калий перманганатының айырылу реакциясын , оттегінің физикалық қасиеттерін , ацетиленнің жану реакциясын жазады

Оттектің аллотропиялық түрөзгерістерінің құрамы мен қасиеттерін сәйкестендіреді

Оттек және озонның қасиеттерін сәйкестендіруде, оттектің қолдануына мысал келтіруде қиналады

Оттек , озонның қасиеттерін сәйкестендіруде /оттектің қолдануына мысал келтіруде қателіктер жібереді

Оттек және озонның қасиеттерін сәйкестендіреді, оттектің қолдануына мысал келтіреді

Озон қабатының маңызын түсіндіреді.

Озон қабатының маңызын түсіндіруде қиналады

Озон қабатының маңызын түсіндіруде қателіктер жібереді

Озон қабатының маңызын түсіндіреді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет