Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Химия 8-сынып


B «Көміртек және оның қосылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет25/28
Дата15.11.2023
өлшемі0,7 Mb.
#122674
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
!26-ОШ БЖБ Химия 8-сын қаз (1)

8.4B «Көміртек және оның қосылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


.

Оқу мақсаты

8.4.3.1 Көміртек неліктен көптеген қосылыстарында төрт байланыс түзетінін түсіндіру
8.4.3.3 Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін салыстыру

        1. Көміртек жанған кезде көміртек диоксиді мен көміртек монооксидінің түзілу жағдайларын сипаттау және тірі ағзаларға иіс газының физиологиялық әсерін түсіндіру

        2. Көмірқышқыл газын ала алу, оны анықтау және қасиеттерін зерттеу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Көміртек көптеген қосылыстарында төрт байланыс түзетінін сипаттайды

  • Көміртектің аллотропиялық түрөзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін салыстырады

  • Көміртек жанған кезде түзілген көміртек диоксиді мен көміртек монооксидінің қасиеттерін салыстырады, иіс газының физиологиялық әсерін сипаттайды

  • Зертханада көмірқышқыл газын алып, оны анықтайды және қасиеттерін зерттеп жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындалу уақыты

20 минут

Тапсырма


1. Көміртектің қосылыстарда төрт байланыс түзетінін атом құрылысы бойынша сипаттауға болады. Суретте көміртек атомының қалыпты күйдегі электрондарының энергетикалық деңгейде орналасуы көрсетілген. Қозған күйдегі электрондардың орналасуын сызып көрсетіңіз.




  1. Көміртек атомының төрт байланыс түзетінін метанның (СН4) мысалында көрсетіңіз.




  1. Метанның (СН4) молекуласындағы байланыс типін анықтаңыз.

    1. Төмендегі кестедегі көміртек аллотроптарының: кристалл торының пішінін, қасиеттерін, қолданылуын сәйкестендіріңіз.




Көміртектің аллотропты
түр өзгерістері

Кристалдық торының
пішіні

Қасиеттері

Қолданылуы

І. Алмаз





1. Қатты, қара түсті кристалды, қиын балқиды

1.Электротехникада жаңа материалдар алуда

ІІ. Графит

2.


2. Өте қатты, бірақ морт, мөлдір, электр тогын өткізбейді

2.Фотоэлементтерде қолданылады

ІІІ. Карбин

3.




3. Металдық жылтыры бар, майлы сезіледі, электр тогын өткізеді

3. Қатты тау жыныстарын бұрғылайтын құралдың ұшын қайрауда

IV. Фуллерен

4.






4. Қара түсті ұсақ кристалды ұнтақ, жартылай өткізгіш

4. Отқа төзімді ыдыстарды жасауда, электродтарды өндіруде

І. ІІ. ІІІ.
IV.



    1. Көміртек оксидтері: СО және СО2 мына заттардың қайсысымен NaOH, H2O, Na2O, О2, CuO әрекеттесетіндігін көрсетіңіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет