Балл қою кестесі
Бағалау критерийі
|
Тапсырма
№
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Сутекті алу және оның қасиеттері мен қолданылуын сипаттайды
|
1, 2
|
зертханада сутекті қандай заттардан алуға болатынын анықтайды;
|
1
|
қай суретте сутек газын жинау әдісі көрсетілгенін дұрыс анықтайды;
|
1
|
Өз таңдауын түсіндіреді;
|
1
|
сутек газын зертханада алу үшін қолданылатын реактивтерді анықтайды;
|
1
|
жиналған газдың сутек екенін дәлелдейді;
|
1
|
сутектің қолданылуына мысал келтіреді;
|
1
|
Оттекті алудың реакция теңдеуін және оттектің қасиеттері мен қолданылуын сипаттайды
|
3,4
|
кестеге шындық болса «+» қояды;
|
1
|
жалған болса « -» белгісін қояды;
|
1
|
тізбектегі А затын анықтайды;
|
1
|
калий перманганатын айырып А затын алудың реакция теңдеуін
жазады;
|
1
|
А затының алдына қойылатын коэффициентті анықта
|
1
|
зат мөлшері белгілі газдың көлемін дұрыс есептейді;
|
1
|
Оттектің аллотропиялық түрөзгерістерінің құрамы мен қасиеттерін сәйкестендіреді
|
5
|
берілген сурет бойынша озонның қолданылу салаларын анықтайды;
|
1
|
Озон қабатының маңызын түсіндіреді
|
6
|
озон қабатының бұзылуына себеп болатын жағдайларға екі мысал келтіріп жазады;
|
2
|
Барлығы
|
15
|
«Химиялық элементтердің периодтық жүйесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
|
|
Оқу мақсаты
|
8.2.1.1 Топ, период, атом нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру;
8.2.1.3 Топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің заңдылықпен өзгеретінін түсіндіру;
8.2.1.4 Периодтық жүйедегі орны бойынша химиялық элементті сипаттау;
8.2.1.6 Химиялық элементтердің табиғи ұяластарын білу және сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтердің ұяластарына мысалдар келтіру;
8.2.1.7 Химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау.
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы:
|
|
● Топ, период, атом нөмірінің физикалық мәнін сипаттайды;
● Элементтер қасиеттерінің топтар мен периодтарда заңдылықпен өзгеретінін түсіндіреді;
● Химиялық элементтерді периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттайды;
● Химиялық элементтердің табиғи ұяластарын атайды және олардың таңбасын жазады;
● Периодтық кестеде орналасуына байланысты химиялық элементтің қасиетін болжайды.
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері
|
Қолдану, жоғары деңгей дағдылары
|
Орындау уақыты
|
20 минут
|
Тапсырма
1. Элементтердің келесі қатары берілген. Берілген тұжырымдар мен химиялық элементтер арасындағы сәйкестікті анықтаңыз.
Тұжырымдар
|
Химиялық элементтер
|
1) элементтің 6 электроны бар
|
A) Ag
|
2) элементтің 7 нейтроны бар
|
B) Al
|
3) элементтің 5 энергетикалық деңгейі бар
|
C) N
|
4) элементтің протон санының мәні 3-ке тең
|
D) Li
|
5) элементтің соңғы энергетикалық деңгейінде 3 электрон бар
|
E) C
|
1) ___ 2)___ 3)___ 4)____ 5)___
[2]
2. a) Берілген кесте бойынша дұрыс жауаптарды анықтаңыз.
|
Период бойынша (солдан оңға қарай)
|
Топ бойынша (жоғарыдан төмен қарай)
|
1) Энергетикалық деңгей саны
|
А) өзгермейді
B) 1 энергетикалық деңгейге артады
|
C) өзгермейді
D) 1 энергетикалық деңгейге артады
|
2) Сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрон саны
|
А) 1-ге артады
B) тұрақты
|
C) 1-ге артады
D) тұрақты
|
1) _______________
2) _______________
[2]
b) Берілген химиялық элементтердің қасиеттерінің периодты өзгеруіне байланысты тұжырымдардың бос орындарын қажетті сөздермен толықтырыңыз.
Период бойынша (солдан оңға қарай)
2. Атом радиусы ______________
1. Салыстырмалы атомдық масса _______________
Топ бойынша (жоғарыдан төмен қарай)
4. Оттекпен қосылысындағы валенттілігі ____________
3. Металдық қасиет ___________
[2]
3. Химиялық элементтің нейтрон санының мәні 12-ге тең. Бұл элемент ядролық реакторларда жылу тасымалдаушы ретінде, органикалық реакцияларда өршіткі, медицинада радиоактивті изотоп күйінде қолданылады. Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементке сипаттама беріңіз.
1. Элементтің атомдық нөмірі __________________________________________
2. Периодтық жүйедегі орны ___________________________________________
3. Атом құрамы _____________________________________________________
4. Элементтен түзілген жай заттың қасиеті _______________________________
[4]
4. Берілген химиялық элементтерді табиғи ұялас топтарына топтастырыңыз және әр топты екі мысалмен толықтырыңыз.
Na, Cl, He, Li, Br, Ne, Rb, I, Kr
Достарыңызбен бөлісу: |