4 -ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Адам ағзасындағы химиялық элементтер»
бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
7.5.1.2 Тағамдық өнімдердің бір қатарын: қант, крахмал, (көмірсулар), нәруыз, майларды білу және анықтай алу
7.5.1.3 Адам ағзасына кіретін элементтерді (О, С, Н, N, Ca, P, K) білу
7.5.1.4 Тыныс алу үдерісін түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Көмірсулар, нәруыздар және майларды сапалық реакциялар нәтижесінде байқалатын өзгеріс арқылы анықтайды
Адам ағзасында кездесетін элементтерді сипаттайды
Тыныс алу үдерісін сипаттайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Органикалық заттарды қарапайым реациялар арқылы анықтауға болады. Кестеде берілген ерітінділер арқылы анықталатын органикалық затты және анықтау принциптерін жазыңыз.
Реагент
Органикалық зат
Байқалатын өзгеріс
Мыс сульфаты және натрий гидроксиді ерітінділері (Биурет реакциясы)
Йодтың спирттегі ерітіндісі
2. Адам ағзасында кездесетін екі элементті атап, олардың маңыздылығын сипаттаңыз.
Көмірсулар, нәруыздар және майларды сапалық реакциялар нәтижесінде байқалатын өзгеріс арқылы анықтайды
1
биурет реакциясының қай органикалық қосылысты анықтайтынын жазады;
1
биурет реакциясы нәтижесінде болатын өзгерісті жазады;
1
йодтың спирттегі ерітіндісінің қай органикалық қосылысты анықтайтынын айтады;
1
органикалық қосылыстың йодпен реакциясы нәтижесінде болатын өзгерісті жазады;
1
Адам ағзасында кездесетін элементтерді сипаттайды
2
адам ағзасында кездесетін екі элементті жазады;
1
екі элементтің маңыздылығын сипаттайды;
1
Тыныс алу процесін сипаттайды
3
тыныс алу үдерісінің реагенттерін жазады;
1
тыныс алу үдерісінің өнімдерін жазады;
1
тыныс алу үдерісінің барысында энергияның өзгеруін сипаттайды.
1
Барлығы
9
«Адам ағзасындағы химиялық элементтер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні __________________________________________
Бағалау критерийі
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Көмірсулар, нәруыздар және майларды сапалық реакциялар нәтижесінде байқалатын өзгеріс арқылы анықтайды
Көмірсулар, нәруыздар және майларды сапалық реакциялар нәтижесінде байқалатын өзгеріс арқылы анықтауда қиналады
Биурет / органикалық қосылыстың йодпен реакциясының нәтижесінде болатын өзгерісті жазуда / анықтайтын органикалық заттың атауын жазуда қателіктер жібереді
Көмірсулар, нәруыздар және майларды сапалық реакциялар нәтижесінде байқалатын өзгеріс арқылы дұрыс анықтайды
Адам ағзасында кездесетін элементтерді сипаттайды
Адам ағзасында кездесетін элементтерді сипаттауда қиналады
Адам ағзасында кездесетін екі элементті жазуда/ маңыздылығын сипаттауда қателіктер жібереді
Адам ағзасында кездесетін элементтерді сипаттайды
Тыныс алу үдерісін сипаттайды
Тыныс алу үдерісін сипаттауда қиналады
Тыныс алу үдерісінің реагенттерін / өнімдерін жазуда/ үдеріс барысында энергияның өзгеруін сипаттауда қателіктер жібереді