Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Химия


-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР



бет2/9
Дата19.09.2023
өлшемі0,74 Mb.
#108626
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
!26-ОШ БЖБ Химия 7-сын қаз

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар»

бөлімі бойынша жиынтық бағалау





Оқу мақсаты

7.4.1.2 Таза заттардың атомдардың немесе молекулалардың бір түрінен түзілетінін білу
7.4.1.3 Элемент (жай зат), қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу
7.4.1.5 Қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін білу



Бағалау критерийі

Білім алушы




Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану



Тапсырма



  1. (а) Таза затты анықтаңыз.

  1. дистилденген су

  2. жемісті шырын

  3. қаймақты сүт

  4. лимонды шай

(b) Таза затқа мысал келтіріңіз.


____________________________________________________________________________________________________________________________________________________



  1. (а) Суреттердің ішінен қайсысы элемент, қосылыс және қоспа екенін көрсетіңіз.


















(b) Жауабыңызды түсіндіріңіз.


____________________________________________________________________________________________________________________________________________________



  1. Даурен химия кабинетінде практикалық жұмысты жүргізуді бастады. Мұғалім Дауренге 4 заттың қоспасы: су + май, темір ұнтағы + құм, су + ас тұзы, су + бор кесегінен тұратын қоспаны бөліп алуды тапсырды. Қоспалардың түрін және бөлу әдісін анықтаңыз. Жауабыңызды кестеге жазыңыз.















А

В

С

D




Қоспа

Қоспаның түрі

Бөлу әдістері

Су + май







Темір үгіндісі + құм







Су + ас тұзы







Су + бор кесегі












Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Таза заттың құрамын анықтайды

1

таза затты белгілейді;

1

таза затқа мысал келтіреді;

1

Элемент, қоспа және қосылысты салыстырады

2

суреттен элементті ажыратады және түсіндірме жазады;

1

суреттен қоспаны ажыратады және түсіндірме жазады;

1

суреттен қосылысты ажыратады және түсіндірме жазады;

1

Қоспалардың түрлерін және бөлу әдістерін атайды

3

су + майдан тұратын қоспа түрін анықтайды;

1

темір ұнтағы + құмнан тұратын қоспа түрін анықтайды;

1

су + ас тұзынан тұратын қоспа түрін анықтайды;

1

су + бор кесегінен тұратын қоспа түрін анықтайды;

1

су + майдан тұратын қоспаны бөлу әдісін анықтайды;

1

темір ұнтағы + құмнан тұратын қоспаны бөлу әдісін анықтайды;

1

су + ас тұзынан тұратын қоспаны бөлу әдісін анықтайды;

1

су + бор кесегінен тұратын қоспаны бөлу әдісін анықтайды.

1

Барлығы

13


«Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар» бөлімі бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика


Білім алушының аты-жөні ___________________________________________



Бағалау критерийі

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Таза заттың құрамын анықтайды

Таза заттарға сипаттама беріп басқа заттардан ажыратып мысалдар келтіргенде қиналады

Таза заттарды ажыратуда / мысал келтіргенде қателіктер жібереді

Таза заттарға сипаттама беріп басқа заттардан ажыратады және мысалдар келтіреді

Элемент, қоспа және қосылысты салыстырады

Элементтер, қоспалар және қосылыстар ұғымдарын ажыратуда қиналады

Суреттен элементті / қоспаны / қосылысты ажыратып жазуда / түсініктемесін жазуда қателіктер жібереді

Элементтер, қоспалар және қосылыстар ұғымдарын дұрыс ажыратады

Қоспалардың түрлерін және бөлу әдістерін атайды

Қоспалардың түрлерін және бөлу әдістерін атауда қиналады

Су + майдан /темір ұнтағы + құмнан /

/ су + ас тұзынан / су + бор кесегінен тұратын қоспалардың түрін анықтауда / бөлу әдістерін түсіндіргенде қателіктер жібереді

Қоспалардың түрлерін және бөлу әдістерін дұрыс атайды

«Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау





Оқу мақсаты

7.1.1.3 Физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату
7.1.1.4 Заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін білу және бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіру
7.1.1.5 Салқындау үдерісін зерттеу, салқындау қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіру



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Физикалық және химиялық құбылыстарды салыстырады

  • Қатты, сұйық және газ тәрізді заттардың құрылысын бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіреді

  • Салқындау үдерісіне анализ жасайды




Ойлау дағдыларының деңгейі



Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма



  1. Төмендегі мысалдарды физикалық және химиялық құбылыстарға жіктеп олардың белгілерін анықтаңыз.




  1. бұлттың түзілуі

  2. ағаштың жануы

  3. айранның ашуы

  4. қыраудың басуы

  5. шаштың ағаруы

  6. қорғасынның балқуы

  7. темірдің тот басуы

Физикалық құбылыс

Физикалық құбылыстың белгісі

Химиялық құбылыс

Химиялық құбылыстың белгісі













  1. Берілген суреттердің бірінде агрегаттық күйі газ тәрізді заттың бөлшектері көрсетілген. Осы суретті анықтап, өз таңдауыңызды бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіріңіз.



Жауап: _____________________________________________________________________

3. (а) Төмендегі ақпаратты қолданып, нафталиннің салқындау қисығының графигін салыңыз.
Уақыт/ мин
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Температура/ оС
90
88
85
83
82
80
80
80
80
80
80
Уақыт/ мин
11
12
13
14
15
16
17
Температура/ оС
79.9
79.8
79.7
78
74

9
66


( b) Қисық графигінде салқындау және кристалдану үрдістерінің бөліктерін белгілеңіз.


___________________________________________
___________________________________________

(с) Салқындау және кристалдану үрдістерін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіріңіз.


______________________________________________________________________________________



Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Физикалық және химиялық құбылыстарды салыстырады

1

физикалық құбылыстарды жіктейді;

1

химиялық құбылыстарды жіктейді;

1

физикалық құбылыстардың белгілерін анықтайды;

1

химиялық құбылыстардың белгілерін анықтайды;

1

Қатты, сұйық және газ тәрізді заттардың құрылысын бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіреді

2

суреттегі газ тәрізді затты анықтайды;

1

өз таңдауын бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіреді;

1

Салқындау үдерісіне анализ жасайды

3

абсцисса және ордината осьтеріне шамаларды енгізеді;

1

бастапқы кристалдану және минималды температура нүктелерін белгілейді;

1

нүктелерді кескін сызықпен байланыстырады;

1

графикте салқындау қисығының бөліктерін анықтайды;

1

графикте кристалдану үрдісінің бөліктерін анықтайды;

1

салқындау үрдісін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіреді;

1

кристалдану үрдісін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіреді.

1

Барлығы

13

«Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі» бөлімі бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет