1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар»
бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
7.4.1.2 Таза заттардың атомдардың немесе молекулалардың бір түрінен түзілетінін білу
7.4.1.3 Элемент (жай зат), қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу
7.4.1.5 Қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін білу
Даурен химия кабинетінде практикалық жұмысты жүргізуді бастады. Мұғалім Дауренге 4 заттың қоспасы: су + май, темір ұнтағы + құм, су + ас тұзы, су + бор кесегінен тұратын қоспаны бөліп алуды тапсырды. Қоспалардың түрін және бөлу әдісін анықтаңыз. Жауабыңызды кестеге жазыңыз.
А
В
С
D
Қоспа
Қоспаның түрі
Бөлу әдістері
Су + май
Темір үгіндісі + құм
Су + ас тұзы
Су + бор кесегі
Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Таза заттың құрамын анықтайды
1
таза затты белгілейді;
1
таза затқа мысал келтіреді;
1
Элемент, қоспа және қосылысты салыстырады
2
суреттен элементті ажыратады және түсіндірме жазады;
1
суреттен қоспаны ажыратады және түсіндірме жазады;
1
суреттен қосылысты ажыратады және түсіндірме жазады;
1
Қоспалардың түрлерін және бөлу әдістерін атайды
3
су + майдан тұратын қоспа түрін анықтайды;
1
темір ұнтағы + құмнан тұратын қоспа түрін анықтайды;
1
су + ас тұзынан тұратын қоспа түрін анықтайды;
1
су + бор кесегінен тұратын қоспа түрін анықтайды;
1
су + майдан тұратын қоспаны бөлу әдісін анықтайды;
1
темір ұнтағы + құмнан тұратын қоспаны бөлу әдісін анықтайды;
1
су + ас тұзынан тұратын қоспаны бөлу әдісін анықтайды;
1
су + бор кесегінен тұратын қоспаны бөлу әдісін анықтайды.
1
Барлығы
13
«Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийі
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Таза заттың құрамын анықтайды
Таза заттарға сипаттама беріп басқа заттардан ажыратып мысалдар келтіргенде қиналады
Таза заттарды ажыратуда / мысал келтіргенде қателіктер жібереді
Таза заттарға сипаттама беріп басқа заттардан ажыратады және мысалдар келтіреді
Элемент, қоспа және қосылысты салыстырады
Элементтер, қоспалар және қосылыстар ұғымдарын ажыратуда қиналады
Элементтер, қоспалар және қосылыстар ұғымдарын дұрыс ажыратады
Қоспалардың түрлерін және бөлу әдістерін атайды
Қоспалардың түрлерін және бөлу әдістерін атауда қиналады
Су + майдан /темір ұнтағы + құмнан /
/ су + ас тұзынан / су + бор кесегінен тұратын қоспалардың түрін анықтауда / бөлу әдістерін түсіндіргенде қателіктер жібереді
Қоспалардың түрлерін және бөлу әдістерін дұрыс атайды
«Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
7.1.1.3 Физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату
7.1.1.4 Заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін білу және бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіру
7.1.1.5 Салқындау үдерісін зерттеу, салқындау қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Физикалық және химиялық құбылыстарды салыстырады
Қатты, сұйық және газ тәрізді заттардың құрылысын бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіреді
Салқындау үдерісіне анализ жасайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Төмендегі мысалдарды физикалық және химиялық құбылыстарға жіктеп олардың белгілерін анықтаңыз.
бұлттың түзілуі
ағаштың жануы
айранның ашуы
қыраудың басуы
шаштың ағаруы
қорғасынның балқуы
темірдің тот басуы
Физикалық құбылыс
Физикалық құбылыстың белгісі
Химиялық құбылыс
Химиялық құбылыстың белгісі
Берілген суреттердің бірінде агрегаттық күйі газ тәрізді заттың бөлшектері көрсетілген. Осы суретті анықтап, өз таңдауыңызды бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіріңіз.