Тыңдалым
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Мен мектепке келдім. Бүгін бізде бес сабақ болады. Бірінші сабақ - ағылшын тілі. Бұл сабақта біз ағылшынша сөздерді оқып, сөйлемдер құрастырамыз. Топта қызықты сұрақтар қоямыз. Дәптерге сөйлемдер жазамыз. Ағылшын тілі - менің сүйікті пәнім. Маған қазақ тілі және орыс тілі пәндері де ұнайды.
Көп тіл білген жақсы! Ол жақсы сөйлеуге көмектеседі. Мен бұл пәндерді сүйіп оқимын.
1) Мәтінде қай пән туралы айтылмайды?
А) қазақ тілі
В) орыс тілі
С) неміс тілі
D) ағылшын тілі
2) Балаға не ұнайды?
А) тілдерді үйрену
В) есеп шығару
С) сөздер жазу
D) сурет салу
3) Мәтінге сәйкес келетін 2 суретті тауып, белгіле ().
|