Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар



бет8/24
Дата02.12.2023
өлшемі3,8 Mb.
#132709
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Байланысты:
2 класс сор и соч

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

В)

1






1



1

Барлығы

3



Айтылым



  1. Досыңмен сұхбаттас. Досыңның отбасы бос уақытты қалай өткізеді? Досыңа сұрақ қой. Оның сұрағына жауап бер.

[4]



Балл қою кестесі



Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

2

Білім алушының ықтимал жауабы:
- Сенің отбасыңда неше адам бар?
- Менің отбасымда ....
- Сендер бос уақыттарыңды қалай өткізесіңдер?
- Біз бос уақытымызда ...
- Сен бос уақытыңда не істейсің?
- Мен бос уақытымда ...

1


Тақырыпқа сәйкес болатын баламалы диалог қабылданады.
Сұхбаттасына тақырыпқа сәйкес сұрақ қояды;

1

Сұхбаттасының сұрағына жауап береді.

1

Сөздер мен сөйлемдерді мағынасына сәйкес, орынды қолданады.

1

Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

Барлығы

4






Оқылым

  1. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

Менің атым – Нұрлан. Менің тамағым ауырды. Мен мектепке бара алмадым. Кешке үйге Қайрат пен Айжан келді. Олар маған өткен сабақты түсіндірді. Қайрат есеп шығаруды үйретті. Біз ертегі оқыдық. Уақытты жақсы өткіздік. Мен қатты қуандым.
Менің достарым – өте жақсы балалар.



1) Нұрлан мектепке неге бармады?


А) ойнап жүрді
В) ауылға кетті
С) ауырып қалды
D) ұйықтап қалды
[1]
2) Достары Нұрланға қалай көмектесті?
А) сабақ түсіндірді
В) емханаға апарды
С) дәрі сатып әкелді
D) бөлмесін жинады
[1]
3) Мәтін бойынша 1 сұрақ құрастыр және сұраққа толық жауап жаз.


Сұрақ: ____________________________________________________________________
Жауап: ____________________________________________________________________
[2]

Балл қою кестесі

Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

3

С)

1




А)

1

Білім алушының ықтимал жауабы:
Сұрақ: Нұрланға кімдер келді?/Балалар Нұрланға нені түсіндірді/...

1


Мәтіннің мазмұнына сәйкес баламалы сұрақтар мен жауаптар қабылданады.



Жауап: Нұрланға Қайрат пен Айжан келді/ Нұрланға достары келді/...

1

Барлығы

4






Жазылым



  1. Суретке мұқият қара. Суреттен кестедегі сұрақтарға жауап беретін сөздерді тап. Кестенің әр бөлігіне 1 сөз жаз.







Кім?

Қандай?

Неше?

Не істеді?











[4]



Балл қою кестесі



Тапсырма №

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

4


Балалар / қыз / бала / ұл / қыздар

1

Суретке қатысты баламалы жауап нұсқалары қабылданады.

Көңілді / әдемі / кішкентай / сүйкімді қызыл / көк / жасыл / қоңыр / ақ / ала

1

Бір / екі / үш / бес / он

1

Ойнады / секірді / қарады / лақтырды

1

Барлығы

4






5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

6. Модерация және балл қою


Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет