Оқылым
2.
Мәтінді түсініп оқы. Мәтін бойынша кестені толтыр.
Қаланың орналасқан жері
Халқының кәсібі
Тарихы
•
Отырар қаласына басқалардың назары неліктен көп түсетін?
_____________________________________________________________________
•
Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.
_____________________________________________________________________
[5]
Көне Отырар
Отырар – Арыс өзенінің оң жақ жиегінде орналасқан көне қала. Көне Отырар
арқылы көшпенді қазақтар саудамен шұғылданып, отырықшылықпен танысып, басқа
халықтармен қатынаса бастады. Отырар тұрғындары күріш, тары, бидай, мақта, жүзім
өсірумен шұғылданды. Қалада жақсы су жүйесі болған.
Отырар қаласы сауда жолдарының ортасында тұрғандықтан оған басқалардың
назары көп түскен. Отырарды Қайырхан басқарған әскерлер алты ай бойы
моңғолдардан қорғаған. Басып алғаннан кейін жаулар қаланы түгел өртеп жіберген.
Қазір Отырар қаласының орны ғана бар.
26
|