4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Әдебиеттік оқу» пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
Тапсырма
1.
Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
•
Жолаушылардың бұлақ туралы айтқан пікірлерін тауып, сәйкестендір.
•
Сен қай жолаушының пікіріне қосыласың? Неліктен? Мақал-мәтелдерді, көркем
сөздерді қолданып, өз ойыңды айт.
[6]
Бір бұлақтың басында үш жолаушы кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан,
суы мұздай салқын, таза екен. Бұлақтың басында жатқан үлкен таста:
–
«Ей, жолаушы, болсаң осы таза бұлақтай бол!», - деген жазу бар екен.
Жолаушылар бұлақтан су ішеді. Сонда тастағы жазуға көзі түскен бір жолаушы:
–
Бұл бұлақ күні-түні тынбай ағады. Бара-бара оған басқа бұлақтар қосылып, үлкен өзен
болады. Бұл жазуды сен де ешқашан жалқауланып, тоқталып қалма, сонда мұратыңа
жетесің дегені деп түсінемін, – дейді.
Екінші жолаушы тұрып:
–
Бұл бұлақ кімді болса да ыстықтағанда салқындатып, рақаттандырады. Сусағанның
шөлін қандырады. Онысы үшін ешкімнен ақы дәметпейді. Олай болса, бұл «біреуге
жақсылық етсең, оны ешкімге міндет етпе» дегені болар, – дейді.
Жолаушының үшіншісі – жас жігіт үндемей тұрады. Жолдастары: «Сен не
ойлайсың?» - деп сұрайды.
–
Меніңше, адамдар бұл бұлаққа күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін ынтық
болады. Ал тастағы жазуды: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта дегені деп
түсінемін,- деп жауап беріпті.
Ешқашан жалқауланып, тоқтап қалма. Сонда
мұратыңа жетесің.
Көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта.
Біреуге жақсылық етсең, оны ешкімге міндет
етпе.
Бірінші жолаушы
Үшінші жолаушы
49