«Жыл оқушысы» конкурсына қатысушының Портфолиосы құрылымы.
1 бөлім.
Конкурсқа қатысушының сауалнамасы (№1 Қосымша);
Конкурсқа қатысушының фотосуреті (көркем фотосуреттің электронды нұсқасы міндетті түрде қажет);
Осы үміткерді конкурсқа қатысу үшін мәлімдеген білім мекемесі әкімшілігінің ұсыныс-сипаттамасы;
Өткен оқу жылындағы және қазіргі оқу жылының бірінші, екінші және үшінші тоқсандарының қорытынды бағалары бар үзінді көшірме;
Қатысушының эссе-шығарма түріндегі өмірбаяны (еркін нысан).
Конкурсқа қатысушының білім, шығармашылық және спорттық жетістіктерін растайтын дипломдар, грамоталар, сертификаттар. Курстарды, музыкалық, көркемөнер, спорттық мектептерді және т.б. бітіргені туралы құжаттар.
2 бөлім.
Конкурсқа қатысушының шығармашылық, зерттеулік, жобалық жұмыстарына ғылыми жетекшілердің пікірлері, рецензиялары;
Пән мұғалімдерінің, қосымша білім беру мұғалімдерінің, спорттық жаттықтырушылардың конкурсқа қатысушы туралы пікірлері;
Сыныптастардың пікірлері.
Конкурсқа қатысушының Портфолиосын бағалау критерийлері екі бөлікке бөлінеді.
Зияткерлік және пәндік конкурстардағы, олимпиадалардағы, ғылыми жарыстардаға, марафондардаға, ғылыми-тәжірибелік конференциялардағы жеңістер (1, 2, 3 орын).
Шығармашылық конкурстар мен жарыстардағы (билер, ән айту, бейнелеу шығармашылығы, театр және т.б.) жеңістер (1, 2, 3 орын);
Спорттық конкурстар мен жарыстардағы (спорттың және спорттық жарыстардың барлық түрлері) жеңістер (1, 2, 3 орын);
Конкурстарға, олимпиадаларға, конференцияларға, жарыстарға және т.б. қатысу балмен бағаланады (кестені қараңыз), бірақ міндетті түрде қатысушының сертификатымен расталуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |