Жыл санап жайнап, көркейіп келе жатқан Астана еліміз бен Елбасының қуанышына


Құралбек  Ордабаев  –  қазақ  футболының  ардагері,  әйгілі



Pdf көрінісі
бет12/32
Дата11.01.2017
өлшемі14,7 Mb.
#1622
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32

44
Құралбек  Ордабаев  –  қазақ  футболының  ардагері,  әйгілі 
қақпашы. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы. КСРО 
спорт  шебері.  Өткен  ғасырдың  70-  жылдары  «Қайрат»  футбол 
командасының  сапына қабылданып, аталмыш клубтың қақпасын 
12 жыл (1971-1982)  қорғаған азамат. Әсіресе, 11 метрлік айып добын 
қайтаруда одан асқан шебер болмаған. Кезінде КСРО құрамасының 
белді  футболшысы  және  киевтік  «Динамоның»  шабуылшысы, 
«Алтын доп» иегері, КСРО чемпионатында 211 гол соққан атақты 
Олег  Блохинның  өзі  біздің  Құралбек  ағамыз  жайлы  былай  деген 
екен:  «Менің «Спартак», «Торпедо» тағы басқа командаларға соққан 
добым  есімде.  Бірақ,  маған  «Қайратқа»  гол  соғу  өте  ауыр  болды. 
Өйткені, ол командасының қақпашысы Ордабаевтан өте алмадым, 
Құралбек пенальти қайтарудың асқан шебері еді».
Міне, біздің Құрекеңді мықтылардың өзі мойындаған. Сол сияқты 
кезінде Одақ көлеміне тарайтын, үлкен беделге ие «Спорт» газетінің 
1973 жылғы сәуір айының 24 күнгі санында қазақ қақпашысы Құралбек 
жайлы: «...алматылық «Қайраттың» қақпашысы Құралбек Ордабаев 
биылғы көктемнің өзінде командасын пенальтиден төрт рет жеңіске 
жеткізді.    «Пахтакор»  және  тбилисилік  «Динамомен»  кездесулерде 
ерекше көзге түсті. Әсіресе, Мәскеулік «торпедошылармен» болған 
ойында  екі дүркін 11 метрлік соққыны қақпасына дарытпады» деп 
жазыпты. Яки, бір маусымда (1973 жылы) 16 пенальтиді қайтарып, 
КСРО чемпионатында «пенальти қайтарудың хас шебері» деп атанған 
Құралбекті Одақ жанкүйерлері толық мойындады.
Құралбек  Ордабаевпен  бірге  ойнаған  футболшылар  да  оның 
пенальтиден  бөлек,  ойын  кезінде  «тоғыздыққа»  көзделген  допты 
қалай  қағып  жіберетінін  тамсана  айтады.  Кезінде  Құрекеңмен 
бірге бір команда да доп ойнаған Сейілда Байшақов ағамыз:  «Одақ 
біріншілігінде тең түскен екі команда жеңімпазды пенальти арқылы 
анықтайтын  заман  болды.  Сондай  сәттерде  біз  Ордабаевқа  сенім 
артамыз. Ол бізге үнемі жеңіс сыйлайтын. Тіпті, қарсыластарымызбен 
тең  түскен  жағдайда,  Құралбекке  сеніп,  алдын  ала  жеңіске 
жететінімізді біліп отырушы едік. КСРО­ның атақты шабуылшылары 
біздің қақпаға доп дарыта алмай пұшайман болған сәттерін талай рет 
көрдім» дейді. 
Сонымен...  қазақ  футболының  шежіресін  парақтасақ,  Құралбек 
Ордабаев «Қайрат» қақпасын 185 рет қорғаған екен. Ол «Қайратқа» 
алғаш  келген  1971  жылы  Халықаралық  теміржолшылар  одағының 
кубогын  жеңіп  алды.  Бұл  жеңіс  «Қайрат»  клубының  тарихында  ең 
жоғарғы жетістік ретінде бағалануда. Қазіргі таңда Алматыдағы №4 
олимпиадалық резерв спорт мектебінің директоры қызметін абыройлы 
атқарып жүрген әйгілі қақпашыға жолығып сұхбаттасқан едік: 
- Құралбек Досжанұлы футболға қалай тап болдыңыз һәм аяқ 
добына деген құштарлық сіздің бала кезіңізден пайда болды ма?
­ Мен 1949 жылы 6 тамыз күні туған екемін. Үйміміз Шымкент 
қаласының шетінде тұрды. Бір отбасында екі қыз, төрт ұл болдық. 
Кешке өрістен мал қайтатын кезде көшенің балалары жиналып алып 
футбол ойнаймыз. Әр көшенің өз командасы бар. Сырт киімдерімізді 
шешіп екі бөлек үйіп, жерқақпа жасаймыз да, доп тебеміз. Қасымызда 
«Қошқар ата» өзені ағып жатады. Ойыншылардың көбі менен үлкен 
ересек балалар еді. Олар өздері жүгіріп, тер шығару үшін кішкентай 
мені  қақпаға  тұрғызады.  Алда­жалда  қақпаға  доп  жіберіп  алсам, 
ағаларым  аямай    жазалайды.    Үлкендерден  қорқып  қақпаға  доп 
жібермеу үшін жанымды саламын. Менің болашақ қақпашы болуым 
осылай басталды. Ол кезде 12 жастағы бала едім... 
Мал  аяғы  ауыл  шетіне  іліккенде  допты  тастай  салып  малға 
жүгіреміз.  Кейде  доптың  қызығына  батып,  қара  терге  түсіп 
жүргенде  біздің  үйдің  сиырлары  мені  күтпей  өздері  үйге  мөңіреп 
барып қалады. Ондай кезде  әкейден ұрыс естіп, сөгіс аламын. Әкей 
жарықтық «доп ойнаған тозады, асық ойнаған азады» деп менің доп 
тепкенімді қаламады. Мені доп ойнаудан тиып, бақылауға алу үлкен 
апама  тапсырылғандықтан  ол  кісі  төргі  бөлмеге  қамап,  өзі  есіктің 
аузында ұршығын иіріп, жіп есіп отыратын. Бәрібір сыртқы терезенің 
жақтауын ашып қашып кете беруші едім...
- Алғаш рет кәсіби футболға қалай қадам бастыңыз? 
­  Көшенің  жабайы  футболынан  қанаттанған  соң  кешікпей 
мектепішілік  жарыстарға  қатыса  бастадым.  Одан  мектепаралық 
жарыстарға  шықтым.  Ол  заманда  футболдан  әртүрлі  деңгейдегі 
жарыстар өте көп ұйымдастырылатын. Сөйтіп жүргенде 1968 жылы 
Шымкенттегі «Металлург» клубы шақырды. Менің кәсіби футболға 
бет бұруым осы кезден басталды. Одақ чемпионатының «Б» класында 
өнер көрсететін «Металлург» клубы көршілес Өзбекстан, Тәжікстан 
республикалары және өзіміздің Жамбыл, Қызылорда облыстарының 
командаларымен өзара біріншілік ұйымдастыратын. 
«Металлург» спорт клубының жаттықтырушысы Виктор Пляцунов 
дейтін адам еді. Осы кісі бірден «сенің қақпашы болуға икемің бар» 
деп бағыт сілтеді. Осы бапкердің көмегiмен қақпашысы болу үшін тұп­
тура бір жылымды сарп еттім. Нәтиже жаман болған  жоқ.  Екі жылдың 
ішінде әжептәуір қақпашы болып қалыптастым. 1970 жылдың қараша 
айында мені өзбекстандық «Пахтакор» футбол клубы негізгі құрамына 
шақырды. Шынымды айтсам,  «Пахтакорға» барғым келді. Өйткені, 
Ташкент елге жақын, барып­келуге қолайлы­тын. 
Кешікпей  алматылық  «Қайрат»  футбол  клубынан  да  шақырту 
келді.  Тіпті  сол  кездегі  қазақ  спортының  қайраткер­басшысы 
Қаркен Ахметов ағамыздың өзі іздеп келді. Бірақ мен Өзбекстанға 
бүйрегім  бұрып  тұрғанын  айтым.  Сонымен  нақты  төрешілік  айту 
әкейге жүктелді. Әкей болса: «Қазақтың баласы өзбек командасында 
ойнамайды» деп шорт кесті.  Ақыры, 1971 жылы алматылық даңқты 
команданың сапынан табылдым.  
-  Сіз  «Қайраттың»  құрамына  қабылданған  1971  жылы 
аталмыш  клуб  өз  тарихында  тұңғыш  рет  халықаралық 
«Теміржолшылар  кубогын»  жеңіп  алды.  Осы  жарыстың  басы-
қасында  болдыңыз.  Ендеше  кубок  иегері  атанған  сәттегі  ойын 
өрнектерін тағы бір еске түсіріп, әңгімелеп берсеңіз?
­ Өзіңіз атап өткендей «Қайрат» футбол командасының ең жоғары 
жетістігі 1971 жылы халықаралық «Теміржолшылар кубогын» жеңіп 
алғаны.  Бұл  «Қайрат»  футбол  клубының  тарихындағы  ең  жоғарғы 
жетістік.  Біз  алғашқы  ойында  Чехословакияның  «Локомотив» 
командасын  өз  алаңымызда  4:1,  сыртта  1:0  есебімен  жеңдік.  Екі 
ойында да менің әріптесім Виктор Шведков «Қайраттың» қақпасын 
күзетті.  Келесі  айналымда  Болгарияның  «Славия»  командасынан 
1:3 есебімен жеңіліс таптық. Осы оқиғадан кейін бапкерлер қарымта 
кездесуде  қақпаға  мені  қоюды  шешіпті.  Менің  үлкен  футболдағы 
карьерам  осыдан  басталды.  Қарымта  кездесуде  біз  болгарларды 
3:0  есебімен  жеңдік.  Футболшылар:  Евгений  Пиуновский,  Юрий 
Севидов, Владислав Маркин бір­бір голдан соқты. 
Финалдық  кездесу  тіпті  қиынға  түсті.  Қарсыласымыз  анау­
мынау  емес,  Румынияның  азулы  «Рапид»  командасы  еді.  Ойын 
басталмай  жатып,  көптеген  футбол  мамандары  жеңісті  алдын  ала 
румындықтардың қолына ұстатып қойды. Ол да мүмкін еді, өйткені 
«Қайрат» атты команданың бар­жоғын ешкім білмейтін. Алайда, біз 
намысқа  тырысып,  сыртта  1:1  есебімен  тең  ойнап,  Алматыда  1:0 
есебімен басым түстіп, кубокты жеңіп алдық. Осы тарихи жеңістен 
кейін, біздің бәрімізге «КСРО спорт шебері» деген атақ берді. 
-  Құралбек  аға,  сіз  1973  жылы  бір  маусымда  қатарынан  16 
пенальтидің добын қайтарып, КСРО чемпионатында «пенальти 
қайтарудың хас шебері» деп атанған екенсіз. Осы оқиға жайлы не 
айтар едіңіз?
­ 1973 жылы КСРО футбол тарихында «тең ойын болдырмау» 
туралы  ереже  қабылданды  да,  оны  11  метрлік  пенальти  арқылы 
шешуді енгізді. Осы жылы мен тең ойын болған сәттерден 11 метрлік 
пенальтиден 16 допты қайтардым. Әсіресе есімде қалғаны: Мәскеуде 
жергілікті «Динома­Мәскеу» командасымен ойнадық.  Осы команда 
құрамында  танымал  футболшы  кейін  КСРО  құрамсы  сапында 
ойнаған  Евгений  Пиуновский  дейтін  ойыншы  бар­тын.  Сол  күні 
қазақ футболының жарық жұлдызы

45
Евгенийдің туған күні екен. Тағы да ойын нәтижесі теңескендіктен 
11  метрлік  пенальти  тебетін  оқиға  орын  алды.  Мәскеуліктер 
Пиуновскийдің туған күнінің құрметіне оған алғашқы доптың кезегін 
ұсынды. Мәскеулік ойыншы 11 метрде тұрған допты шірене тепті. 
Мен оны сарт еткізіп ұстап қалдым. Осы бір доптың арқасында біз 
жеңдік.  Менің «Қақпашы Құралбек» деген атағым аспандап кетті. 
-  Футбол  ойынында  қақпашының  басқа  ойыншылардан 
қандай айырмашылығы бар?
­ Қақпашының басқа футболшылардан айырмашылығы өте көп. 
Өйткені қақпашы допты ұстамаса, ол допты артыңда тұрған қақпа 
ұстайды. Ондай жағдайда қақпашыға ұяттың жүгі артылады. Доптың 
жылдамдығы  130­180  км/сағатқа  дейін  барады.  Енді  осындай  көз 
көрмейтін  жылдамдықпен  ұшып  келе  жатқан  допты  ұстау  үшін 
шеберліктің  өзі  аздық  етеді.  Сезім,  өлшем,  математикалық  есеп, 
жылдамдық  т.б.  өте  көп  тактикалық  ойламдар  қажет.  Алыстан 
ұрылған  топтың  ұшып  келе  жатқан  жылдамдығын  тез  есептеп 
үлгеруің керек де, соған сай жылдамдықты сәйкестендіріп құлауың 
қажет.    Қазір  тек  қақпашыларды  баптайтын  жеке  бапкерлер  бар. 
Біздің кезде ондай жоқ еді. 
- Қазіргі еліміз құрамасы сапында ойнап жүрген қақпашыларға 
көңіліңіз тола ма?
­  Өкінішке  қарай,  төл  чемпионатымызда  өнер  көрсететін 
қақпашыларға көңілім толмайды. Шеберлігіне риза болатын, сүйсінетін 
қақпашы жоқ. Қақпашы мүлде жоқ емес, бар. Бірақ жоғары деңгейдегі 
қақпашы жоққа тән. Қақпашы артындағы қақпаны сезе білуі керек. Ал, 
біздегі қақпашылар қақпадан сәл ұзап шығып кетсе, алақтап қақпаны 
іздей  бастайды.  Қарсыластары  бұрыштама  добын,  айып  добын 
орындаған кезде, сондай­ақ ойын барысында қақпадан сәл алға қарай 
шығып кетсе, артына бұрылып әлек болады. Ойынның одан әрі өрбуіне 
қарау жайында қалады. Ал, қақпашы деген қақпаны сезе білуі керек, 
қорғаныстағы әріптестерін үйлестіре білуі керек. Ойынды оқып тұруы 
керек. Айналасындағы қорғаушыларына нұсқау беріп, қауіптің алдын 
алуы керек. Бір сөзбен айтқанда, стратег болуы қажет...
-  Қазіргі  футбол  мен  сіздердің  кездегі  футболдың  қандай 
айырмашылығы бар?
­  Біздің  кездегі  футбол  дегеніміз  –  жетпісінші  жылдардың 
ойындары  болып  есептеледі.  Ол  заманда  футболшылар  және 
олардың  бапкерлері,  сондай­ақ  футболдың  маңында  жүрген 
басшы­қосшылардың  барлығы  білім  мен  ғылымға,  одан  қалды 
жаңашылдыққа  өте­мөте  мән  беруші  еді.  Сондықтанда  болар, 
күнделікті газет­журналдарды үзбей оқитын едік, футбол әлеміндегі 
үздік үлгілерді естіп­біліп сіңіріп алуға тырысатынбыз. 
Осы  орайда  сіздің  қойған  сұрағыңызға  қатысты  айтарым, 
біздің  кездегі  футболдың  қазіргіден  бірінші  ерекшелігі:  жетпісінші 
жылдары  Алматы  қаласындағы  орталық  стадионда  «Қайрат» 
ойнаған кезде  көрермендер лық толып отыратын. Отыз мың адамдық 
алып  стадионда  бос  орын  болмайтын.  Әрі  олар  өз  командасына 
шынайы  жанашырлық  танытып,  ықылыс  білдіретін.    Ойыншылар 
жанкүйерлердің  осындай  ықыласынан  күш­қуат  алатын.  Соның 
себебі шығар «Қайрат» өз алаңында өте сирек ұтылатын. Тіпті мен 
ойнап жүрген кездерде өз үйімізде ұтылаған сәт болған жоқ. 
Екінші ерекшелік: біздің кезде намысшылдық дейтін ұғым жоғары 
болды. Кеңес заманын қанша жаман десек те, оның идеологиялық 
жұмысынын үйренетін дүние көп. Біздің ойынға партия, комсомол 
жастар ұйымы қатты мән беретін. Әрбір ойынды келіп көріп, оған 
баға  беретін.  Футболшыларға  ойын  алдында  елге  беделді  партия 
қызметкерлері келіп ақыл айтып, жігер сыйлайтын.  
Үшінші ерекшелік: біздің кезде футболшылар мен жанкүйерлер 
арасында  кездесулер  өтіп  тұратын.  Осындай  қауышулар  үстінде 
ескертулер айтылатын, біз сын­ескертпелерден қортынды шығаруға 
тырысатынбыз. 
- Кіммен кездесуші едіңіздер? 
­  Алматыда  жұмыс  істеп  тұрған  зауыт­фабрикалар,  жеңіл 
өнеркәсіп­комбинаттар  көп  болатын.  Осы  өндіріс  орындарының 
жұмысшы қауымымен жүздесетінбіз. Кездесуден соң олар түгелдей 
келіп, біздің ойынды тамашалап қызу қолдау көрсететін. Одан кейін 
аптасына бір рет міндетті түрде театрға барушы едік. Концерт немесе 
спектакль көретінбіз. Қазір осылардың бірде­бірі жоқ. Болған күннің 
өзінде баянды емес...
-  Сонымен  қысқасы,  біздің  қазіргі  футболға  нақты  не 
жетпейді?
­ Әлем футболының шеберлік деңгейі күн санап емес, сәт санап 
өсіп барады. Олар «Қазақстанның футболы қалып қойған екен, күте 
тұрайық» демейді. Біздің футболға не жетіспейді дегенге өз басым 
намыс жетіспейді деген болар едім. Қазіргі футболшылар үшін елдік, 
ұлттық  ұғымнан  көрі  ақша  бірінші  орында.  Олар  ақша  бермесең 
доп теппейді. Біздің кезде осындай ұғым болған жоқ. Алған азын­
аулақ жалақымыз күнкөрісімізге жететін. Қазіргілерге не берсең де 
жетпейді, әрі қашан көрсеңіз көңілдері толмай ренжіп жүреді. 
Мысалы, «Ордабасы» командасында өсіп­жетілген Бекбаев деген 
қақпашыны  білемін.  Ол  бала  жақсы  қақпашы  ретінде  танылды. 
Тіпті ұлттық құрамаға алынды. Кешікпей Қостанайдың «Тобылына» 
ауысты. Неге? Өйткені, олар артық ақша төледі. Қазіргі жігіттер ақша 
үшін  өзін  өсірген­жетілдірген  командасын  тастап  жүре  берді.  Бұл 
бір ғана мысал. Менің айтайын дегенім, қазіргі жігіттер бір жерде 
тұрақтап, еңбек етіп шеберлігін шыңдамайды, «қайда ақша көп» деп 
алаңдап тұрады. Сондықтанда олардың шеберлігі тұрақсыз. 
Одан  соң  сырттан  келген  бапкерлер  біздің  футболға  жаны 
ашымайды. Олар да сменалық әдіспен ақша жасау үшін келеді. Кәсіби 
футболда    тіл  мәселесі  деген  ұғым  бар.  Ал,  бапкерлер  аудармашы 
арқылы жұмыс жасайды. Ол мүлдем қате. Футболға жанды тіл керек. 
Бапкер біреуді алдауы керек, біреуге ұрысқан ұнайды, екінші біреудің 
жанды жеріне сөзбен әсер ету керек. Осындай нәзік дүниелерді тіл 
білмейтін  бапкер  қалай  іске  асырмақ.  Бапкер  деген  тілмар­шешен, 
психолог­ұстаз  болуы  керек.  Біздің  командаларды  жаттықтырып 
жүрген шетелдік бапкерлердің бәрі бір елден келген, сөйте тұра бірін­
бірі танымайды. Сонда біз кімдерді алып келіп жүрміз. Мысалы өз 
басым  Қазақстандағы  барлық  футболшыларды,  бапкерлерді  жатқа 
білемін.  Кімнің  деңгейі  қандай,  жұмыс  сапасы  нендей  көкейімде 
сайрап тұр. Үнемі анализ жасап отырамын
-  Түсінікті...  қазіргі  футболды  дамыту  үшін  не  істеу  керек 
сонда?
­  Футболды  дамыту  үшін  ішкі  чемпионаттың  деңгейін  көтеру 
керек. Ол үшін легионерлерге шектеу қоймасақ жергілікті ойыншылар 
өспейді.  Біздің премьер лигада 12 команда ойнайды. Оның 12 бапкері 
бар. Жаман болсын, жақсы болсын осылардың басып қосып семинар­
кеңес  өткізіп  тұру  қажет.  Оларды  тыңдауымыз  керек,  ойларын 
білуіміз керек. Осының бәрін жинақтап ұлттық құраманың бапкері 
бағдарлама жасап, ғылыми негізде жұмысты жүйелесін.  
Қазір әркім әр жерде шашырып жүр. Қысқасы бізде футболды 
ұйымдастыру шарасы әлі толық жүйеленбеген. Тағы бір оғаш дүние 
қазір футбол алаңында доп теуіп жүрген қазақ жігіттері сәл жетістікке 
жетсе,    мастанып,  кеуде  көтеріп  шыға  келетін  ауруға  шалдықты. 
Кезінде бізді де мақтады. Бірақ жұлдыз дертіне шалдыққан жоқпыз. 
Мысалы, Жамбыл Көкеев деген жігітті білесіздер ағылшындармен 
болған ойында гол соқты. Содан мастанып біраз жүрді де, ұлттық 
құрамадан шеттеп қалды. 
-  Құреке,  біздің  футбол  тоқсаныншы  жылдары  Азия 
құрлығында өнер көрсетті, артынан Еуропа лигасына өтті. Осы 
оқиға жайлы нендей ой айтасыз?
­  Мен  Қазақстан  футбол  федерациясына  басшы  болып  жүрген 
жылдары біздің құрама Азия құрлығында ойнайтын еді және көптеген 
жетістіктерге  қол  жеткізді.  Атап  айтқанда,  1998  жылы  еліміздің 
футболдан жастар құрамасы Азияда үзік шығып, әлем чемпионатына 
қатысты. Ал, 2000 жылы біздің футбол  құрама Гватемалада өткен әлем 
біріншілігіне қатысты. Футболдан қыздар құрамасы Азияда алғашқы 
бестікке кіріп үлгерді. Қысқасы, ептеген нәтиже бар еді. Бірақ қазіргі 
федерациядағылар осының бірінде ескергісі келмейді. Мен оларды да 
түсінемін. Бірақ тарихты сызып тастай алмайсыз, солай емес пе?!
Бірақ  өз  басым  қазақ  футболының  болашағынан  үлкен  үміт 
күтемін.  Еуропадан  үйренетін  нәрсе  өте  көп.  Басқасын  айтпағанда 
бапкерлерімізді  атақты  клубтарға  тәжірие  алмасу  үшін  жібереп, 
оқытып алсақ ұтылмас едік. 
­ 
Болашақ  футболшыларды  Бразилияда  оқып  жатқан 
жоқпыз ба...
­    Ол  дұрыс  шығар.  Бірақ  мынаны  білген  жөн.  Біздің  балалар 
Бразилияда  оқығанымен  «бразилиялық»  болып  өзгермейді.  Мен 
білетін  екі  топ  оқып  келді.  Осылардан  жарқ  етіп  шыққан  бір 
ойыншыны байқамадым. Менің ойымша Бразилияға кеткен ақшаға 
одан  да  аймақтарда  мектеп  ашып,  футбол­интернатын  салу  керек 
еді.  Әрбір  аймаққа  футбол  базасын  салмайынша  футбол  ешқашан 
өркендемейді. 
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ

46
Қазіргі таңда 100 мыңның үстінде тұрғыны бар Моңғол елінің 
батыс өңірінде орналасқан Бай­өлке аймағының өзіндік спорт тарихы 
бар.  Атап  айтқанда,  спорттың  әр  саласынан  7  адам  халықаралық 
дәрежедегі спорт шебері атағын алса, тек альпинизм, яғни тау спорт 
түрінен 18 адам спорт шебері нормасын орындаған екен. 
Жалпы алғанда бұл өлке де басымдыққа ие, яки жақсы дамыған 
спорт түрлеріне: тау спорты, ауыр атлетика және жекпе­жек сайыс 
түрінен  боксты  айтуға  болады.  Бұған  дейін  зілтемір  көтеруден 
Әтімхан Риянұлы дейтін азамат 1973­1983 жылдары аталмыш елдің 
ұлттық  құрамасы  сапында  өнер  көрсетіп,  өз  салмағында  жұлқа 
және  серпи  көтеруден  Моңғолия  рекордын  60  дүркін  жаңартып, 
тарихқа  атын  қалдырса,  сегіз  қазақ  жігіті  осы  зілтемір  көтеруден 
бірнеше дүркін үлкендер арасында Моңғолия чемпионы атағына қол 
жеткізген. 
Ал  бокс  спортының  дамуы  өткен  ғасырдың  70  жылдарынан 
бастау  алып,  50  шақты  қазақ  боксшысы  жасөспірім,  жастар  және 
ересектер  арасында  Моңғол  елінің  біріншіліктерінен  жүлде  алса, 
Бекет Сұрағанұлы дейтін бауырымыз халықаралық дәрежедегі спорт 
шебері атаныпты. 
Жалпы  Бай­өлке  боксына  өткен  90­шы  жылдардың  басында 
дүниеден өткен еңбекқор бапкер Шәрбетхан Қабдырашұлы елеулі 
еңбек сіңіргенін айта кеткен жөн. Шәкең 1975 жылы жастар арасында 
ел  чемпионы  атанып,  ересектер  сапында  спартакиаданың  қола 
жүлдесін иеленген тұлға. Әрі 1979 жылы жастар арасында чемпион 
атанған Қ. Қуанар (60 келі) және Ж.Бақыттардың (67 келі) бапкері 
есебінде. Сол сияқты 1990 жылы тағы да дәл осындай жетістікке 
иек  артқан  К.Бауырбек  С.Нұрлан,  Ж.Бөкенбайлар  да  Шәкеңнің 
еңбегінің  жемісі.  Бұлардан  басқа  Құрметхан  Қашуранұлы  дейтін 
азамат 1985 жылы Моңғолдың құрамасы сапында бокстан 81 келі 
салмақта Бейжіңде өткен ХІ Азия ойындарында өнер көрсетіп, 1987 
жылы төрт жылда бір өтетін Бүкіл халықтық спартакиада жарысына 
қатысты. 
Ал,  қазіргі  кезде  Бай­өлкенің  боксы  қарқынды  даму  үстінде. 
2009 жылы жасөспірімдер арасында өткен ел чемпионатында қазақ 
балалар  2  алтын,  1күміс,  3  қола  медалға  ие  болып,  командалық 
есеппен  2­  орынға  ие  болды.    Бұрын­соңды  Бай­Өлкеліктер 
тарихында  болмаған  оқиға  2010  жылы  жасөспірімдер  арасында 
өткен ел чемпионатында қазақ балалар 3 алтын, 4 қола медалға иелік 
етіп, 22 аймақ құрамасы және он шақты бокс клубтары арасында 
топ жарды. Сонымен қатар 2011 жылғы жастар арасында  1 алтын, 
1күміс,1қола медалға ие болып, командалық есеппен 3­нші орынға 
ие болды. Және де 2012 жылғы жастар арасындағы Моңғолия  елінің 
чемпионатында 3 алтын, 2 қола медалға командалық есеппен 3­нші 
орынға ие болып, үздік бапкер атағына ие болған еді. 2011 жылғы 
балалар арасында 4 жылда бір  рет өтетін спартакиададан   2  алтын 
медалға ие болды
Оның  сыртында,  2011  жылы  Астана  қаласында  өткен 
жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігіне Моңғолия елі атынан 
бір  қазақ  баласының  қатысуы,  2012  жылы  Арменияның  астанасы 
Ереван қаласында өткен жастар арасындағы әлем біріншілігіне екі 
қазақ ұланының бақ сынауы, 2012  жылғы Моңғолия  елінің бүкіл 
халықтық  4 жылда бір  рет өтетін спартакиададан 1 алтын, 2 қола 
медалға  ие  болып,  Төлекұлы  Ерболат  ең  үздік  боксшы  атанумен 
қатар,    Астана  қаласында  өткен  2012  Лондон  олимпиадасынын 
іріктеу сайысына қатысты. Үстіміздегі жылы Шымкент қаласында 
өткен  жасөспірімдер  арасындағы  Азия  біріншілігіне  тағы  бір  жас 
өскін  қазақтың  ат  салысуы  Бай­өлке  боксының  қазіргі  таңдағы 
қолтаңбасы іспеттес. 
Сондай­ақ,  өткен  қыркүйек  айында  Болгарияда  жалауын 
көтерген жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатына Ұлан­
батыр  қаласында  тұратын  Нұржамила  Батырбекқызының  да  өнер 
көрсетуі бай­өлкелік бокс мектебінің жемісі деуге негіз бар. 
Демек,  бұның  бәрі  кездейсоқтық  емес.  Боксқа  жанашыр 
азаматтардың  ынта­ықыласы  және  осы  салаға  қатысты  бапкердің 
тынымсыз  еңбегінің  арқасында  іске  асып  жатқан  дүние.  Біз 
жоғарыдағы  жетістіктердің  авторы  ретінде,  яғни  тынымсыз  тер 
төгіп,  түнде  ұйықтамай,  күндіз  отырмай,  бай­өлкеліктердің  ар­
намысы  үшін,  жанын  жалдап  жүрген  бір  азаматты  білеміз.  Оның 
аты­жөні ­ Қайнар Қайсанайұлы. 
***
Қайнар  Қайсанайұлын  бүгінгі  күні  Бай­өлке  боксының  жүрегі 
десек  жарасады.  Өйткені,  өткен  ғасырдың  90­шы  жылдары 
жабайы  нарықтың  жойдасыз  толқыны  Қобда  бетінде  тыныш 
жатқан  қазақтарды  жан­жаққа  жаңқаша  шашты.  Әркім  басымен 
қайғы. Оның сыртында атамекенге қарай ағылған көш адамдардың 
ойлануына  мұрша  бермеді.  Осындай  алмағайып,  аумалы­төкпелі 
заманда білімнің құны мен спорттың қадірі азайды. 
Дүние  толқып,  жамау  жыртыққа,  жыртық  тыртыққа  айналып, 
жұрттың жүйкесі жұқарған «байтал түгіл бас қайғы» сол бір заманда 
Қайнар  мектеп  қабырғасында  жүрген  бала­тұғын.  Содан  1994 
жылы  14  жасында  достарымен  бірге  бокс  үйірмесіне  барды.  Дәл 
осы  жылы  Қайнардың  әкесі  Қайсанай  Қабдыразақұлы  жеке  кәсіп 
ашып,  онымен  қоймай  тапқан­таянған  болымсыз  қаржысын  бала­
шағасының  аузынан  жырып  спортшыларға  көмектесетін.  Әсіресе, 
жаңадан құрылып нәтиже көрсете бастаған аймақтық таэквондошы 
жастарға қолдау көрсетіп жүрді. 
Әкенің  спортқа  деген  қызығушылығы  жас  Қайнарға  да  әсер 
еткен  болуы  керек  бапкері  Бауырбек  Кәлекұлының  айтқанын  екі 
етпей  орындап,  бокстың  қыр­сырына  қаныға  бастады.  Былғары 
қолғап кигеніне көп уақыт өтпей жатып, яғни 1995 жылы ел астанасы 
Ұлан­батырда  өткен  турнирге  қатысып,  тырнақалды  медалын 
қанжығалады. 
Осылай бау ашып дәніккен шәулі қырандай жас бала қанатын 
қомдап, қиядағыны қырқа шалатын тастүлек қырандай ысыла түсті. 
Келесі, яғни 1996 жылы жастар арасында өткен ел біріншілігінде 63,5 
келі салмақта топ жарды. Кешікпей ересектер сапына өтті. Онда да 
жеңіс тұғырынан түскен жоқ, бұйырған қүміс­қоласын қанжығалап 
қайтып жүрді...
Қысқасы,  Қайнар  Қайсанайұлының  бокстан  маңдайына 
жазылған  жетістігі  спорт  шебері  атанды.  Содан  1997  жылы 
Ұлан­батыр  қаласындағы  Педогогикалық  университеттің  «Дене 
шынықтыру  және  дене  тәрбиесі»  факултетіне  оқуға  қабылданып, 
оны 2001 жылы бітіріп туған жері Бай­өлкеге оралды. 
***
Жоғары білім алып, туған ауылына оралған жас жігіт 2002­ 2008 
жылы өзі жетпеген биікке шәкірттерін жеткізу үшін аймақтық спорт 
мекемесіне бокстан бапкер болып жұмысқа орналасып, осы уақытта  
кешкен  қиындыктарға  мойымай,  қажымай  талмай  шәкірттерін 
тәрбиелеудің  нәтежесінде  біраз  жетістіктерге  қол  жеткізді.  Бокс 
­ ауыр спорт. Бұнда тек талант болудың өзі аздық етеді. Күні­түні 
тынбай тер төгуің керек. Оның бер жағында аймақ тұрғындарының 
осы бір спортқа деген ынта­ықыласы да шамалы. Көбінде дарынды 
балалардың тұрмыстық мүмкіндігі болмай, орта жолдан тастап кетіп 
жатады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет