Жыл санап жайнап, көркейіп келе жатқан Астана еліміз бен Елбасының қуанышына



Pdf көрінісі
бет2/32
Дата11.01.2017
өлшемі14,7 Mb.
#1622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

7
аталған іске өз үлестерін қосуда.
Бесінші  бағыт  энергетикалық  инфра­құрылымдарды 
дамытуды  көздейді.  Солтүстік  өңірдің  шығыс  және 
оңтүстік өңірлерімен байланысын нығайту үшін осы бағыт 
бойынша  «Солтүстік­Шығыс­Оңтүстік  транзиті»  жобасы 
жүзеге асырылуда. 
Алтыншы 
бағыт 
– 
білім 
сала сындағы 
инфрақұрылымдарды жақсартуды қарастырады. 
Мұнан  кейін  телекөпір  арқылы  өңірлермен  байланыс 
жасалынып,  бірқатар  әкімдердің  есептері  тыңдалды. 
Жаңадан  жүзеге  асқан  индустрияландыру  жобалары  іске 
қосылды.
            
Өңірлерді Өрге сүйрер жобалар
 
Телекөпір  аясында  жаңа  индус триялық  және 
инфрақұрылымдық  нысандар  арасында  бірінші  болып, 
Индустрияландыру  күні  аясындағы  телекөпірде  Елбасы 
Нұрсұлтан Назарбаев Теміртаудағы №3­ші домна пешінің 
инновациялық  жабдықталған  жобасы  мен  Өске менде 
кеуекті титан блоктарын қосақтап сығымдайтын теңдессіз 
жобаны іске қосуға рұқсат берді. 
Келесі  кезек,  машина  жасау  саласының  басты 
жаңалығы – шетел инвестициясы арқылы Оң түс тік және 
Солтүстік  Қазақстан  облыстарында  шығарылған  жаңа 
ауыл  шаруашылығы  техни ка сының  өндіріс  орындарына 
келді.  «KAZ  KIOTI»  компаниясы  Оңтүстік  Кореяның 
«Даедонг»  компаниясымен  бірігіп  шығарған  трактор 
егістік жерлер мен мақта теріміне, бау­бақша өсіруге өте 
пайдалы. Өзі шағын болғанмен, өнімді. Бағасы да қымбат 
емес.  Трактор  отандық  нарықтан  басқа  2017  жылдан 
бастап  көрші  елдерге  сатылатын  болып  жоспарланыпты. 
Ал,  «КАЗТЕХМАШ»  машина  жасау  зауыты»  астықты 
өңірлер  үшін  еуропалық  үлгідегі  комбайн  және  басқа 
да  ауылшаруашылық  техникасын  шығарады.  Комбайн 
Ресейдің  шекаралас  аудандарына,  Ауғанстан,  Моңғолия, 
Қытайға  экспортталады.  Енді  Польшаның  PRONAR 
компаниясымен  бірлесіп  шөп  шауып,  жинайтын  машина 
мен тырмауыш құрастыру қолға алынады. 
– Бұл корейлермен бірлескен «KazKioti» компаниясының 
алғашқы өнімі. Жобаға 7 млрд. теңге инвестиция жұмсалды. 
Жылына 5000 дана ауыл шаруашылығы техникасын шығара 
аламыз.  Биыл  600  трактор  шығарамыз  және  400  жұмыс 
орнын  ашамыз.  Біздің  жоба  «Нұрлы  Жол»  бағдарламасы 
аясында құрылып жатқан жаңа индустриялық аймақта сәтті 
жүзеге асырылды, – деді «KAZ KIOTI» ЖШС басқарушы 
директоры  Бахтиер  Маматов.  Оның  сөзін  жалғастырған 
«КАЗТЕХМАШ  машина  жасау  зауыты»  ЖШС  бас 
директоры Сәбит Шәкенов Финляндия және Польша елінен 
келген  серіктестерімен  бірлесіп  жаңа  астық  жинайтын 
техника  зауытын  іске  қосуға  дайын  екендіктерін  білдірді. 
«Қазақстанға жылына 1,5 мың дана жоғары клас ты комбайн 
қажет.  Жобаны  іске  қосу  бұл  қажеттіліктің  төрттен  бірін 
толтырады. Алдағы уақытта Ресейдің шекаралас өңірлеріне 
экспорттаймыз.  2018  жылы  комбайндағы  отандық 
бөлшектер 60 пайызға жетеді», деді ол. 
Олардың  әр  сөзіне  зер  салған  Елбасы:  «Бұл  өте  үлкен 
қуаныш.  Мекеменің  жұмысы  табысты  болсын»,  деп  өз 
рұқсатын  берді.  Шара  барысында  Қостанай  облы сындағы 
жаңа сүт зауыты да іске қосылды. 
Елімізде  жасыл  энергетикаға  өту  үдерісі  басталғалы 
да біршама уақыт өтті. Телекөпірдегі айтулы жаңалықтың 
бірі,  Жамбыл  облысында  Орталық  Азиядағы  ең  ірі  күн 
энергиясының  стансасын  іске  қосу  болды.  Нәтижесінде, 
Оң түстік  аймақтағы  электр  қуатына  тапшылық  жаңа 
жобалар  ар қылы  ойдағыдай  шешілмек.  «Бур ный»  күн 
электр  стансасын  салуға  Германияның  «Ecap  Solushion» 
компаниясы  тартылды.  150  гектардағы  жаңа  стансаның 
қуаттылығы  50  МегаВатт.  Ол  15  мың  үйді  жарықпен 
қамтамасыз  етеді.  Ал,  «Burnoe  Solar­1»  ЖШС­ның  күн 
электр стансасының құны – 23,6 млрд. теңге, жоба қуат­
тылығы  –  50  МВт.  көрінеді.  «Біздің  электр  станса  150 
гектар жерге орналасқан. Ол – Орталық Азиядағы ең ірі 
станса. Күн энергиясының есебінен жылына 73 млн. кВт. 
қуат  өндіруге  қау қар лы.  Біз  бүгін  іске  қосылуға  дайын­
быз»,  деді  «Samruk  Kazyna  United  Green»  ЖШС  бас 
директоры Нұрлан Қапенов. 
Алматы облысында бірінші жартыжылдықта аяқталған 
жаңа өндірістердің айтулысы – «Alu minium of Kazakhstan» 
компаниясы  екен.  Оның  қарауындағы  «Алюминий 
профильдері  зауытының  құрылысы  екі  жыл  бұрын 
басталып,  қазір  табысты  аяқталған.  Зауыт  айы на  1000 
тоннаға дейін өнім өндіреді. 
         
нұрлы жол нәтИжелері 
Сондай­ақ, телекөпір бары сында Мемлекет басшысына 
жаңа  индустрияландыру  аясындағы  теле көпірде  «Нұрлы 
Жол»  бағдар ламасы  тұрғысындағы  инфра құ рылымдық 
нысандардың құрылыс барысы да таныстырылды. 
Индустрияландырумен қатар, елдегі инфрақұрылымдар 
да шара барысында назар аудартты. «Құрметті Нұрсұлтан 
Әбішұлы!  Жолдауыңыз  бойынша  Астана  мен  өңірлерді 
байланыстыратын ұзақтығы 7 мың шақырым 11 автожол 
жобасын  іске  асыру  көзделген.  Автожол  жобаларын 
іске  асыру  барысында  200  мыңға  жуық  адам  жұмыспен 
қамтылады. 2020 жылға дейін қозғалыс қарқындылығы 2,5 
есе өседі. Автомобиль көлігі мен транзит 2 есеге артады. 
Басым  жобалардың  бірі  –  Астана  мен  Алматы  арасын 
Қарағанды,  Балқаш  және  Қапшағай  қалалары  арқылы 
байланыстыратын,  I  санаттағы,  жалпы  ұзындығы  1  282 
шақырымдық «Орталық­Оңтүстік» дәлізі болып табылады. 
Астана мен Алматы арасында жол жүру уақыты 6 сағатқа 
азаяды. Қазір біз «Алматы­Қапшағай» учаскесінде тұрмыз. 
Биыл осы учас ке бойымен бір бағыттағы жол қозғалысын 
ашуды  жоспарлап  отырмыз»,  деді  Инвестициялар  және 
даму 1­ші вице­министрі Жеңіс Қасымбек.
Келесі  сөз  кезегін  алған  Ав томобиль  жолдары 
комитетінің  төра ғасы  Мереке  Пшембаев:  «Құр метті 
Нұрсұлтан  Әбішұлы!  Сіз дің  тапсырмаңыз  бойынша 
«Батыс  Еуропа  –  Батыс  Қытай»  жоба сы  іске  асырылуда. 
Биылғы жыл қорытындысы бойынша Ресей Федерациясы 
шекарасынан Алматы қаласына дейін автомобиль жолын 
толық ашу жоспарлануда» деді.  
Бұлардан  бөлек,  «Қазавтожол»  ҰК»  АҚ  басқарма 
төрағасы  Ермек  Қизатов  «Орталық  –  Батыс»  көлік 
дәлізінің құрылысымен таныс тырды. «Бұл жоба Астананы 
Қазақстанның батыс облыс тары мен сапалы автокөлік жолы 

8
миллиард  доллар  шетелдік  инвестиция  тарты лып,  оның 
жартысы  елді  индус триялық­инновациялық  дамы ту 
бағдарламасына тиесілі бол ғанына назар аударды.
–  Салынып  жатқан  өндірістер  ертең  экономикамызға 
жаңа 
тауарларды 
шығаруға 
мүмкіндік 
береді. 
Қазақстанның  экспорттық  қуатын  ұлғайтатын  болады. 
Елі мізді тауарлармен қамтамасыз етіп, халқымызға жаңа 
жұмыс  орын дарын  береді.  Осынау  қиын­қыстау  кезде 
жүзеге асырып жатқан біздің барлық жобаларымыз ертең 
еліміздің  игілігі  үшін  жұмыс  істейтін  болады,  –  деді 
Елбасы.
Мемлекет басшысы индус трия ландырудың екінші бесжыл­
дығы бұрынғыдан да нақтырақ көрініске ие екенін айтты.
– Басымдығы бар алты сала анықталды, олар – мұнай 
өңдеу  және  металлургия  кешені,  тамақ  және  химия 
өнеркәсібі,  өнер кәсіптік  жабдықтар  және  құрылыс 
материалдары өндірісі. Бәрінің негізінде кластерлік тәжірибе 
жатыр.  Жаңа  бағдарламада  біз  бірінші  бесжылдықтың 
сабақтарын  барынша  ескеріп,  жинақталған  тәжірибені 
қолдануға тырыстық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан  Президенті  бүгінде  өңдеу  өнеркәсібінде 
шетелдік инвесторлардың қатысуымен 22 жаңа жоба жүзеге 
асыруға дайындалып жатқанына атап өтті.
–  Жүйе  құраушы  бірқатар  ірі  жобалар  бойынша  жұмыс 
жүргізілуде.  Мәселен,  «Рено­Ниссан»  альянсымен  бірлесіп, 
толық  циклды  автозауыттың  және  автоқұрамдауыштар 
шығаратын  технопарктің  құрылысы  іске  қосылады. 
Италияның  «Тенарис»  компаниясы  премиум  санатты  құбыр 
өндіретін зауытқа инвес тиция салады. Ағылшындық «Дандо 
Дрилингпен»  бірлесіп,  бұрғылаушы  қондырғылар  өндіретін 
зауыт  іске  қосылады.  Ресейлік  «Еврохим»  минералдық 
тығайтқыштар  өндіруді  жоспар лап  отыр.  Канаданың  «Куду 
Индас триз»  компаниясы  мұнай­газ  саласына  арналған 
винтті­сорғылар өндірісін жолға қоюға ниетті. «Жібек жолы» 
бағдарламасы  бо йынша  ынтымақтастық  аясында  қытайлық 
серіктестермен жобалардың үлкен бір тобы жүзеге асырылуда, 
– деді Мемлекет басшысы. 
Нұрсұлтан 
Назарбаев 
ин дус трияландыруды 
«Қазақстан­2050» 
Стратегиясындағы 
елді 
әлемдегі 
барынша  дамыған  30  мемлекет  қатарына  қосу  жөніндегі 
басты  мақсаттарына  жетуге  бағытталған  бүкіл  мемлекеттік 
саясатының өзегі ретінде атады. 
Қазақстан Президенті жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың 
тиімділігі мен өнімділігін көте ру дің қажеттілігін атап айтты.
Нұрсұлтан  Назарбаев  тамақ  өнеркәсібі,  құрылыс  мате­
риалдарының  өндірісі,  машина  жасау  сияқты  секторларда 
отан дық  бизнесті  дамытып,  бәсекеге  қабілетті  өнім  жасау 
және сыртқы нарықтарға шығу үшін зор әлеует бар екеніне 
назар  аударды.  Осы ған  байланысты  «Бәйтерек»  холдингіне 
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Ұлттық 
чемпиондар» жобасын жүзеге асыру тапсырылды. Сондай­ақ, 
Мемлекет  басшысы  тікелей  елімізбен  байланыстырылатын 
және оның халықаралық аренадағы имиджіне оң ықпал ететін 
өз брендімізді әзірлеудің маңыздылығын айтты.
Қазақстан  Президенті  ықпал дастық  аясында,  әсіресе 
Еура зиялық  экономикалық  одақ  аясында  Ресейдің,  Орталық 
Азияның,  Қытайдың,  Үндістан  мен  Иранның  шекара 
маңындағы  нарықтарына  шығу  үшін  мейлінше  ауқымды 
жұмыстарды бастаған жөн екенін атап өтті.
арқылы  байланыстырады.  Сон дай­ақ,  макроаймақтың 
тұтас  дамуына  ықпал  етіп,  Ресей  нары ғына  отандық 
тауарларды  экспорттау  мүмкіндігін  арттырады.  Аталған 
жоба  Ресейдің  оңтүстіктегі  Астрахань,  Волгоград  және 
Саратов қалаларына шығуға мүмкіндік береді. 
Өткен жылы 1 қазанда Мем лекет басшысы Боржақты – 
Ерсай  теміржол  құрылысын  бас тау ға  рұқсат  етті.  Желінің 
жалпы  ұзындығы  13,9  шақы рым.  Каспийдегі  көлік  қозға­
лы сын қолдауға арналған инфра құ ры лымдық нысан болып 
табылады. Ол қазіргі жұмыс жасап тұрған Маңғышлақ – Өзен 
магистралін Құрық портына қарай қосады. Құрық портында 
қуатты паром кешені жұмысы қарқын алды. Болашақта Құрық 
порты Каспий теңізі секторында мемлекеттік бағдарламаның 
стратегиялық тапсырмаларын орындайды. 
Телекөпірде  Ақтау  портын  сол түстік  бағытқа  кеңейту 
жұмыстары бойынша қосымша үш жағалауды кеңейту, астық 
терминалын  салу,  қосымша  инфрақұрылым  нысандары 
салынатыны  да  айтылды.  Ол  арқылы  порттың  өткізу 
мүмкіндігін жылына 3 миллион тоннаға арттырады. Астық пен 
бас ты жүктер, контейнерлік жүктер тасылады. Терминалдың 
аумағы 22 гектар. Онда 700 адамға жұмыс орны ашылды. 
Мұнымен  бірге  Астанада  көліктік­логистикалық 
орталық құрылады. Бұл құры лыс, Қазақстанның көліктік­
логис ти калық құрылымын дамыту мақсатында басталған 
жоба. Он да жүк тасымалдаудың кешенді қыз меті, көліктік­
логистикалық орта лық тар желісі бірыңғай атқары лады. Ол 
жалпы  қалыпты  темпе рату раны  сақтайтын  қойма,  сауда­
дистрибуциялық орта лық, контейнер алаңы жұмыс істей­
ді. Атал мыш орталық аймақ тардың терми налдық шешім­
деріне жа уап береді.
Шараның соңын ала, шағын және орта бизнес пен арнайы 
экономикалық  аймақтарға  да  кезек  келді.  Қазіргі  таңда 
еліміздің бірқатар өңірлерінде арнайы экономикалық аймақтар 
құрылып жатқаны мәлім. Соның бірі Ақтөбеде ашылды. 
Ал  «Оңтүстік»  индустриялық  аймағының  басқарушы 
компания сы»  ЖШС  бас  директоры  Мұх тар  Тұрабеков 
Оңтүстік  Қазақ стандағы  аймақтардың  жұмы сы  жөнінде 
баяндады.  «Аса  құр метті  Елбасы!  Сіздің  тапсыр маңызбен 
бес  жыл  бұрын  облыста  республикадағы  алғашқы 
индустриялық аймақ ашылған болатын. Бүгінде аймақта 72 
жоба сәтті іске асуда, бюджеттен шыққан 1 теңгеге 13 теңге 
жеке инвестиция тартылды. Нәтижесінде, инфрақұрылымға 
жұмсалған 5 млрд.теңгенің бүгінде 3 млрд. теңгесі бюджетке 
салық  ретінде  қайтып  үлгерді.  Индустриялық  аймақтың 
тиімділігіне  көзіміз  жетіп,  Шымкентте  қосымша  4  ай мақ 
және  облыстың  барлық  аудан дарында  осындай  аймақтар 
ашылуда.  Бүгінде  2  ауданда  іске  қосылып,  9  аймақтың 
құрылысы  жүргізілуде.  Бұл  аймақтарда  143  жоба  іске 
асырылуда.  Аймақтағы  кәсіпкерлер  атынан  алғысымызды 
білдіреміз, деді. «Құтты болсын істеп жатқан жұмыстарың. 
Сол  үшін  мемлекет  қыруар  қаржы  жұмсауда.  Оған  қоса 
шетел инвес  торларын тартып келеміз. Сон дықтан жемісті 
еңбек етіп, ел да муы на қомақты үлестеріңді қоса бе ріңдер», 
деді Мемлекет бас шы сы. 
             
бүгінгі әрекет – ертеңгі Игілік
Жиналғандарға арнаған сө зін де Қазақстан Президенті 
бірін ші  өнеркәсіптік  бесжылдық  кезін де  шамамен  33 

9
еуропадағы ең бай елдердің бірі
Швейцария  –  Батыс  Еуропадағы  ең  бейбітсүйгіш  елдердің 
бірі. Соның нәтижесінде ол әлемдегі ең бай елге айналып отыр. 
Біздің  қолымыздағы  деректерге  қарағанда,  мұнда  жан  басына 
келетін ішкі жалпы өнім көлемі жылына 70 мың доллардан асып 
жығылады.  Осындай  бейбітсүйгіштік  қасиетінің  арқасында  8 
миллионға  жуық  қана  халқы  бар  елде  күллі  әлемнің  қаржысы 
шоғырланған  деуге  болады.  Швейцария  банктерінің  осы 
қаржыны сақтауымен аты шығып отыр. 
Өз тәуелсіздігіне ие болған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде 
Қазақстан  да  адамзатқа  ТМД  кеңістігіндегі  ең  бей біт сүйгіш  ел 
ретінде танылып үлгірді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­
баевтың ядролық сынақтар жүргізетін Семей полигонын жауып, 
ядролық қару дан бас тартуы күллі әлемге көрсетілген үлгі екенін 
Вашингтонда  өткен  бірінші  антиядролық  жаһандық  саммит 
кезінде  АҚШ  президенті  Барак  Обаманың  өзі  атап  көрсеткен 
болатын. Қазақстанның Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбас­
шы ларының  съезін  өткізетін  елге  айналуы,  ЕҚЫҰ­ға  төрелік 
етуі біздің бейбіт сүйгіш саясатымыздың жарқын көрі нісі. Қазір 
соның жемісін көріп келе міз. Демек, байлықтың берекелі елге, 
ки кілжің,  дау­жанжалдардан  ада  жерге  ға на  тоқтайтындығы 
шындық екен ді гі не Женевада болғанымызда тағы көз жет кіздік. 
Елдегі ұзақ жылғы тыныштық пен бейбітшілік нәтижесінде 
Женевада көп теген халықаралық ұйымдардың ор талық кеңселері 
мен  трансұлттық  кор по рация лардың  штаб­пәтерлері  орна­
ласқан.  Халықаралық  еңбек  ұйымының,  Ха лықа ралық  Қызыл 
Крестің,  Дүниежүзілік  метеорология  ұйымының,  Дүниежүзілік 
интеллектуалдық  меншік  ұйымының,  Дүниежүзілік  денсаулық 
сақтау  ұйы мының,  БҰҰ  Еуропа  бөлімшесінің  және  басқа  да 
толып  жатқан  ұйымдар  мен  халықаралық  компаниялардың  бас 
кең  селері  осында  шоғырланғандықтан  қала  қаржы  қызметінің 
байырғы әрі маңыз ды орталығы болып саналады. 
бейбітшіліктің құтты қадамы
Дүниежүзілік  сауда  ұйымы  1995  жылдың  1  қаңтарында, 
осыған дейін болған және 50 жыл әрекет еткен Тарифтер және 
сауда  жөніндегі  бас  келісімнің  (ТСБК)  жалғасы  ретінде  өмірге 
келді.  Бірақ  бұрынғыға  қарағанда  бір  үлкен  ерекшелігі,  ол 
енді  халықаралық  ұйым  ретінде  заңды  мәртебеге  ие  болды. 
Сонымен  қатар,  бұрынғыға  қарағанда  үлкейіп,  кеңейе  түсті. 
Адамзат  қауымына  тигізетін  әсері  де  ұлғайды.  Енді  оған, 
міне,  Қазақстанымыз  да  қосылды.  Осы  мәселеге  көптеген 
дайындықтар  жасалған  соң,  кейбіреулердің  сары  уайымға 
салынып  айтқанындай,  Дүниежүзілік  сауда  ұйымынан  қорқып 
қажеті  жоқ.  ДСҰ  ережелері  дамушы  елдер  үшін  бірқатар 
жеңілдіктер қарастырады. Қазіргі күні оған мүше дамушы елдер 
дамыған  елдермен  салыстырғанда  өз  нарықтарын  қорғаудың 
неғұрлым  жоғары  кедендік­тарифтік  қорғау  құралдарына  ие 
болып табылады. 
Жалпы,  еліміздің  Дүниежүзілік  сауда  ұйымына  қосылуы 
қажеттілік  екенін  дәлел дейтін  мысалдар  мен  факторлар  же тіп 
артылады.  Өйткені,  қазіргі  күні  күл лі  әлемде  бірігу  үдерістері 
жүріп  жатыр.  Әлемдегі  алып  елдер  болсын,  шағын  елдер 
болсын  немесе  дамы ған  елдер  мен  дамушы  елдер  болсын  эко­
но ми калық одақтарға интеграциялану үстінде. Себебі, көптеген 
халықтар  эконо ми калық  тұрғыдан  түрлі  одақтарға  бірігу ді 
жалпыадамзаттық  жаһандануға  қолай лы  түрде  кірігудің  үлкен 
жолы деп есептейді. 
Әлем ашылған күн
Қазақстан  Дүниежүзілік  сауда  ұйымына  мүшелікке  қабылданды.  Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев 
Дүниежүзілік сауда ұйымының елімізді өз қатарына ресми қабылдау шарасына қатысу үшін Швейцарияның Женева қаласына 
келді. Аталған ұйымның штаб-пәтері осы қалада орналасқан. 
Осыған дейін бұл Ұйымның қатарында 161 ел бар еді. Енді, міне, 162-ші ел болып біз қосылып отырмыз. Мұның өзі – сыртқа 
ұсынатын тауарлары көп, әрі жаңа технологияларды отандық өндіріске енгізуге барынша мүдделі болып отырған Қазақстан 
үшін ұлы дүбірлі оқиға. 

10
Бұл  ретте  мына  ел  мықты  ел,  мына  ел  әлсіз  ел,  бұл  екеуі 
біріккенде бірін бірі жеп қояды, яғни әлсізді мықты алып жейді 
деген сарыуайымшылдыққа салыну жоқ. Сарыуайымшылдыққа 
салыну  дегеніміз  –  уақыт  жағынан  ұтылу  деген  сөз.  Ғылыми­
техникалық  прогресс  барынша  жедел  дамып,  технологиялық 
үдерістер  кең  жайылып  отырған  қазіргі  кезеңде  әрбір  ай, 
әрбір  күннің  өзі  алтынға  айналып  барады.  Уақытын  тиімді 
пайдаланған  ел  ұтады,  уақытын  тиімді  пайдалана  алмаған  ел 
ұтылып, құлдыраудың құрығына ілігеді. Бұл – бүгінгі заманның 
басты шындықтарының бірі. 
Осы  ретте  уақыт  жағынан  ұтылған  елдерде  дау  мен 
жанжалдың  көп  болатынын,  осының  өзі  елді  етектен  тартып, 
бүлінушілік  пен  бөлінушілікке  алып  келетінін  көріп  отырмыз. 
Демек,  бейбіт  күннің  әр  сәтін  қадірлей  білген,  қадірлеп  қана 
қоймай, оны ұтымды істерге пайдалана білген абзал. 
Экспорттаушы елдің бағы жанады
Енді  әлемдік  сауданы  алға  жылжытушы  тауарлар  мен 
қызметтер  экспорты  мәселесіне  қайта  келейік.  1950­1998 
жылдар  аралығында  әлемдік  экспорт  көлемі  16  есе  өскен. 
Батыстық  мамандардың  бағалауы  бойынша,  1950­1970  жылдар 
аралығындағы  кезең  халықаралық  сауда  дамуының  «алтын 
ғасыры»  болып  табылады.  70­ші  жылдары  әлемдік  экспорт 
5  пайызға  дейін  төмендесе,  80­ші  жылдары  одан  да  қысқара 
түскен. 80­ші жылдардың соңында қайта көтерілген. 
XX  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  сыртқы  сауда 
динамикасында теңгерімсіздік пайда болды. Осының ықпалымен 
90­шы  жылдары  Батыс  Еуропа  халықаралық  сауданың  басты 
орталығына айналды. Оның экспорты АҚШ экспортынан 4 есе 
асып түсті. 80­ші жылдардың соңында Жапония бәсекелестікке 
қабілеттілік жөнінен көшбасшылар қатарына шыға бастады. Осы 
кезеңде  оған  Азияның  «жаңа  индустриялы  елдері»  Сингапур, 
Гонконг, Тайвань қосылды. Алайда 90­шы жылдардың ортасына 
таман  АҚШ  бәсекелестікке  қабілеттілік  жөнінде  әлемдегі 
жетекші орынға қайта шықты.
2007­2008 жылдарғы дағдарысқа дейін әлемдік сауда көлемі 
орта  есеппен  алғанда  жылма­жыл  6  пайызға  өсіп  отырды.  Бұл 
үдеріс 1990­2000 жылдар аралығында жүзеге асты. Дүниежүзілік 
сауда  ұйымының  деректері  бойынша,  әлемдегі  тауарлар  мен 
қызметтер  экспортының  көлемі  2007  жылы  16  триллион 
долларды  құрады.  Оның  80  пайызы  тауарлардың,  20  пайызы 
қызметтердің үлесіне тиді. Ал 2012 жылға таман тауарлар мен 
шикізаттар саудасының жылдық айналымы 20 триллион долларға 
жуықтады.  2010  жылы  қайтадан  жеделдетіп  қалпына  келген 
тауарлар  мен  қызметтердің  әлемдік  саудасының  өсу  қарқыны 
2011 жылы 5 пайызға, ал 2012 жылы 2 пайызға дейін төмендеді. 
Қазіргі  уақытта  халықаралық  сауда  елдердің,  өңірлердің,  бүкіл 
әлемдік  қоғамдастықтың  шаруашылық  тұрғыдағы  дамуында 
өте  маңызды  рөлге  ие  болып  отыр.  Мұны  мынадай  бірқатар 
факторлар арқылы байқауға болады. 
Біріншіден,  сыртқы  сауда  әрбір  ел,  тіпті,  біз  жоғарыда 
айтып  кеткендей,  оның  субъектісіне  айналып  отырған  жеке 
азаматтар  үшін  де  экономикалық  өсу  көрсеткіштеріне  қол 
жеткізудің  қуатты  құралына  айналды.  Екіншіден,  елдердің 
халықаралық  сауда  айналымына  тәуелділігі  барынша  күшейе 
түсті.  Үшіншіден,  халықаралық  сауда  рөлінің  былайша  өсуіне 
еңбектің  халықаралық  бөлінісінің  күшеюі  үлкен  ықпал  етуде. 
Қазіргі  уақытта  әрбір  ел  өзіне  қажетті  барлық  тауарларды  өз 
ішінде шығарып жатпайтын болды. Оны басқа елдерден сатып 
алуды  әдетке  айналдырып  келеді.  Оның  есесіне  өзі  арзанырақ 
бағамен сапалы етіп шығара алатын тауарлар немесе шикізаттар 
өндірісімен  көбірек  шұғылданады.  Ол  өнімдерді  халықаралық 
нарықтарға шығару арқылы пайда қаратады. 
Мәселен,  біздің  Қазақстанымыз  мұнай  мен  уран,  түрлі 
металдар,  бидай  өндіруде  қазіргі  уақытта  халықаралық  сау­
даны  жүргізуші  және  аталған  өнімдерді  тұтынушы  шетелдік 
ірі  ком панияларға  жақсы  мәлім  болып  отыр.  Сөйтіп,  қазіргі 
уақытта Қазақстан дегенде осы өнімдердің аттары қатар аталып 
жүр.  Оның  есесіне,  Қазақстан  шетел дерден  тұрмысқа  қажетті 
көптеген электр техникалық құралдарды және басқа да заттарды 
сатып алып жүр. 
Халықаралық сауданың дамуына ықпал етіп отырған негізгі 
факторлар қатарында қазіргі жүріп жатқан ғылыми­техникалық 
революцияның  соңғы  толқындарының  әсерін,  сондай­ақ, 
трансұлттық корпорациялардың қыз метін де қосуға болады. 
Трансұлттық  корпорациялар,  бір  сөзбен  айтқанда, 
халықаралық  сауданы  алға  жылжытушылар.  Өйткені,  олар 
әлемнің көптеген елдерінде жұмыс істейді. Өздері жұмыс істейтін 
елдерге  екінші  бір  елдердің  тауарлары  мен  технологиялық 
құрал­жабдықтарын  және  жұмыс  күштерін,  сонымен  қатар, 
білікті мамандарын алып келеді. Осылайша ел мен елдің арасын 
жалғастырып, сапырылыстыра түсуде. 
барыстың секіруі
Постиндустриялық 
қоғамды 
зерттеу 
орталығының 
директоры,  белгілі  экономист  Владислав  Иноземцев  өзінің 
таяуда ғана БРИКС және ШЫҰ саммиттерінің қорытындысына 
сәйкес жазған мақаласында Қазақстан мен Ресейде жүргізілген 

11
экономикалық  реформалар  нәтижелерін  салыстыра  отырып, 
Қазақстанның халықаралық сауда нарықтарындағы қол жеткізген 
жетістіктеріне жоғары баға берді. 
«Ресей  секілді  Қазақстан  да  шикі зат  экономикасының 
елі.  Бірақ  бір  айыр ма шылығы,  Ресей  «шикізат  инесінен  кету» 
туралы  тақырыпты  ұзақ  талқылап  жат қанда,  Қазақстан  өзінің 
осы саласын дамытып алуға барынша екпін беріп, нәтижесінде 
жақсы  табысқа  қол  жеткі зіп  те  үлгерді.  Мәселен,  Қазақстан 
2014  жылы  1990  жылмен  салыстырғанда  түсті  метал дарды  2,4 
есе, газды 3 есе, мұнайды 3,3 есе, уранды 15 есе көп өндірді. Ал 
осы  жыл дардың  ішінде  Ресейдегі  мұнай  өндіру  көлемінің  өсуі 
бар  болғаны  3,5  пай ызды  ғана  құраса,  газ  өндіру  көрсет кіші, 
керісінше, 2,1 пайызға азайып кетті. 
Бүгінгі күні Қазақстанда халықаралық бизнестің қатысуымен 
құрылған  жеке  компаниялар  мұнайдың  60,2  пайызын, 
уранның  53,2  пайызын  өндіруде.  Елде  жинақталған  шетелдік 
инвестициялардың  көлемі  2015  жылдың  1  қаңтарында  141,6 
миллиард  долларды  немесе  ішкі  жалпы  өнімнің  63  пайызын 
құрады.  Ал  Ресей  осы  аралықта  өз  ішкі  жалпы  өнімінің  29 
пайызына тең келетіндей ғана шетелдік инвестицияларды тарта 
алды», деп жазды ресейлік экономист. 
Владислав  Иноземцев  Қазақстан  билі гінің  реформаны 
бастаған  сәттен  елдің  даму  стратегиясын  бірден  ай қын ­
дағандығын,  назарға  сандық  өсуді  ғана  емес,  сонымен  қатар, 
сапалық  өсуді  де  алғандығын  жазады.  «Біздің  Ресей дегідей 
Батысқа  өкпелеп,  кінә  тағу дың  орнына  Қазақстан  билігі  елдің 
экономикалық  деңгейін  жаһандық  индекс  көрсеткіштері 
бойынша  жоғары  көтеру  керек,  ол  үшін  мемлекеттік  биліктің 
сапасы  мен  транспаренттілігін  арттыру,  шешімдерді  қабылдау 
мен  орындаудың  тетіктерін  жеңілдету,  басқарудың  жобалық 
қағидаттарын  дамыту  керек  деп  есептеп,  үдеріске  ғана 
мән  бермей,  басты  назарды  істің  нәтижелілігіне  аударуда. 
Қорытындысында Қазақстан Бәсекелестіктің жаһандық индексі 
бойынша  бес  жылда  он  алты  орынға  алға  басып,  2014  жылы 
50­ші  орынға  шықты.  Тек  2013­2014  жылдардың  өзінде  ғана 
Қазақстанда 3300 шақырым автокөлік жолдары, 1400 шақырым 
теміржол  салынды.  Ал  Ресейде  осы  кезеңде  1100  автокөлік 
жолдары мен 170 шақырым ғана теміржол салынды», дейді ол.
Мәселе бұл жерде ресейлік эко но мистің өз елімен салыстыра 
отырып, Қазақстан табыстарын ашып көрсет кенінде ғана емес, 
сонымен қатар, бұлтартпас дәлелді фактілерді келті руінде болып 
отыр.  Ал  бұл  факті лер,  екінші  жақтан  алғанда,  елдің  халық­
аралық деңгейде жұмыс істеуінің, халық аралық бизнеспен қоян­
қолтық әрекет етуінің қаншалықты пайдалы екен дігін көрсетеді. 
Сондықтан  біз  Ино земцевтің  назар  аударуға  әбден  лайық  жаңа 
бағалаулары  мен  пікірлерін  Қазақ станның  Дүниежүзілік  сауда 
ұйымы на  ресми  қабылдануы  өтіп  жатқан  осы нау  ұлы  дүбірлі 
оқиғаның ізін қуа лай Женевадан жолданып отырған мақа ламызда 
келтіре  кеткенді  жөн  көрдік.  дсұ-ға  қосылу  –  жаһандық 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет