Жылда қалыптасқан қағида Данияр Жігітбек Алматы, 2017 26


-қағида Қиындықтарды дұрыс қабылдай біл



Pdf көрінісі
бет23/23
Дата20.07.2023
өлшемі0,78 Mb.
#104577
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Данияр Жігітбектің 26 қағидасыkazyna rkz

26-қағида
Қиындықтарды дұрыс қабылдай біл.


Қиындықтарды дұрыс қабылдай біл.
Былтырғы жаз мен үшін оңай болмады. Бірнеше проблема
қабаттасып, еркін тыныстауыма мүмкіндік бермеді. Көлігіммен
абайсызда жаяу жүргіншілерді қақтым, жұмыста өзім тасымалдауға
жауапты болған 26 млн тг-нің тауарын жоғалттым. Көз алдым
тұманданып, айналам бұлыңғыр тарта бастады. Енді не істеймін?
Қаққан адамдарымның жарақаты қатты болып, қылмыстық іс
қозғалып кете ме екен? Жоғалған тауар табылмаса, 26 млн тг-ні өз
қалтамнан шығару керек боламын. Мұндай ситуацияда позитивті
ойлау өте-өте қиын. Дегенмен еңсемді түсірмедім. Бұл да бір
Алланың сынағы дедім. "Алла мені сүйеді, маған қалайтыны - тек
жақсылық, мына ситуацияға салып, менің кейбір нәрсені тереңірек
түсінуімді, мықтырақ, данарақ, сабырлырақ болуымды, Өзінің көркем
есімдерін өмірден көруімді қалайтын шығар" деп, өз-өзімді
жұбаттым. Іштей соңы жақсы боп кететініне 100% сендім. Тек
уақытша белгісіздік, "енді қашан?" деген шыдамсыздық күйі тыным
бермеді. Дәл сол сәтте қолымнан келетінді істей бердім, жанымды
жегідей жеген ойларға барынша ерік бермеуге күш салдым. Орнына
жақсы нәрселер жайлы ойлауға тырыстым. Түптеп келгенде, бұл
ситуацияны проблема немесе проблема емес деп қабылдау тек
маған байланысты ғой. Оптимист проблемадан мүмкіндік көреді,
пессимист мүмкіндіктен проблема көреді. 2-3 айдай осы күйде
жүрдім. Алланың қалауымен бәрі мен ойлағаннан да жақсы болып
шықты. Жаяу жүргіншілерге еш зиян тимепті, айыппұл төлейтін
болдым, жүргізуші куәлігімді қайтарып берді. Жоғалған тауар
ойламаған жерден табылды, басқа қалаға кетіп қалыпты. Қанша
алаңдасам да, алаңдамасам да, болатын іс болды. Түсінгенім,
өмірдегі қиындықтарға қатысушы ретінде емес, бақылаушы ретінде
қарай білу керек екен. Мысалы, сіз көріп қойған киноңызды қайта
қарағанда, басты кейіпкердің жағдайы қанша мүшкіл боп жатса да,
қам жемей отырасыз, себебі соңы жақсы болатынын білесіз. Сол
сияқты өмірдегі қиындықтарды (оның қиындық ретінде көрмеу де
сізге байланысты, негізі) дұрыс қабылдай біліңіз, көңіліңіз тыныш
болады.
53


Қорытынды
Бүгін Алланың қалауымен 26 жасқа толдым. 26 жыл өмірім артта
қалды. Осы уақыт ішінде түйгенім, түсінгенімді қағидалар түрінде
жазып шықсам деп едім. Міне, бүгін соңғы қағидамды да жазып
бітірдім. Бұл қағидаларды жазудағы мақсаттарым мынадай еді: (1)
өткен өміріме шолу жасау, (2) ғұмырымда із қалдырған сәттерді
естелік етіп жазып қою, (3) мүмкін кішкентай ғана өмірлік
тәжірибемнің біреуге пайдасы тиіп қалар деген ой.
"Бұл өмірдің ең бақытты сәттерін
Жазып жүрер болсыншы бір дәптерің.
Бір оқып шық кездеріңде мұңайған
Сол дәптердің шуақ сыйлар беттерін,"
- деп жазған едім бір кезде. Өмірде түрлі жағдайлар болып тұрады.
Қуаныш пен қайғы астасқан өмір бұл. Осы қағидаларды қайталап
оқып, көңіліме медеу көріп отырамын, мотивация болар деп
ойлаймын.
Осы уақыт бойы қолдап, жылы лебіздерін аямаған баршаңызға зор
алғысымды білдіремін.
Алла мәнді де сәнді ғұмыр кешуді бәрімізге нәсіп етсін!
09.05.2017
Алматы
54


Данияр Жігітбек 
1991 жылы Алматы қаласында дүниеге келді.
Алматыдағы №136 қазақ орта мектебін тәмамдады.
IT университетінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша 
оқып, бакалавр және магистр дәрежесін алды.
Бос уақытында өлең шығару, кітап оқу, жеке дамуға қатысты 
посттар жазумен айналысады.
https://www.facebook.com/Zhigitbek
https://instagram.com/dzhigitbek
https://vk.com/dzhigitbek


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет