Бекітемін
№79 жалпы орта білім
беретін мектеп директоры
_____________Ж.А.Кулбекова
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
2023-2024 оқу жылында бастауыш сынып оқушылары арасында
«20 минут кітап оқу» марафонын өткізу
Жоспары Мақсаты:
Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастьыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету;
Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
Оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру.
Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу дағдысын, оқу сауаттылығын қалыптастыру.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
Оқушылар ертегілердің маңызын зерттейді, ертегілерді оқи отырып қиялдайды, қажетті дағдыларды күнделікті өмірде қолданады, ертегі туралы шағын әңгіме жазады.
Оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен көпшілік алдында бөліседі, оқырмандарды шабыттандырады.
бастауыш сыныптарда оқушылардың оқу дағдысы, оқу сауаттылығы қалыптастасады, тақырып бойынша эссе жазуға дағдыланады.
Жоғарғы сынып оқушылары әдеби - классик жазушылардың шығармаларын оқуға, оқыған кітабын жарнамалауға,насихаттауға дағдыланады.
Жұмыстың тақырыбы
Өткізілу түрі
Сыныбы
Мерзімі
Өтетін орны
Жауапты
«Әжемнің ертегілері»
Бастауыш сынып оқушыларына үзіліс кезінде бір мезетте ертегілер ұйымдастыру.
1-2
Сыныптар
Әр аптаның бейсенбісі
Мектеп кітапханасы
Кітапханашылар
Сынып жетекшілер
Кел, бірге оқиық
Бастауыш сынып оқушыларына ертегі кітаптарын оқуды ұйымдастыру.