Жылда қалыптасқан қағида Данияр Жігітбек Алматы, 2017 26


-қағида Қолыңда бармен бөліскен сайын байи түсесің



Pdf көрінісі
бет9/23
Дата20.07.2023
өлшемі0,78 Mb.
#104577
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
Данияр Жігітбектің 26 қағидасыkazyna rkz

9-қағида
Қолыңда бармен бөліскен сайын байи түсесің.


Қолыңда бармен бөліскен сайын байи түсесің.
Мектеп кезінде парталасымның суретін салып бергенде, сол сурет
өзім үшін салғанымнан әдемірек шығатын. Сыныптастарымның
түсінбегенін түсіндіріп, көмектескенімде, өзім сол тақырыпты
жақсырақ меңгере түсетінмін. Біреуге алтын уақытыңды бөлу - оған
жасаған ең үлкен жақсылығың дер едім. Өзгелермен біліміммен,
тәжірибеммен бөліскен сайын ерекше байи түскендей сезінетінмін.
Жалпы біреуге пайдалы болу адамға ерекше бақыт сезімін сыйлайды
екен. Өмірдің мәні өз қарныңды тойдырып, барынша ләззаттанып
қалу емес, керісінше, басқалардың қамы үшін өмір сүру деп түсінем.
Яғни, шынайы бақыт алуда емес, беруде.
Мен бір жігітті білем. Студент кезінен бастап ай сайын тапқан
табысының 10%-ын тұрақты түрде қайырымдылыққа жұмсап келеді.
Стипендиясы 18 000 тг болса, соның 1800 тг-ін садақа қылатын. Кейін
жұмысқа тұрды. Табысы артты. Сонда да әдетінен танбады. Сол
жігіттің ақшадан қиналғанын көрмедім, керісінше, табысы жылдан-
жылға арта берді. Құранда да Жаратушымыз қайырымдылыққа мал-
мүлкімізді жұмсасақ, табысымызды арттыра беретінін уәде еткен
ғой. Пайғамбарымыз

да "Алламен ант етемін, садақа бергеннен
мал-мүлік азаймайды" деп айтқан еді. Яғни, қазір 100 000 тг-ні садақа
етсеңіз, келесі жылы есепшотыңызда кемінде 100 000 тг болады
деген сөз ғой бұл. Болашақта ол жігіттің ризығы молайып,
қайырымдылыққа одан да көп ақша жұмсауын тілеймін. Бұл өмірден
көрген мысалым.
Қолыңызда бармен бөлісуге тырысыңыз. Бөліскен сайын байи түсесіз.
Өмірдің мәні беруде!
19


10-қағида
Кітап көп оқы. Алған білімді іс жүзінде қолдан. 
"Артық білім кітапта".


Кітап көп оқы. Алған білімді іс жүзінде қолдан. 
"Артық білім кітапта".
Мектеп кезінде Дэйл Карнегидің бір кітабы қолыма түсті. Ішінде "Как
завоевать друзей?", "Как понравиться людям?" деген тақырыптар
болатын. Қызығып кеттім. Оқи бастадым. Ең ұнаған кеңестердің бірі
мынадай еді: " Адамның ең сүйікті сөзі - есімі. Сөйлесу барысында
адамның есімін көбірек қолдануға тырысыңыз, сонда ол адамның
сүйіспеншілігіне бөленесіз". Дереу осы кеңесті өмірде қолданып
көргім келді. Қазір еске алсам, күлкім келеді.Достарымның есімін жиі
айта бастадым. Реакцияларын аңдып тұрдым. Әсері қалай болады
екен деп. Әйтеуір, оң әсері болған сияқты. Айтайын дегенім, кітап
оқып болған соң, алған білімді бірден жүзеге асыруға тырысу керек
екен. Қазір кітап көп оқитын сияқтымын. Бірақ амал етуім
аздау.
Жалпы кітап оқу керемет нәрсе ғой. Жетістікке жеткен
адамдардың өміріне қарасаңыз, барлығының кітап көп оқығанын
байқайсыз. Мен бұл өмірде Абаймен, әл-Ғазалимен, Лев Толстоймен,
Наполеон Хиллмен кездеспейтінім анық. Бірақ ол кісілердің
еңбектерін
оқып,
олармен
сұxбаттасқандай,
ақыл-кеңестерін
тыңдағандай боламын. Біреулер 60 жыл өмір сүріп әлі түсінбеген
ақиқаттарды кітап оқып ұғып ала аласыз.
"Артық білім кітапта" (Абай). Өзгелерден озық болудың, өмірді
жеңілдетудің, білімді арттыра түсудің жалғыз жолы - кітап оқу,
оқығанды өмірде қолдану.
21




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет