Жылда қалыптасқан қағида Данияр Жігітбек Алматы, 2017 26


-қағида Білімге, жеке дамуға жұмсалған ақша көп есе боп



Pdf көрінісі
бет22/27
Дата07.01.2022
өлшемі0,78 Mb.
#20391
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Данияр Жігітбектің 26 қағидасы

21-қағида

Білімге, жеке дамуға жұмсалған ақша көп есе боп 

қайтады.


Білімге, жеке дамуға жұмсалған ақша көп есе боп қайтады.

10-сыныпта ағылшын тілі курсына жазылдым. Мақсатым 1-2 жылда тілді

еркін

меңгеріп,



универдің

алғашқы


курсында

"Болашақ"

бағдарламасымен шетелге оқуға кету болатын (Ол кезде бакалавриат

студенттері де қатыса алатын еді). Курс бағасы айына 8000 тг болды. Ата-

анам оқысын деп ақшасын аямады. Тура 1 жыл 1 ай 1 күн ішінде үзіліссіз

қатысып жүріп Advanced деңгейінде курсты тәмамдадым. Сонда ағылшын

тілін жеткілікті деңгейде меңгеруім үшін барлығы 104 000 тг жұмсалыпты.

Жұмсалған ақша, уақыт, күш өзін ақтады. Тіпті көп есе боп қайтты: кейін

өзім түскен IT университетте оқу ағылшын тілінде болды, әлемнің соңғы

озық білімін алуға есік ашылды, жұмысқа тұрарда артықшылық берді,

сәйкесінше, жоғары жалақыны сұрай алдым, заманауи әдебиетті оқып

түсінуге мүмкіндік туды, т.б.

Басқа бір мысал. Негізі университетте жалпы білім береді ғой. Ал нақты бір

салада маманданғың келсе, өзің іздену керексің. Мен де солай істедім. 3-

курста оқып жүргенде, Cisco CCNP сертификатын алуға талап қылдым. Бұл -

компьютерлік желілер саласындағы ең беделді сертификаттардың

бірегейі, мысалы, бізде CCNP алған адамның айлығына 150-200 мың тг

қосылатын. Сөйтіп бір жылдың ішінде 1200 беттей теxникалық әдебиетті

оқып, лабораториялық жұмыстарын жасап, 50 сағат видео қарап, 3

модульді өтіп, әр модуль бойынша емтиxан тапсырып (әрқайсысына $200

жарна төлеу керек), осы сертификатқа қол жеткіздім. Қазір саралап

отырсам, жұмсалған энергия, уақыт, ақша - бәрі өзін-өзі ақтады.

Сертификат алуға кеткен $600 жұмысқа тұрған алғашқы жылымның

өзінде-ақ шамамен 20 есе көп ақша боп қайтты.

Білімге, жеке дамуға салынған инвестиция - ең керемет инвестиция.

Жұмыссыз жүрсеңіз немесе өзіңіз оқыған сала ұнамаса я болмаса

жалақысы аз болса, нарықтағы сұранысқа ие, өзіңіздің көңіліңізден

шығатын бір мамандық бойынша ақылы болса да, курс өтіп, кітаптар

сатып алып, өз-өзіңізге инвестиция жасасаңыз, аз уақытта одан да көп

табысқа қол жеткізесіз. Бір жігіт жайлы естідім, өзі IT саласы бойынша

жоғарғы білім алған, бірақ оған дизайн-интерьер саласы көбірек ұнайтын.

Сөйтіп аз-маз жинағанын арнайы курсқа қатысып, сол саланы меңгеру

үшін жұмсады. Жарты жылдай оқыды ғой дейм. Сұранысқа ие сала ғой.

Тапсырыстар алып, табысын еселеді. Айтайын дегенім, табыс әкелетін

белгілі бір саланы меңгеру үшін 4 жыл универде оқу міндетті емес,

оданша аз уақытта тек қажетті білім, машықтарға үйрететін кәсіби курсқа

ақылы болса да қатысып, өзіңіздің бәсекелестік қабілетіңізді арттыра

аласыз. Білімге, жеке дамуға жұмсалған ақша ешқашан текке кетпейді,

керісінше пайда әкеледі.

43





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет