Жылда қалыптасқан қағида Данияр Жігітбек Алматы, 2017 26


-қағида Шешім қабылдарда өзгелермен ақылдас



Pdf көрінісі
бет18/27
Дата07.01.2022
өлшемі0,78 Mb.
#20391
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Байланысты:
Данияр Жігітбектің 26 қағидасы

17-қағида

Шешім қабылдарда өзгелермен ақылдас.


Шешім қабылдарда өзгелермен ақылдас.

Қазақтың "келісіп пішкен тон келте болмас" деген сөзі ұнайды.

Дәл айтылған сөз. Белгілі бір шешім қабылдарда өзгелердің

пікірін білу, кеңесіне жүгіну маңызды. Өз басым жаңа іске қадам

басарда, бір жоба бастар кезде достарыммен, жақындарыммен

ақылдасып алам. Тіпті жаңа жазба немесе өлең жазғанда да,

алдымен "сыншыларыма" оқытып, ой-пікірін білем. Көп ісімнің

сәтті болуының бірден-бір себебі осы да шығар деп ойлаймын.

Кеңесетін адамыңыздың міндетті түрде ақсақал немесе көпті

көрген адам болуы шарт емес. Өзім кейде бір мәселе

жөнінде кішкентай балалардың да ойын сұраймын. Ойлары

өзінше қызық. Бүлдіршіндердің де айтары бар. Адамның өмірін

180 градусқа өзгертіп жіберуге бір-ақ сөз жетеді. Ал ол сөзді Алла

сіз күтпеген жерден біреудің аузына салып қоюы мүмкін. Сол

үшін өзгелердің сөзіне құлақ аса білу керек.

Жалпы байқағаным, адамдар өзгелерге ақыл айтқанды, жөн

сілтегенді ұнатады екен. Мүмкін олар сол сәтте өздерін маңызды,

біреуге


қажетті

сезінетін

шығар.

Осындай


керемет

күй


сыйлағыныңыз үшін олар да кеңестерін аямайды. Біреу кеңес

сұрап келсе, маған да ұнайды. Барынша білгеніммен бөлісем. Не

дерімді білмесем немесе жауабым дайын болмаса, "Өзің қалай

ойлайсың?" дей салам. Сөйтіп ол адам өз ойын айтып, өз-өзіне

кеңес бергендей болады. Қысқасы, ешкімнің көңілі қалмайды.

Ісіңіз берекелі болсын десеңіз, ең дұрыс шешімді тапқыңыз

келсе, өзгелермен ақылдасыңыз: қателеспейсіз!

35





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет