Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар


-1988 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ РАЙ КАТЕГОРИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ ҰСТАНЫМДАР



бет4/102
Дата19.09.2023
өлшемі0,94 Mb.
#108476
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты-emirsaba.org

1930-1988 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ РАЙ КАТЕГОРИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ ҰСТАНЫМДАР.

Жалпы түркологияда, оның ішінде қазақ тіл білімінде ұзақ уақыт бойы талас тудырып жүрген мәселелердің бірі – рай категориясы. Бір қызығы – бұл категорияны топтастыруда алшақтық болғанмен, оны тануда алшақтық жоқ. Зерттеушілердің барлығы дерлік райды:


«сөйлеушінің қимыл, іс-әрекетке көзқарасын, қимылдың, іс-әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктің грамматикалық категориясы», - деп түсіндіреді. Райды осы негізде тануда бұрынғы зерттеушілер арасында да, бүгінгі таңдағы ғалымдар арасында да бірауыздылық байқалады.
Рай категориясын арнайы сөз етіп, өзінше топтастырған ғалымның бірі – Қошке Кемеңгерұлы. «Грамматика казакского языка» мен «Оқу құралында» райлардың берілуі жағынан кейбір өзгешеліктері бар:


«Грамматика казахского языка» 1927


«Оқу құралы» 1928, 1929


1. ашықрай


2. бұйрықрай
3. қайраурай (жазшы)
4. болжау рай (жазар еді)
5. шартты рай
шартты райдың реңктері:
а) қалау рай
ә) мұң рай
б) ереуіл рай
в) реніш рай (жазсамшы)
г) сенімсіз рай (жазар ме екен)
ғ) көніс рай (жазамын да, жазамын дағы)
д) теріс рай (жазса игі еді)

ашық рай


бұйрық рай (жаз, жазшы, жазсаңшы, жазғыр)
болжау рай (жазар еді)
шартты рай (жазса, жазса екен, жазсаң еді, жазсаңшы)
қалау рай (жазса екен, жазар ма еді, жазғай еді, жазғай еді дағы)
теріс рай (жазса игі еді)






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет