Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты ұстанымдар



бет6/102
Дата19.09.2023
өлшемі0,94 Mb.
#108476
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
Жылдар аралығындағы зерттеулердегі есімдіктерді жіктеуге қатысты-emirsaba.org

Шартты райдың мағыналық реңктерін көрсетуде П.М.Мелиоранский мен Қ.Кемеңгерұлы еңбектері ұқсас. «Краткая грамматика казак-киргизского языка» деген еңбегінде П.М.Мелиоранский шартты райдың түрлі реңктерін, оған көмекші етістіктер мен жұрнақтар қосылғанда, шарт мәнінің өзгеретінін айтады.
Ал Қ.Кемеңгерұлы «Грамматика казакского языка» деген еңбегінде бұларды «Шартты райдың реңктері» деп топтастырып, әрқайсысына түсініктеме беріп, орысша қалай аударылатынын сипаттап отырса, «Оқу құралында» кесте түрінде берген:


Условное наклонение


ж) просто предшествующее по времени обстоятельство


Келсем ешкім жоқ – я пришел – никого нет


Условное наклонение


+ екен


з) условие на основании которого должно следовать действие


Ақша болса екен, сұрар едің – если бы были денъги, ты попросил бы


Условное наклонение


+ еді, едің


и) намерение, желание, умение


Сен сұрасаң еді – ты бы сам попросил


Условное наклонение


+ шы 1-го лица


к) сожаление и раскаяние


Алсамшы – зачем я не взял


Сонымен қатар П.М.Мелиоранский мен Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде қалау райды тануда да ұқсастық байқалады. Екеуі де бұйрық райдың бірінші жағын қалау рай деп түсіндіреді (Ол туралы төменде толығырақ тоқталамыз).


Қ.Кемеңгерұлының райды топтастыруы А.Байтұрсынұлы жіктеуіне әлдеқайда жақын:


А.Байтұрсынұлы, «Тіл құрал», 1915


Қ.Кемеңгерұлы «Оқу құралы», 1928, 1929


    1. билік рай


    2. қайрау рай: -айын + шы


    3. ызалы рай


    4. ашық рай


    5. болжау рай: -р еді


    6. шартты рай


    7. реніш рай: -саңшы


    8. қалау рай: -са екен


    9. мұң рай: -р ма еді


    10. сенімді рай: -ғай


    11. теріс рай: -са игі еді


    12. көніс рай: -айын та


    13. ереуіл рай: -са да


    14. сенімсіз рай: -р ме екен


    15. тұйық рай: -ыу/-іу; -мақ


  1. бұйрық рай (жазшы, жазсаңшы, жазғыр)




  1. ашық рай


  2. болжау рай: жазар еді


  3. шартты рай (жазса, жазсаң еді, жазсаңшы, жазса екен)


  4. қалау рай (жазса екен, жазар ма еді, жазғай, жазғай еді, жазғай еді дағы)


  5. теріс рай: жазса игі еді








Алайда Қ.Кемеңгерұлы А.Байтұрсынұлының жіктеуін басшылыққа алғанмен, оны барынша ықшамдап, мағыналық жақындығына, сыртқы тұлғасына қарап топтастыруға тырысқаны байқалады. Сол себепті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет