казахский язык», 1962
| «Қазіргі
қазақ тілі», 1967
|
А.Ысқақов, «Қазіргі қазақ тілі»,1974
|
Личные
|
жіктеу
|
личные
|
жіктеу
|
жіктеу
|
Указательные
|
сілтеу
|
указательные
|
сілтеу
|
сілтеу
|
Вопросительные
|
сұрау
|
вопросительные
|
сұрау
|
сұрау
|
Неопределенные
|
белгісіздік
болымсыз-дық
|
определительные
отрицательные
|
белгісіздік
болымсыз-дық
|
белгісіздік
болымсыздық
|
определитель-
ные
|
жалпылау
өздік
|
обобщительные
возвратные
|
жалпылау
өздік
|
жалпылау
өздік
|
Яғни‚ кейінгі оқулықтардағы есімдіктердің берілуі С.Аманжолов, Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаев жіктеулеріне ұқсас екенін көреміз. «Тәуелдеу есімдігі» деген атаудың орнына «өздік есімдігі» деп аталғаны болмаса, басқа өзгешелік жоқ. Бұл оқулықтардың бәрінде де белгісіздік есімдіктері бір, әр, әлде сөздерінің ұйтқы болуымен жасалатыны сөз болады. Ал А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде әр сөзі анықтау (шектеу) есімдігі ретінде танылады. Дұрысында да‚ кейбір, қайсыбір, әлдекім, әлдене т.с.с есімдіктермен салыстырғанда, әр есімдігімен бірігу арқылы жасалған әркім, әрбір, әрқайсысы сияқты есімдіктерде белгісіздік мәннен гөрі нақтылық басымдау сияқты. Бұл ерекшелік әр сөзінің зат есіммен тіркесуінен айқын көрінеді: әр адам, әр оқушы, әр ай, әр зат т.б. Ендеше, әр сөзінің қатысуымен жасалған есімдіктерді белгісіздік есімдігінің қатарына қосуға келмейтін тәрізді. Оның үстіне болымсыздық есімдігі ретінде танылып жүрген ешкім, ешқайсы, ешбір, ештеңе т.с.с еш сөзінің ұйтқы болуы арқылы жасалған есімдіктердің орнына белгісіздік есімдіктері де жүре алады: ешкім келмеді – біреуі де келмеді, ешқайсысы да айтпады – бірі де айтпады, ештеңе қалмады – бірдеңе қалмады т.б.
Сол сияқты «мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерге» белгісіздік есімдіктерін де, болымсыздық есімдіктерін де жатқызуға болады. Ендеше, өзара мәндес, шектес мұндай есімдіктерді жіктемей-ақ, топтастырып берген дұрыс сияқты.
Сонымен қатар кейінгі грамматикаларда есімдіктің жеке бір түрі ретінде танылып жүрген өздік есімдігінің жекеше түрі әркім, әрқайсы т.с.с. есімдіктермен, көпше түрі бәрі, барлығы, барша т.б. жалпылау есімдіктерімен мәні жағынан да, түрленуі жағынан да сәйкес келетін сияқты. Өздік есімдіктеріне: «сөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні өзге субстанциялар мен құбылыстардан бөліп алып көрсетуші сөздер» түрінде берілген анықтамаға жіктеу есімдіктері де, әркім, әрқайсысы, әрбір т.б. есімдіктер де толық жауап бере алады. Ендеше, сыртқы тұлғасына байланысты өздік есімдіктерін жеке топ ретінде танығаннан гөрі өзара мағыналас есімдіктер қатарына қосқан жөн тәрізді. Осыған байланысты өз тарапымыздан А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлының есімдіктерді топтастыруымен толық келісе отырып, белгісіздік, болымсыздық есімдіктерін – танықтау; өздік, жалпылау есімдіктерін – анықтау есімдіктері ретінде топтастыра берген дұрыс болуы керек деп ойлаймыз.
Сонымен қатар әлде, әр сөздерінің қатысуымен жасалған әрқалай, әрқашан, әлденеше, әлдеқайда, әлдеқалай, әлдеқашан т.с.с. әрі есімдік, әрі үстеу қатарында аталып жүрген сөздерді тек үстеу ретінде ғана танып, есімдік қатарынан шығару керек сияқты. Себебі бір сөздің екі түрлі категория аясында қарастырылғаны, яғни екі түрлі сөз табы ретінде танылуы дұрыс болмайды. Осыған байланысты әр, әлде, еш сияқты сөздердің қандай есімдіктерге тіркесуін, мәні мен қызметін нақтылап отырған жөн тәрізді.
Достарыңызбен бөлісу: |