Жылдың 30 тамызында қабылданған Қр конституциясында 25-ші баптың 4-ші тарауында



Pdf көрінісі
Дата12.01.2017
өлшемі33,79 Mb.
#1721

№ 1 (92) 2013

183


1995  жылдың  30  тамызында  қабылданған  ҚР  Конституциясында  25-ші  баптың  4-ші  тарауында 

кәсіпкерлік қызмет бостандығына әрбір азаматтың құқығын жариялау ерекше көрсетілген. «Шағын 

кәсіпкерлікті  дамытуды  белсендіру  және  мемлекеттік  қолдауды  күшейту»  шаралары  туралы  ҚР 

Президентінің жарлығы қабылданды (1997 ж.) [6].

ҚР Үкіметі мен бірнеше қаулылар 1997 ж. жарияланды: «Шағын кәсіпкерліктің республикалық 

ақпараттық көрме орталығын құру туралы», «Шағын кәсіпкерлік сұрақтары», «Шағын кәсіпкерлікті 

дамыту  қорын  құру  туралы»,  «Еңбекпен  қамтуға  көмектесудің  мемлекеттік  қоры  қаржыларынан 

жеке дара кәсіпкерлікті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құруды қолдау тәртібі туралы Ереже-

лерді бекіту туралы», «Жеке дара кәсіпкерлік» туралы заң, «ҚР-да шағын кәсіпкерлікті қолдау және 

дамытудың аймақтық бағдарламасы және артықшылықтары туралы», ҚР Президентінің Жарлығында 

жеке дара кәсіпкерлік – шағын кәсіпкерліктің түрі ретінде көрсетіледі.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Сигарев М.И., Сыздыков Б.Ш. Развитие экономики аграрного сектора Казахстана: концепции, механизмы, 

перспективы. – Алматы, 2001. 

2. Трейси М. Сельское хозяйство и продовольствие в экономике развитых стран: Введение в теорию, практи-

ку и политику // Пер. с англ. – Санкт-Петербург: Экономическая школа, 2001.

3.  Тойкин  С.Х.,  Құрманбаев  С.Қ.,  Нұрекенов  Н.Г.,  Әлібаева  М.М.,  Жайлаубаева  Ш.Д.,  Нұралина  Қ.Т., 

Әлімжанова А.М., Орынбекова Г.А. Аграрлық экономика. – Семей 2008 ж. 

4.  Шығыс  Қазақстан  облысының  аумақтарын  дамытудың  2011-2015  жылдарға  арналған  бағдарламасы 

(Агроөнеркәсіп кешені). Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы желтоқсандағы №26/315-IV 

шешімімен бекітілген.  www.shygys.stat.kz. 

5. Құрманбаев С.К., Құлмағанбетова А.С. Шығыс Қазақстан облысында астық кластерін құрудың ресурстық 

потенциалы // Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Семей, 2005. 

6. Қазақстанда кәсіпкерлікті қалыптастыру және оның даму перспективалары // Саясат- 2006 ж.

7. «Агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық территорияларды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңы.



Редакцияға 15.09.2012 қабылданды.

И.С. РЫСТИНА, Д.Ж. КӘРІБЕК

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ЖӘНЕ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ 

ҚАТЫНАСТАР МӘДЕНИЕТІН  ҚАЛЫПТАСУЫ

The article describes the features of the Kazakh model of interethnic and interfaith relations. Analyzed 

the state policy in the field of building a culture of inter-ethnic relations among young people. The author 

described the specifics of Kazakhstan’s model of intercultural tolerance and social harmony. On the basis of 

social science data analysis of behavior of young people through the prism of interethnic and intercultural 

relations.

Қазақстан қоғамында жас ұрпақтың этносаралық қатынастарды түсінігін дұрыс қалыптасу үдерісін 

зерттей отыра еліміздегі азаматтық қоғамның қалыптасу жолындағы үлесін анықтау.

Заманымыздың қоғам мәнін өзгертетін саяси, әлеуметтік, экономикалық жағдайларының барша 

маңыздылығына қарамастан, іс жүзінде адамның іс-қайраткерлігін бағалаудың өлшемі мен алғышарты 

ретіндегі жалпыұлттық мәдениеттің мәні мен мазмұнына жүгінбей қала алмаймыз.

Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI сессиясында сөйлеген сөзінде: 

«Қазақстан халқының этностық және мәдени саналуандығы мен төлтумалығын сақтауға байланысты 

жаңа қадамдар іздеген жөн», – деген ұйғарым жасаған еді [1]. Сол себепті, ұлтаралық қатынастарды 

жетілдірудің  өзекті  мәселелерінің  бірі  ұлтаралық  қарым-қатынас  мәдениетін  қалыптастыру  және 

дамыту, оған тәрбиелеу мәселесі болып табылады. Бұл мәселе қазіргі таңда ерекше назар аударуды 

қажет ететін өзекті теориялық және тәжірибелік мәселелер ішінде басты орындардың біріне ие болуы 

тегін емес. Ұлтаралық қатынастардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани аспектілерінен 

бөлек, жалпы қарым-қатынас мәдениетінсіз және, әсіресе, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінсіз 

ұлтаралық қатынастарды салауаттандыру мүмкін емес.

Бүгінде Қазақстанның этносаралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы тәжірибесі бүкіл ЕҚЫҰ-



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

184


на мүше елдерде қызығушылықпен зерттелуде. Сондай-ақ, этносаралық келісім моделі біздің  осы 

беделді Ұйымдағы төрағалығымыздың басты алғышарттарының біріне айналып отыр. Осыған орай, 

қазіргі таңда күрделілігі мен қайшылығы қатар жүретін біздің көпұлтты қоғамның дамуы мәселелері 

кешенінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мәселелері айрықша маңызды орынға ие.

Қазіргі таңда еліміздің негізі бағдарламалық құжаттарында ұлтаралық келісім саясатына база на-

зар аударылуда. 

«Қазақстан-2030»  Стратегиясында  еліміздің  күші  –  саяси  тұрақтылық  пен  қоғамның  бірлігінде 

екендігі айқын көрсетілген [2]. Біз көптеген дамушы және посткеңестік елдерді орын алған қоғамдағы 

конфронтациядан  айналып  өткенімізге  және  мемлекеттегі  жағдайды  барынша  тұрақтандыра 

алғанымызды  мақтан  етеміз.  Алайда,  тұрақтылығы  мен  бірлігі  мығым,  топтасқан  елдер  қатарына 

қосылу үшін, біз барлығымыз, өзге ұлттарды бөтенсітпей, бір үйдің баласындай өмір сүруіміз үшін әлі 

де атқарылар істер көп, ол үшін мақсаттарды айқындап алып, сол бойынша жүруіміз керек. Қоғамда 

этносаралық келісімді нығайтуға бастайтын бірден бір жол – жастар арасында ұлтаралық қатынастар 

мәдениетін қалыптастыру қажет.  

Келесі  маңызды  құжат  Қазақстанның  2020  жылға  дейінгі  даму  Стратегиясын  алатын  болсақ, 

бұл  құжаттың  негізгі  бағыттарының  бірі  ретінде  ұлтаралық  келісімді,  қауіпсіздікті,  тұрақтылықты  

қамтамасыз ету екендігі бөліп көрсетілген. 

2020  жылға  дейінгі  Ішкі  саяси  саладағы  негізгі  мақсат  бейбітшілік  пен  келісімділікті  сақтау, 

қазақстандық қоғамның тұрақтылығы мен орнықтылығын дамыту мәселелері. Мемлекеттің сыртқы 

саясаты әлемдік аренада ұлттық мүдделерді белсенді дамытуға, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін 

арттыруға және елдің халықаралық беделін нығайтуға бағытталады [3]. 

Этносаралық төзімділік және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісінің ерекшеліктері:

1) Қазақстандық үлгі бастапқыдан бастап «төменнен» құрылған. Этностардың қоғамдық ұйымдары 

және этномәдени бірлестіктер мен мемлекеттің өзара іс-әрекеті арқылы пайда болған азаматтық қоғам 

институттары негізінде құрылды.

2) Барлық этностық топтар жоғары азаматтық-құқықтық және қоғамдық мәртебеге ие. Олар аз ұлт 

өкілдері ретінде емес, барлық құқыққа ие Біртұтас Қазақстан елінің азаматы ретінде қарастырылады.

3)  Қазақстан  этностары  мүдделерінің  саяси  орындалуы  және  өкілділігі  жоғары  мемлекеттік 

деңгейде жүзеге асады. Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы қызметін Қазақстан Президен-

ті  -  Конституция  кепілі  атқарады,  аталған  жағдай  Ассамблеяның  жоғары  мәртебесін  айқындайды. 

Ассамблеяның жоғары органы - жыл сайын өткізілетін сессияның шешімі - барлық мемлекеттік ор-

гандар  тарапынан  орындалады.  Сессиялар  арасында  түрақты  жұмыс  органы  Ассамблея  Кеңесінің 

жұмысына Мемлекеттік хатшы төрағалық етеді [4].

4)  Этнос  топтарының  мүддесі  Парламенттегі  заңмен  бекітілген  Ассамблея  өкілдігі  арқылы 

қамтамасыз  етіледі,  нәтижесінде  Ассамблея  атынан  Мәжіліске  сайланған  9  депутат  елдегі  барлық 

этностардың мүддесін тұтастай қорғайды [4].

5) Қазақстандық үлгі негізінде «Бірлікке саналуандылық арқылы» деген жұмылдырушы ұстаным 

енгізілген.  Мәдени  саналуандылықты  сақтау  және  дамыту  мақсатында  мемлекет  этнос  тілдері 

мен  мәдениетін  қолдау  бағытында  нақты  саясат  ұстанады.  Төзімділік  мәдениетін  қалыптастыру 

бағытындағы маңызды элемент Этномәдени білім беру концепциясын жүзеге асыру болып табылады.

6) Қазақстанда этносаралық қатынастарды саясаттандырмау қағидаты бекітілген.



ҚР этносаралық қатынастар саласындағы нормативтік-құқықтық актілер

 Қазақстан Республикасы адам  құқығы саласына қатысты 160 негізгі халықаралық норматив-



тік құқықтық актіні бекітті. ҚР Заңнамасы өз азаматтарының этностық  құқығын қамтамасыз ету-

ге  қатысты  Негізгі  халықаралық  құжаттардың  талаптарына  толықтай  жауап  береді.  Олар:  1992  ж. 

қабылданған Адами өлшем бойынша Копенгаген Конференциясына; 1996 ж. бекітілген Аз ұлттардың 

білім беру саласындағы құқықтары туралы Гаага ұсынымдарына;

 1998 ж. Аз ұлттар құқықтарына қатысты Осло ұсынымы;



 1999 ж. Аз ұлттардың қоғамдық саяси өмірге тиімді қатысуы, Лунд ұсынымдары; 2003 ж. 

 Аз ұлттың тілдерін телерадиоарналарда қолдануға бағытталған ұсынымдар болып табылады



 Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық рефе-

рендумда қабылданды.

  ҚР  «Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  туралы»  Конституциялық  заңы  1995  жылғы  28 



қыркүйек № 2464 (2007 жылғы 19 маусымдағы өзгертумен.)

 ҚР «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар туралы» Заңы 2005 жылғы 12 сәуір. № 36



  ҚР  Президентінің  2006  жылғы  20  шілдедегі  «Азаматтық  қоғамды  дамытудың  2006-2011 

жылдарға арналған тұжырымдамасы» № 154 Жарлығымен бекітілді


№ 1 (92) 2013

185


  Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңы 2008 жылғы 20 

қазан. № 70-IV

  ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңы 1996 жылғы 31 мамыр № 3



Этносаралық қатынастар саласындағы конституциялық негіздер мен стандарттар:

  14-6ап.



2-тармақ. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, 

тіліне,  дінге  көзқарасына,  нанымына,  тұрғылықты  жеріне  байланысты  немесе  кез  келген  өзге 

жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

  19-бап.



1-тармақ. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны 

көрсету-көрсетпеуге хақылы.

  20-бап.



3-тармақ. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, 

мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық 

және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға 

немесе үгіттеуге жол берілмейді.

  22-бап.



1-тармақ. Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. 2-тармақ. Ар-ождан бостандығы құқығын 

жүзеге  асыру  жалпы  адамдық  және  азаматтық  құкықтар  мен  мемлекет  алдындағы  міндеттерге 

байла¬нысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.

  39-бап.2-тармақ. Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген өрекет конституциялық емес деп 



танылады

  50-бап.2-тармақ. ... Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің біл-



дірілуін  қамтамасыз  ету  қажеттілігі  ескеріліп,  Сенаттың  он  бес  депутатын  Республика  Президенті 

тағайындайды.

  51-бап. 1-тармақ. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және тете 



сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депута-

тын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды [4]. 

Этносаралық және конфессияаралық келісім, түрлі этномәдени қауымдастықтардың мүдделерінің 

тепе теңдігін сақтау азаматтық қоғам құру мен мемлекеттілікті сақтау болып табылады. 

Қазақстанды елде этносаралық төзімділік пен көпконфессиялы келісімнің табысты үлгісін құра 

алған  мемлекет  ретінде  біледі  көпшілік.  Бұл  орынды  айтылған  пікір.  Қазақстан  халқының  бірлігі, 

ұлттық  азшылықты  дамытуға  және  олардың  құқықтарының  қорғалуына  барлық  жағдайды  жаса-

уы,  этникалық,  діни  және  мәдени  алуандылықты  мемлекеттік  қолдау  Қазақстанның  бұл  саладағы 

саясатының негізін құрайды. 

Ұлтаралық қатынастар саласындағы саясатқа SWOT талдау жүргізіп көрейік. 



Күшті жақтары (Strength)

1. Демократияландыруға үлес қосатын, кең ауқымды әлеуметтік мәселелерді шешетін азаматтық 

қоғам элементтері, қоғамдық құрылымдар құрылды

2. Қазақстандық қоғамның басты принциптерінің бірі ретінде төзімділікті нығайтуға ықпал ететін 

- Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы қабылданған. 

3. Елдегі этнос өкілдерінің бейбіт өмір сүруінің көп жылдық тәжірибесі. 

4. Төзімділік мәдениет белгісі ретінде. 

5. Саяси, этносаралық және конфессияаралық тұрақтылық. 

6. Этносаясатты жүзеге асыруда президенттік институттың рөлі. 

7. Ұлтаралық қатынастар саласын реттеу және дамыту бойынша мемлекеттік органдар мен меке-

мелер желісінің болуы. 

8. Қазақстан халқы Ассамблеясының болуы және оның мәртебесінің біртіндеп көтерілуі (кеңесші 

органнан конституциялық органға ұласты);

9. Қазақстан халқының Ассамблеясы атауынан “Қазақстан халқы Ассамблеясына” өзгеруі – бұл 

азаматтық ұлтты құру мақсаттарына сәйкес келеді;

10. Ұлттық және этникалық бірегейлікті үйлестіруге тырысушылық;

11. Мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты ретінде біртұтас ұлтты қалыптастырудың қажеттілігін 

мойындау;

12. Халықтың басым бөлігінің екі тілді болуында. 

Әлсіз жақтары (Weakness)

1. Қазақстандық этносаясаттың «жастығы» 



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

186


2. Этносаясат мәселелері бойынша шешімдерді дербес шығару тәжірибесінің болмауы;

3. Этносаясатты нормативті-құқықтық рәсімдеудің әлі де жетімсіздігі;

4. Мемлекеттік органдардың қызметтеріне үйлестірудің қажеттілігі;

5. Этносаясаттың негізгі бағыттары туралы қоғамның толық ақпараттанбауы; 

6. “Этносаясат” терминінің анықталмауы, қазақстандық ғылымда оның мазмұнының бұлыңғырлығы;

7. Этносаясаттың негізгі катеогрияларының біртексіздігі және көп жүйелілігі. 



Мүмкіндіктері (Opportunities)

1. Ұлт бірлігі Доктринасын жүзеге асыру процесіне түрлі қоғамдық-саяси күштерді тарту;

2.  Қазақстанның  ЕҚЫҰ  төрағалығын  ұлтаралық  қатынастардың  үйлесімділігін  саяси-құқықтық 

қамтамасыз ету саласында өзара тәжірибе алмасу мүмкіндігі ретінде пайдалану;

3. ЕҚЫҰ біріге ұлтаралық қатынастар мониторингін жүргізу;

4. Әлемдік зерттеу орталықтарымен ғылыми байланыс орнату;

5. Дамыған азаматтық қоғамды қалыптастыру мақсатында халықаралық қатынастардың потенци-

алын пайдалану;

6. Ұлттық идея – жалпыұлттық болуы тиіс! Ұғымын кеңінен тарату. 

Қауіптер (Threats)

1. Жаһандану қауіптері: терроризм, діни радикализм, бұқара мәдениет, этникалық және әлеуметтік 

шиеленістер;

2. Ұлтаралық қатынастардың саясилануы;

3. Қазақ ұлтының құқықтық мәртебесінің реттелмеуі;

4. Ішкіконфессиялық және конфессияралық қайшылықтар;

5. Азаматтық ұлт үлгісінің теориялық негізделуінің жеткіліксіздігі;

6. Жалпықазақстандық ұлттық сананың қалыптасуы процесінің кідірмелілігі;

7. Ұлттық идея – қазақтың ұлттық идеясы ұғымы. 

Ұлтаралық  қатынастар  әр  түрлі  ұлттардың,  ұлтаралық  қауымдастықтар  адамдарының  арасын-

да  субъективті  қатынастар  ретінде  айқындалады.  Өмірдің  түрлі  салалары  –  саясат,  еңбек  қызметі, 

тұрмыс, отбасы, достық, бейресми қатынастар саласында қалыптасады.

Іс-әрекеттің әр түрлі салаларындағы ұлтаралық байланыстарды орнатуда және бағдарлауда, ұлттық 

стереотиптерде,  адамдар  мен  нақты  ұлттық  қауымдастықтардың  көңіл-күйлерінде  және  жүріс-

тұрыстарында, қылықтарында көрінеді. Ұлтаралық қарым-қатынастың достық, бейтарап, шиеленісті 

болуы мүмкін [5]. 



Жастардың ұлттарына байланысты бөліну көрсеткіші 

1−диаграмма

Жалпы алғанда статистика бойынша Қазақстан халқы жастарының үштен екі бөлігінен астамын 

қазақтар, шамамен бестен бір бөлігін – орыстар құрайды, қалған халықтардың үлесі 3%-дан аспайды 

(1−диаграмма) [6].    

Қазақстандағы татулық бүгінгі күні – идеологиялық құрылымдар мен саяси мәтіндерге енгізілген 

жетекші құндылықтардың бірі. Соған қарамастан бұқара сананың сипаты ретінде ол растау (қоғамдық 

пікірдің қатаюы арқылы) және қолдауды (ақпараттық және қоғамдық іс-шаралар арқылы) қажет етеді. 


№ 1 (92) 2013

187


Айтылғандардың  барлығы  бұрынғы  отаршылдық  синдромының  ушығуы  және  ұлттық  фактордың 

әсерінің күрт өсуі жағдайларында барынша өзекті болып отыр.

Жыл сайын ҚР білім және ғылым Министрілігінің тапсырысымен жастардың қызметтерінің түрлі 

салалары бойынша, атап айтқанда ұлтаралық қатынастар саласында қоғамдық пікірді әлеуметтанулық 

өлшеу жүргізіледі.

2010 жылы жүргізілген сауалнама бойынша «Этносаралық бейбітшілік, келісім және тұрақтылық 

– өркениетті қоғам мойындаған маңызды әлеуметтік құндылықтар» деген пікірмен респонденттердің  

89,7% (жауап нұсқалары «толығымен келісемін» және «келісетін сияқтымын») келіскен, ал пікірмен 

келіспейтіндер 6,3% (жауап нұсқалары «келіспейтін сияқтымын» және «келіспеймін») құрайды [6]. 

Осылайша,  ұлтаралық  әлемнің  құндылығы  –  бұл  бүгінгі  күні  республикада  қоғамдық  сананың 

тұрақты компоненті деуге болады.

Ұлтаралық қатынастардың жай-күйі сұрау салуға қатысушылардың көпшілігімен (77,9%)  «достық» 

және «қауіп-қатерсіз» сияқты пікірлер арқылы айқындалды. Оларды бейтарап сипаттағандар – 15,7%. 

Сұрау салынғандардың 4% («шиеленіскен» (2,5%) және «жанжалды» (1,4%) пікірдегілер) теріс баға 

берді [6].

Жастардың басым бөлігі ұлтаралық қатынастардың соңғы 3-5 жылда өзгергендігін атап көрсетеді: 

25,7% ұлтаралық қарым-қатынастар анағұрлым жақсарған,  18% - жақсарған жоқ деп есептейді.

Ешқандай өзгеріс болмағанын – «бұрынғы қалпында қалды» деген пікірді - сұрау салынғандардың 

38,2% белгілеген.

Сұрау  салуға  қатысқандардың  8%  ұлтаралық  қарым-қатынастар  жүйесінде  теріс  өгерістер  бар 

екенін айтқан (толығырақ 2-диаграмма).

Сіздің аймағыңызда (қала, ауыл) түрлі этникалық шығу-тегіне байланысты адамдар арасындағы 

қатынастар  соңғы  3-5  жылда  қаншалықты  өзгерді:  жақсы  немесе  жаман?  –  Сауалнамасының 

қорытындысы

 

 2 − диаграмма

Ұлтаралық қатынастар жүйесіне оң әсерін тигізген факторлар қатарына сұрау салуға жауап бер-

гендер мыналарды: халықтың әл-ауқатын арттыру (35,1%), мемлекеттік саясатты (22,1%), сондай-ақ 

өңірлердегі экономиканы тұрақтандыруды жатқызады.

Ұлтаралық  қатынастардың  нашарлауын  белгілеген  респонденттер  көрсеткен  теріс  факторлар 

мәдениеттің  төмендеуіне,  адамгершіліктің  құлдырауына  (25%  таңдаған),  қоғамдағы  ұлттық  көңіл-

күйлердің өсуіне (22,7%), ауыл халқының қалаға ағылуына (18,2%), сондай-ақ көрсетілген ұлттық 

топтардың байланысының өзгеруіне (18,2%) қатысты болады.  

Ұлтаралық  және  конфессияаралық  қарым-қатынастар  саласындағы  ресми  дискурс  Қазақстан 

Халқы Ассамблеясының (ҚХА), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-

кеңесші органның қызметімен ұсынылған.  



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

188


Респонденттер Ассамблея қызметі туралы қаншалықты хабардар және олар осы жұмысқа қандай 

бағалар береді? Респонденттердің 74,2%-ы Қазақстан Халқы Ассамблеясының бар екендігі туралы 

біледі, оның ішінде 62,6%-ы оның жұмысына оң баға береді («ҚХА-ның қызметі тиімді деп есептей-

мін» жауап нұсқасы), 11,6%-ы ҚХА-ның қызметі тиімсіз деп есептейді [6].

Этносааралық қатынастарға кері ықпал етугі факторлар ретінде мәдениеттің төмендеуі, қоғамдағы 

адамгершіліктің құлдыруы, ұлттық сананың өсуі аталып көрсетіледі. 

Жастар Қазақстан халқы ассамблеясының жұмысымен таныс және оның қызметін дұрыс бағалайды. 

Қорытынды тұжырымдар:

1.  Ұлтаралық  қарым-қатынас  мәдениетін  нығайтудың  аса  маңызды  факторы  ретіндегі 

толеранттықтың  дамуы  мен  қалыптасуы  қазіргі  саяси-әлеуметтік  жағдайдың  басты  принциптеріне 

жатады. Толеранттық – мәдениеттің тұтастығы көрініс табатын, осы тұтастықта қатар тіршілік ететін 

алуан сипатты субъектілердің іс-қайраткерлік өрісі арқылы өткізетін принцип, осы себепті, мәдениет 

өзін тұтастық ретінде сақтайды.

2.  Халықтардың  ұлтаралық  қарым-қатынас  мәдениетіндегі  қиындықтары  мен  қайшылықтары 

және оларды шешудің әдістерін, салдары мен формаларын қарастыра отырып ұлттық факторлар мен 

жалпыадамзаттық мәселелерді ұштастыра білу қажет. Әр халықтың ұлттық ерекшеліктерін, ментали-

теті мен психологиясын ескере отырып, жалпыадамзаттықтың негізі ұлттықта жатқанын зерделеудің 

маңызы зор.

3. Бүгінгі таңда ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі қазақстандық патриотизмді қалыптастыру 

қоғамның дамуы мен саяси тұрақтылығына байланысты маңызды мәселелердің бірі. Патриотизмді 

қалыптастыру – бұл мемлекеттік міндет, қоғамның саяси-әлеуметтік тапсырысы. Патриотизм өмірдің 

жекелеген қырлары, жағдаяттар, оқиғалар мемлекеттің, Отанның, Атамекеннің тұтастығы мен біре-

гейлігімен тікелей байланыста қаралатын қоғамдық-саяси қатынастардың мәні мен құндылықтарын 

зерделеу тәсілі ретінде көрінеді.

4.  Халықтардың  қарым-қатынас  мәдениеті  және  оның  тәрбиесі  еліміздің  дамуының 

жалпыадамзаттық және ұлттық қырларының бірлігін қамтамасыз етуге қолайлы жағдайлар туғызуға 

септеседі. Және, керісінше, жалпыадамзаттық және ұлттық мүдделердің  үйлестігі ұлтаралық қарым-

қатынас мәдениетін дамытуға және тәрбиелеуге қолайлы жағдай туғызады.

5.  Көпұлтты  мемлекетте  ұлтаралық  қарым-қатынас  мәдениетін  тәрбиелеу  мақсаттарын 

қалыптастыру және оның саяси механизмдерін айқындау халықтың этноконфессиялық құрамының 

мүдделерімен, халықтардың өзара қатынастары сипатымен сәйкестікте жүзеге асырылады. Сондай-ақ, 

Қазақстан халықтарын  достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу мен олардың тарихына, дәстүрлеріне, 

ұлттық ар-намысына деген сый-құрметті қалыптастырудың маңызы зор.

6. Отбасындағы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеуде ұлттық тәрбиенің орны ерек-

ше. Бұл адам бойында жалпыұлттық, жалпыадамзаттық мазмұн негіз болған адамгершілікті-өнегелік 

құндылықтарды қалыптастыруды бағдар етуді білдіреді.



ӘДЕБИЕТТЕР

1.  Қазақстан  Республикасының  Президенті-Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы 

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту -  Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтар http://www.

akorda.kz/kz 

2. Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы : Ел 

Президентінің Қазақстан халқына жолдауы/Алматы, Білім, 1998. 

3.  2020  Стратегиялық  жоспары:  Көшбасшылыққа  бастайтын  қазақстандық  жол/Қазақстан  Республикасы 

Байланыс және ақпарат министрлігі ; Ақпарат және мұрағат комитеті: ред. алқасы: С. Бирюков.- Астана, Дело-

вой мир Астана, 2010.

4. Конституция Республики Казахстан: Конституция Республики Казахстан принята на республиканском ре-

ферендуме 30 августа 1995 г./Алматы, Юрид. лит., 2007. - 44 с. 

5. «Государственная этнополитика Казахстана: новые тренды» методическое пособие для государственных 

служащих и руководителей этнокультурных объединений, гАстана – 2011 г., 200 стр.

6.  «2010  Қазақстан  жастары.  Ұлттық  есеп»,  Астана  2010  ж.  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 



министрлігінің Жастар саясаты департаменті, 75 б.

Редакцияға 13.10.2012 қабылданды.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет