Тіршілік цикілінің барлық кезеңдерінде өнім сапасын басқару
Өнімнің тіршілік циклының өндіріс алдындағы сатыларындағы мақсаты – өнімді зерттеу және оны жасап дайындауды негіздеу - жобаланатын өнімге қойылатын талаптарды жасап дайындау болып табылады. Бұл талаптар өнім дайындаушылар мен шығарушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып шығарылатын өнімнің жоғары деңгейін қамтамасыз ететіндей болуы қажет. Бұл мақсаттарды шешудің бастапқы мәліметтері маркетингтік қызметтің нәтижесімен анықталады.
"Маркетинг" термині market деген ағылшын сөзінен алынып, нарық жағдайындағы кызметті көрсетеді
Кәсіпорынның осы кызметіне байланысты екі ерекшеленген қызмет түрін айтуға болады. Олар өнімнің тіршілік циклының маңызы және сатыларына байланысты әртүрлі болады.
Бірінші түрі кәсіпорынның өнімге қойылатын талаптарды дайындау мақсатында, оның шығарылуын қамтамасыз ету мүмкіншілігін іске асыруы бойынша рыноктың және оның мүмкіншілігін талдауды қамтиды. Бұл өнімнің жобалау алдындағы сатысында және жобалау кезінде жүргізіліп, зерттеулер мен жобалау нәтижесінде рынокта бәсекелес мүмкіншілігі бар бұйымдарды жасауға бағытталады. Бұл дегеніміз басқа кәсіпорындарда шығарылатын осындай (ұқсас) өнімдерге орын бермей, тұтынушылардың белгілі контингентін өзінін тұтыну қасиеттері мен экономикалық көрсеткіштері бойынша камтамасыз ету.
Екінші түрі өнімді рынокта өтуіп (сатылуын) қамтамасыз ететін жұмыстар мен іс-шаралардын нақты жиынтығы болып табылады. Ол өнімнің тіршілік циклының екі - өндіріс және жұмысқа пайдалану сатыларына, жатады. Ол өнімді сату (өткізу) және осы өнім шығарушы кәсіпорын үшін экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін сатуды жоспарлау, сату, жарнамалау және басқа да жұмыстарды қамтиды.
Жаңа өнімді жасап дайындаумен немесе өндірілген өнімнің түрлерін өзгертумен байланысқан нарық жағдайындағы қызметтің бірінші түрі мынадай кіші түрлерді қарастыруы қажет :
1. Шығарылатын немесе шығарылуы жоспарланған өнімді талдау;
2. Тұтынушыларды және баға саясатын жасауды талдау;
3. Өнімді сатудың болжаланған рыногынын сыртқы ортасын талдау;
4. Рыноктың тенденциясын талдау.
Шығарылатын немесе шығарылуы жоспарланған өнімді талдау. Бұл қызметтің мақсаты өнім және оны шығару шарттары жөніндегі жағдайлар бойынша ұйым басшылығының анық білуін және осының негізінде алға қойылған мақсатқа жету жоспарын жасап дайындау болып табылады. Таңдау мынадай аспектілер бойынша жүргізіледі:
• өнім;
• оны жасау технологиясы;
• өндірісті (құжаттардың жағдайларын, кадрларды, байланысты және т.б. қоса отырып) ұйымдастыру.
Осы талдаудың нәтижесінде тұтынушылар мен сыртқы ортаны талдауды ескере отырып, өнімді жасауды немесе оның түрлерін өзгертудің техникалық тапсырысы жасалады, ол содан соң техникалық шарттар, конструкторлық және техникалық құжаттар, сонымен қатар іс-шаралар жоспары ("нарықтық кызметтер жоспары", "бизнес-жоспар") дайындалады.
Тұтынушыларды және баға саясатын жасауды талдау.
Өнім жеткізіп беруші тұрғысынан қарағанда тұтынушының манызды сипаттары оның өнім сапасына және бағасына қоятын талаптары болып табылады.
1 Қазір жұмыс істейтін және де келешекте жұмыс істеуі мүмкін тұтынушыларды талдау дегеніміз тұтынушылар мен олардың кажеттіліктерінің экономикалық, әлеуметтік, географиялық, демографиялық (халықтың санын, құрамын және орналасуын сипаттайтын) және басқа да сипаттарын зерттеу болып табылады.
Осыларға байланысты нарықтық қызметтің тұтынушыларды түрге бөлу (типологиясы), рынокты бөлу (сегментациялау) және панелді зерттеулер сияқты тәсілдері қолданылады.
Типология дегеніміз әртүрлі критерилер негізінде тұтынушыларды таптастыру болып табылады. Типологияның ең көп таралған әлеуметтік-экономикалық және демографиялық сипаттар жыныс, жас, қызмет, пайда, жанұя құрамы және т.б. еске ала отырып таптастырылған түрі болып табылады. Сегментация халықтың белгілі бір түр (тип) топтарына қойылатын талаптардың сандық параметрлерін анықтауға бағытталады. Типология және сегментация жасаудың ақпараттық-әдістемелік базасы болып панелді зерттеулер болып табылады.
Тұтыну панелі дегеніміз оларды тандап алып, оларға жүйелі түрде бақылау жүргізілетін тұтынушылардың жиынтығы.
2. Тіршілік циклдың осы сатысында баға саясатын жасау, соңынан баға саясатын анықтайтын мәселелерді анықтауды қамтиды.
Бұл мәселелерге баға мен сұраныс арасындағы байланысты анықтау жатады. Әдетте, баға мен сұраныс арасы кері пропорционал байланысты, бірақта осы ережедсн ауытқу болуы да мүмкін.
Сонымен қатар, баға саясатын жасау кезінде мынадай факторларды ескеру қажет:
бағаның өнім сапасы деңгейіне, оны жұмысқа пайдалану кезіндегі экономикалық тиімділігіне байланысы;
2. шығындар мен пайда қатынастарын бағалауды жүргізетін және бәсекелестердің осындай нәтижелерін салыстыратын ұйымдардың (мысалы. тұтынушылар қоғамы) болу немесе болмауы;
3. экспортка (сыртқа) шығарылатын өнімдер үшін - өнімді жеткізіп беру көзделіп отырған елде баға деңгейіне, пайдаға және бағаны өзгерту еркіндігіне шектеулер барлығы немесе жоқтығы;
4. өнім шығару циклдерінің сатылары қандай немесе бағаны анықтау, сату көлемінің өсуі, рыноктың толуы немесе сұрапыстың төмендеуі мерзімдеріне сәйкес екендігі немесе сәйкес еместігі.
Мына 16-суретте өнім жасалуы бойында сату көлемі және пайданың байланысының типтік сипаты көрсетілген.
Мұнда бірінші мерзім өнімді рынокқа өндіруге, екінші өнімді сатудың жоғарылауы немесе пайданың өсуі, үшінші - ең жоғары сату және ең жоғары пайда табу мерзімі. Төртінші мерзімде құлдырау басталады. Бұл мерзімде сату көлемін ұлғайту мақсатында бағаны төмендету және осы арқылы пайданы өсіру мүмкіншілігі туындайды. Мұндай іс-шаралар қарастырылған циклдің кез-келген сатысында жүргізілуі мүмкін.