Қ. И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ГАЗЕТІ
ГАЗЕТА КАЗАХСКОГО НАЦИОНАЛЬНОГО ТЕХНИЧЕСКОГО УНИВЕРСИТЕТА им. К. И. САТПАЕВА
2000 жылдың
қазан айынан шығады
№06 (131)
қыркүйек,
2013 жыл
РУХАНИЯТ. АДАМГЕРШІЛІК. САМҒАУ. РЕАЛЬНОСТЬ. АНАЛИЗ. СТРАТЕГИЯ.
2013-2014 жаѕа оќу жылы ќўтты болсын!
Бәріміздің мектеп қабырғасында жүрген кезде болашағымыз
жайында, алдағы сынақтардан сүрінбей өту туралы көп ойлай-
тынымыз рас. Мені де келешекте қандай мамандықтың иесі бо-
латыным, еліміздегі қай оқу орнында
білім алатыным көп толғандыратын.
«Білім – таусылмайтын кен» демек-
ші, жастайыңнан білім іздеп, іздену-
ден жалықпасаң, көздеген мақсатыңа,
арманыңа қол жеткізесің. Алматыдағы
№157 жалпы білім беретін мектепті
үздік оқып бітірдім. Мектепте жүргенде
математика, ағылшын пәндерінен түрлі
олимпиадаларға қатысып, жүлделі
оралғаным, сонымен қатар өткізілетін
түрлі байқауларға қатысқаным көп
көмегін тигізді деп ойлаймын. Биыл
мектеп бітірерде Ұлттық бірыңғай тес-
тілеуден 111 балл жинадым. Соның
нәтижесінде еліміздегі техникалық білім беруден алдыңғы қатарда
тұрған жетекші оқу орны – Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың
Ө.Байқоңыров атындағы Тау-кен металлургия институты «Геодезия
және картография» мамандығының грантына ие болдым. Осылай-
ша ҚазҰТУ-дың студенті атанып отырмын. Қазір қуанышымда шек
жоқ. Бүгіндері техниканың, ақпараттық технологияның дамыған
заманы. Сондықтан да техникалық мамандарға сұраныс көп. Сту-
денттік өмір басталды, мұнда да сабағымды үздік оқып, анамның
үмітін, елімнің сенімін ақтап, мамандығымды терең меңгеруге
тырысамын. ҚазҰТУ-дай оқу орнын таңдағанымды мақтанышпен
айтамын. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық
университетінің еліміздегі оқу орындары арасында алар орны ерек-
ше. Бұл жерден талай белгілі азаматтардың, ғалымдардың, мемле-
кет және қоғам қайраткерлерінің шыққаны белгілі. Болашақта да
бұл жерден әлі талай мықты мамандар шығатынына сенемін!
Назым САЙЛАУХАНОВА,
Ө.Байқоңыров атындағы
Тау-кен металлургия институты
«Геодезия және картография» мамандығының
1-курс студенті
ЌазЎТУ-дыѕ
СТУДЕНТІ АТАНДЫМ!
Қуанышты сәт
ҮШ БАҚЫТЫМ
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Кұдай деген кім десе, Отан дер ем!
…Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел дағы, от ал менен.
Мұқағали Мақатаев
Бұл атау мал
ш а р у а ш ы л ы ғ ы н а
байланысты шыққан.
Қой мен ешкінің
төлдеу мерзімін реттеу, атап айтқанда, оны
жылдың жылы айларына келтіру және малдың
қоңын толықтыру мақсатымен қазақ шаруалары
жаздың басында қошқарлар мен текелерге күйек
байлаған. Байланған күйек тоқсан күннен кейін
алынып, аталық малдар еркін, бос жіберілетін
болған. Қыр қазақтарының күйек ағытатын айы
“қыркүйек” деп аталған. Қыркүйек атауы өлең-
жырларда жиі кездеседі.
Ескілікті жырларда:
Үш ай тоқсан болғанда,
Құтылар қошқар күйектен,
– делінеді. Ал Нысанбай жы-
рауда:
Ай үш тоқсан күні еді,
Шаруа шешкен күйегін, –
деген жолдар бар. Сол сияқты мұндай тіркестер
Ілияс Жансүгіровтің “Күз” өлеңінде де кездеседі.
Онда былай делінген:
Ел күйекті шешіпті,
Есепші айтты десіпті.
Демек, күздің осы алғашқы айы атауы
малдың күйекке түсетін кезіне сәйкес орайласып
шыққан.
“Мұсылман күнтізбесінен”
ЌЫРКЇЙЕК
Білгенің артық болмас
1-ќыркїйек – Білім кїні!
Коллажды әзірлеген Дамир Таиров
СТУДЕНТТІК ҐМІРЛЕРІЅЕ СƏТТІ ЌАДАМ ТІЛЕЙМІЗ!
СТУДЕНТТІК ҐМІРЛЕРІЅЕ СƏТТІ ЌАДАМ ТІЛЕЙМІЗ!
2
“Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы” Қауымдастығы
Ассоциация “Евразийский экономический клуб ученых”
“Eurasian economic club of scientists” association
Ректору КазНТУ
им. К.И.Сатпаева
АДИЛОВУ Ж.М.
УВАЖАЕМЫЙ ЖЕКСЕНБЕК МАКЕЕВИЧ!
Позвольте выразить Вам и всему коллективу искреннюю благодарность за вне-
сенный неоценимый вклад в организацию и проведение VI Астанинского экономи-
ческого форума и Всемирной Антикризисной конференции.
Согласно опросам большинства участников и спикеров, Форум прошел на вы-
соком международном уровне. В столь масштабном мероприятии приняло участие
свыше 10 000 участников из 136 стран, а его работу освещали 850 казахстанских и
более 200 зарубежных журналистов.
За время работы Форума был проведено более 80 мероприятий различных фор-
матов, результатом работы которых стали выработка рекомендаций для прави-
тельств и подписание около 100 Меморандумов и Соглашений о сотрудничестве на
сумму 2,7 миллиардов долларов США.
Мы высоко ценим совместную работу по организации одного из ключевых ме-
роприятий Форума, а именно “Макроэкономический анализ, параметрическое ре-
гулирование и государственная политика в рамках региональных экономических
союзов”, которое вызвало большой интерес и высокие отзывы участников меро-
приятия.
Актуальные вопросы и состав спикеров указанного мероприятия привлекли
огромный интерес со стороны участников и средств массовой информации, о чем
свидетельствуют многочисленные публикации.
Данным письмом хотелось бы также отметить высокий профессионализм, от-
зывчивость и содействие в организации Форума сотрудников Казахского нацио-
нального технического университета им.К.И.Сатпаева, привлеченных к организа-
ции указанного мероприятия, в том числе научного руководителя государственной
научно-технической программы Ашимова Абдыкаппар Ашимовича, заместителя
научного руководителя государственной научно-технической программы Боров-
ского Юрия Вячеславовича.
Желаем Вам дальнейших успехов в работе, и выражаем надежду на сотрудниче-
ство в рамках VII Астанинского экономического форума.
С уважением,
КАРИМСАКОВ М.Р.
Президент
(Руководитель Исполнительного органа)
БЛАГОДАРНОСТЬ
Ректору КазНТУ
имени К.И.Сатпаева
профессору АДИЛОВУ Ж.М.
УВАЖАЕМЫЙ ЖЕКСЕНБЕК МАКЕЕВИЧ!
Позвольте выразить Вам глубокую благодарность за оказанную поддержку в
проведении церемонии чествования выпускников Программы образовательных
грантов (ПОГ) ОФ “БОТА”, которая состоялась в актовом зале КазНТУ.
Позвольте также выразить особую благодарность проректору по социальной
работе – руководителю Аппарата ректора Муканову К.Н., координатору по работе
со стипендиатами ПОГ, начальнику управления социальной работой Нагасбековой
Б.С, специалисту информационно-издательского центра Папэ Е.В., специалистам
отдела технического обеспечения мероприятий Абдикадирову С.С. и Каппарову
Д.К.
В этом году 23 стипендиата ПОГ закончили колледжи и 104 – вузы Казахстана,
всего 127 человек. Среди них 39 выпускников вузов г.Алматы, в том числе 3 сти-
пендиата – выпускники Вашего университета.
На церемонию в Алматы прибыли выпускники из 42 вузов и 16 колледжей из
всех регионов Казахстана (Алматы, Астана, Атырау, Актобе, Караганда, Кокшетау,
Костанай, Кызылорда, Павлодар, Семей, Тараз, Уральск, Шымкент). Отрадно от-
метить, что 50 человек получили дипломы с отличием.
В мероприятии приняли участие руководитель фонда “БОТА” Аарон Н.Борн-
стин, начальник управления по молодежной политике г.Алматы Бокаев С.О., про-
ректор КазНТУ по социальной паботе Муканов К.Н.
Церемония получила освещение в новостных программах ряда телевизионных
каналов (Алматы, ТАН, и др.) и на веб-сайтах вузов-партнеров (Актюбинский госу-
дарственный университет им. К.Жубанова, КазЭУ имени Т.Рыскулова, и т.д.).
С уважением,
Директор департамента
образовательных грантов ШАХАНОВА Н.Ж.
Ректору КазНТУ
им. К.И.Сатпаева
академику АДИЛОВУ Ж.М.
УВАЖАЕМЫЙ ЖЕКСЕНБЕК МАКЕЕВИЧ!
ТОО “Корпорация Сайман” выражает благодарность Вам и преподавательско-
му составу университета за подготовку студентов 2-го курса по специальности 05-
071600 “Приборостроение”.
Мы уверены, что растет достойное поколение высококвалифицированных спе-
циалистов, так как КазНТУ им. К.И.Сатпаева является ведущим техническим ву-
зом в Казахстане, который наилучшим образом отвечает задачам подготовки ка-
дров данного профиля.
Для нашей компании, которая является одним из отечественных товаропроиз-
водителей электротехнической продукции, важно, чтобы Казахстан имел высоко-
квалифицированные кадры.
Хотелось бы отметить, что за время прохождения практики студенты добросо-
вестно и ответственно относились к возложенным на них обязанностям. Студенты
освоили технологию пайки, сборки, упаковки и метрологической поверки выпуска-
емой продукции.
Поэтому просим объявить благодарность ниже перечисленным студентам:
1. Байсеитовой А.Д.
2. Мухамеди Д.Э.
3. Шукиралиеву Р.М.
4. Айса Н.М.
5. Абилдаеву Б.К.
6. Зейнолла К.М.
7. Садыкову Ш.Ж.
8. Жапархан Р.Р.
9. Джалиловой А.А.
10. Малик Н.Б.
11. Тузелову С.К.
12. Даулет А.М.
13. Турсынбай Д.Ж.
14. Каныбек М.Н.
15. Касымхан А.М.
16. Максымхановой У.Т.
17. Шабангараевой А.Ж.
Надеемся на дальнейшее плодотворное сотрудничество и желаем успехов в об-
учении и подготовке высококвалифицированных специалистов на благо Республи-
ки Казахстан.
С уважением,
директор АКЖАНОВ Ж.К.
Егемен еліміздің, жас мемлекетіміздің
болашағы, ертеңгі ел тізгінін ұстайтын,
алдыңғы толқын аға буынның орнын
басып, ізін жалғастыратын – жалын-
ды жастар екені даусыз. «Біліксіз қалар
жырақта, білімді жетер мұратқа» демек-
ші, білім бұлағынан нәр алып өскен бі-
лікті жан мұратына жетеді. Балалықтың
балдәуренінен бойын арылтып, келешек-
ке сеніммен, үмітпен қарап, өмірдің үлкен
белесіне қадам басқан әрбір саналы жас
өзі өмір сүрген қоғамда, үлкен өмірде кім-
дерге орын бар екенін ойлайды. Күреске,
арпалысқа толы өмір майданында сенімді
қару – тек білім ғана. Біліммен мықтап
қарулансаң, қадамыңды нық басып, еңсең
биік, мерейің үстем болмақ.
Қай мемлекеттің болсын ертеңі
– білімді жастарының қолында. Жастар-
ды білімге, саналы тәрбиеге бағыттау
қазіргі таңдағы маңызды мәселенің бірі
болып тұр. Қазіргі жаһандану заманы
жастардың білімге талпынуын талап
етуде. Тәуелсіз еліміз әлемде өз орнын
алу үшін жылдан-жылға өсіп, өркендеп
келеді. Тәуелсіздігімізді баянды етіп,
еліміздің бәсекеге қабілеттігін арттырып,
экономикалық тұрғыдан дамып, өркениет
көшінен лайықты орын алып, дамуы
бүгінгі жастарға, олардың талап-тілегіне,
арман-мұратына тікелей байланысты. ҚР
Президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның
болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер оларға
қалай бiлiм берсеңiздер, Қазақстан сол
деңгейде болады» деген болатын. Сон-
дай-ақ, Елбасы «Бұл заман – білекке се-
нетін емес, білімге сенетін заман» деп те
тегін айтпаса керек. Еліміз қазіргі таңда
Жастар саясатын қолға алып, талапты,
білімді, еңбексүйгіш ұрпақ тәрбиелеуге
айрықша көңіл бөліп келеді. Жас қауым
ата-бабамыздан мирас болған ұлттық
құндылықтарымызды,
тарихымызды,
дәстүрімізді жаңғыртып, ел экономика-
сын да, ғылымын да жан-жақты дамытуға,
туған елі үшін еңбектенуге міндетті. Қазір
тәуелсіз мемлекетімізде жастарға бі-
лім мен тәрбие беру, оларды әлеуметтік
тұрғыдан қолдау, ел келешегіне өз үлесін
қосатын азамат болып қалыптасуына
барлық жағдай қарастырылған. Бұл
– жастардың білім мен ғылымға деген
құштарлығын одан әрі күшейтті.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың
«Қазақстан-2050»
стратегиясы:
қалыптасқан мемлекеттің жаңа сая-
си бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауындағы
мынадай
ұлағатты
сөздер жастырымыздың болашаққа де-
ген сенімін нығайта түспек: «Бәсекеге
қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз
сауаттылығы жоғары елге айналуымыз
керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай
сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы
қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең
озық жабдықтармен және ең замана-
уи өндірістерде жұмыс жасау машығын
меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-
ақ балаларымыздың, жалпы барлық
жеткіншек ұрпақтың функционалдық
сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет.
Балаларымыз қазіргі заманға бейімдел-
ген болуы аса маңызды. Мен сөзімді,
әсіресе, жастарымызға арнағым келеді.
Бүгін мен жариялаған Жаңа саяси және
экономикалық бағыт сіздерге жақсы бі-
лім беруді, яғни, бұдан да лайықтырақ
болашақ сыйлауды көздейді. Мен сіздерге
– жаңа буын қазақстандықтарға сенім ар-
тамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы
күшіне айналуға тиіссіздер. Мемлекет
басшысы ретінде мен әрдайым сіздердің
оқуларыңыз бен өсіп-өнулеріңіз үшін
барлық жағдайды жасауға тырыстым».
Патриот,
отансүйгіш
жастары
болмаған елдiң болашағы бұлынғыр.
Сондықтан жастарымыз жердің де, елдің
де иесі екенін ұмытпай, тек алға қадам
басуға ұмтылуы тиіс.
Тарихтан білетін зиялыларымыздың,
батырларымыздың әрбір ісі кейін-
гі ұрпаққа өшпес өнеге. Ата-бабамыз
ұрпағына үлкен сенім артып кетті. Бүгінгі
жігерлі жастар сол сенімді абыроймен
ақтап, жастық жалынын ел игілігіне ар-
найды деп сеніммен айтуға болады. Жас
мемлекетіміздің абыройын өз елімізбен
қоса, шет ел асып қорғап жүрген белсенді
жастарымыз болашақта да жемісті еңбек
ете бермек.
Міне, 2013-2014 жылға арналған
жаңа оқу жылы да басталды. Бітірген
түлектеріміздің орнын жаңа толқын – сту-
дент атанған талапкер жастар толықтырды.
Олардың қуаныштарында шек жоқ екенін
де сеземіз. Енді жастар, сендердің студент-
тік жаңа өмірлерің басталды. Алғашқы
күннен әрбір уақыттарыңды тиімді пай-
даланып, оны оқу мен сапалы білім алуға
жұмсауды үнемі назарда ұстаңдар!
Эльмира ОРАЛБАЕВА
Кемелді келешек үшін
Кемелді келешек үшін
ЖАСТАР – ЌОЄАМНЫЅ БЕЛСЕНДІ КЇШІ
ЎСТАЗ СҐЗІН АЙТЫП ЖЇРДІК ƏН ЌЫЛЫП...
ЎСТАЗ СҐЗІН АЙТЫП ЖЇРДІК ƏН ЌЫЛЫП...
3
Ол – ең алдымен үлгілі ұстаз. Қазақстан Рес-
публикасы Ұлттық ғылым академиясының ака-
демигі, геология-минералогия ғылымдарының
докторы, ҚР еңбек сіңірген геолог-барлаушы, про-
фессор, ұлағатты ұстаз,
Қазақстан жоғары мек-
тебін дамытушылардың
бірі, ғылымға еңбегі сіңген
қайраткер.
1956 жылы әйгілі С.Ки-
ров атындағы Қазақ мем-
лекеттік
университетінің
геология-география факуль-
тетін бітіріп, Ақшатау кен
орнында инженер-геолог болып қызмет істеп жүрген
жас инженер ҚР Ұлттық ғылым академиясының пре-
зиденті, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың
тікелей жолдамасымен Майқайың Алтын-кен экс-
педициясына жұмысқа жіберілді. Осы жерде инже-
нер-геолог, партия бастығы болып жүріп, Орталық
Қазақстан бойынша алтын-кен орындарын іздеу, зерт-
теу, барлау жұмыстарымен тыңғылықты айналысты.
Еңбегі жемісті болып (Қарағанды-Өзек, Мұржық)
алтын және титан-магний кен орындарын ашты. Со-
нымен қатар, Майқайыңдағы алтын-кен орындарын
кешенді игеруге зор үлес қосты. Ленин атындағы
сыйлықтың иегері, академик И.Боктың жетекшілігі-
мен жазылған кандидаттық жұмысы осы кен орнының
сульфид кенінің құрамындағы алтынның және басқа
да түсті металдардың орналасу заңдылықтарын зерт-
теп ашты. 1983 жылы қорғалған докторлық диссерта-
циясы да Қазақстанның металлогениялық өлкесіндегі
алтын-кен орындарының жаратылысы мен орнала-
су заңдылықтары деп аталды. Майқайың және басқа
кеніштердің төменгі қабатында алтын қорының мол
екенін, басқа да асыл металдардың бар екенін дәлелдеп
шықты.
Жас ғалым кандидаттық жұмысын табысты
қорғағаннан кейін еліміздегі техникалық білімнің
қара шаңырағы – сол кездегі Қазақ политехникалық
институты, қазіргі Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-
дың «Пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» ка-
федрасына қызметке ауыстырылды. Осы оқу орнында
проректор, декан, кафедра меңгерушісі қызметтерін
атқарған ұстаз-ғалым бүкіл саналы ғұмырын, білімі
мен біліктілігін елімізге инженер-геологтар даярлау
жолына арнады. Осы күнге дейін 5000-ға тарта инже-
нер-геолог, ондаған ғылым кандидатын, екі ғылым
докторын даярлады.
Ғылымды дамытудағы зор жетістіктері үшін Мұқтар
Мұқашұлы Бәкенов алғашқылардың бірі болып
«Сәтбаев сыйлығын» иеленді. Геология саласындағы
білімді ғалымдардың бірі ретінде Қазақстан кен орын-
дары туралы Ұлыбританияның Лондон қаласында,
Американың Ньюстон қаласында, Канаданың Калга-
ри қалаларында баяндама жасап, алғаш рет Геология
және геофизика жетістіктері жөнінде танымдық шара
ұйымдастырды. Осы еңбектері жоғары бағаланып,
Калгари қаласының «Құрметті азаматы» атағын алды.
Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Мемле-
кеттік және жер қойнауын қорғау комитетін құру,
тәуелсіздігімізді нығайту, қазба байлықты тиімді пай-
далану жолында көп еңбек сіңірді. Осы комитеттің
төрағасы және Министрлер кабинетінің мүшесі бол-
ды.
25 монография мен 130-дан астам ғылыми еңбектің
авторы атанған М.Бәкеновтың еңбектері магистрант-
тар мен докторанттар және студенттер үшін құнды
дүниелер болып отыр. «Қазақстанның минералды ре-
сурстары», «Золоторудные формации Казахстана»,
«Бейметалсыз пайдалы қазбалар», «Месторождение
золота Казахстана» 1 және 2 бөлімі, «Минералого-гео-
химические и петрохимические особенности золотого
орудненение Жалаир-Найманской зоны», «Нерудные
месторождения Казахстана», «Нерудные полезные ис-
копаемые Казахстана», «Тас сыры» сияқты кітаптар
мен ғылыми еңбектері металлогения ілімін дамытуға,
жер қойнауындағы кен орындарын, олардың жаңа
түрлерін ашып, минералды шикізат қорын дамытуға,
ысырапсыз тиімді пайдалануға арналған. Екі тілде де
сауатты жазатын ұстаз-ғалым соңғы жылдары «Ака-
демик Қ.Сәтбаев атындағы ғылыми-танымдық және
рухани-тәрбие орталығын» ашып, сол орталыққа
басшылық жасап келеді. Қазақ, орыс, ағылшын тіл-
дерінде «Сәтбаевтану» оқулығын шығарды. Орталық
Қ.Сәтбаев мұраларын жинап, зерттеумен үздіксіз ай-
налысып, ұлы ғалымның ғылымдағы идеяларын дамы-
ту мақсатында жұмыс жасап жатыр. Орталық жаны-
нан «Сәтбаев мұрагерлері» клубы құрылып, жастарға
Сәтбаев мұраларының құндылығын, өзектілігін, асыл
мұрасын зерттеу мақсатында студент жастарға ар-
найы тақырыптар беріледі. Геология, мұнай-газ, тау-
кен, металлургия мамандықтарына «Сәтбаевтану»
сабағы жүргізілуде. Бұл білімге құштар жастарды
отаншылдық-патриоттық рухта тәрбиелеуде басты
құралдардың бірі болып отыр.
«Сәтбаев мұрагерлері» клубының мүшелері
ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып,
Сәтбаев мұралары бойынша баяндама жасап, ғылыми-
зерттеу жұмыстарын жазып жүр.
Бүгінде ұлағатты ұстаз, ғибраты
мол ғалым, қайраткерлік дәрежеге
жетіп, еліне елеулі, халқына қалаулы
азамат атанып отыр. Үш пер-
зент, бірнеше немере мен шөберелер сүйген ардақты
ата, аяулы әке. Қазақстанға танымал ғылым мен
мәдениеттегі өзі білетін, араласқан танымал тұлғалар
өмірінен «Өмірі өнеге тұлғалар» деген монографиясын
шығарды. Бұл еңбекте Қ.Сәтбаев бастаған танымал
қайраткерлердің ерекше қасиеттері мен азаматтық бей-
нелері көрсетілген.
Мемлекет тарапынан да, өзі ұзақ жыл қызмет етіп
келе жатқан ұжымның да марапаты мен қадір-құрметіне
бөленген Мұхтар Мұқашұлы – ұлтының болашағы
мен жастардың шынайы білім алуына алаңдап жүрген
ұлтжанды азамат. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев тәлімін
көріп, соның ақыл-кеңесімен қанағаттаған қайраткер
ағаның аталық тілегі де, соңынан ерген шәкірттеріне
артар аманаты да ұлтының қазба байлығы ұлттық
рухты ұлықтаған азаматтар қолында болса екен дей-
ді. Сонда ғана ырысты жердің игілігін ел көрер еді.
Ұлтымыздың көрнекті ғалымдары мен айтулы өнер
тарландары шыққан Баянауыл өңірінде туып, қазақ
мектебінен білім алып, ұлылар ұлағатымен сусындап
өскен рухы биік, тәлімі зор ақсақал-абыз қайда қызмет
істесе де, турашыл, өткір мінез, өзіне де, өзгеге де та-
лап қоя білетін тындырымды ісімен ортасына сыйлы
азамат.
Қазақстанның алтынын тасытып, қазынасын ашып,
геология ғылымын, оның жарқын жетістіктерін әлемге
танытқан ғалымның танымал тұлғасы мен терең білі-
мі зерделі жастар үшін үлгі-өнеге, үлкен мектеп бола
бермек.