Жылдың қазан айынан шығады



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата15.03.2017
өлшемі9,72 Mb.
#9703
1   2   3   4   5   6

ТАҢҒЫ ТӨБЕЛЕС

ТАҢҒЫ ТӨБЕЛЕС

Өзен бойымен Гогольге қарай беттегем. Құдайым-ау, 

Алматының  бүгінгі  бір  түні  мастарға  толып  кеткен  бе, 

қалай бұл!?

Сағат  тілі  таңғы  бестен  енді  асып  барады.  Бір  қыз, 

бір жігіттен екі жұп Гоголь  көшесінде Есентай көпірінің 

дәл  үстінде,  жол  ортасында  дауласып  тұр.  Дұрысы  бір 

қыздың қолындағы сөмкесін өзіне тарта қатты жұлқылап, 

айқайлап даурыққан қазақтың жас жігіті оны небір ұятты 

сөздермен  балағаттауда.  Қыз  да  қазақ.  Бәрі  де  қазақ. 

Қыздың  сөмкесін  өзіне  тарта  түседі,  ал,  қыз  болса  одан 

айырылғысы  келмейді,  түйген  жұдырығымен  қыздың 

төбесінен  төрт-бес  рет  түйгештеп  те  жіберген  жігіттің 

сөзін жақындағанда барып ұқтым.

–Айт  деймін!  –  дейді  жігіт  даусы  қарлыға.  –  Менен 

басқа сенің тағы кімің бар?! Жаңағы телефонға звондаған 

кім деймін!? Айт деймін!

–Ешкімім  де  емес,  үйден.  Мені  таң  атқанша  іздеп, 

күтіп отыр ғой.  Солар маған звондаған.

–Жоқ,  олай  емес!  Сен  маған  өтірігіңді  айтпа! 

Жұлқыласып,  шашы  алба-жұлба  болған  қыз  тағы  да 

ақталмақ болады. Бірақ оны тыңдайтын жігіт жоқ. Қасына 

ерген тағы бір қыз бен жігіт оларды ажыратпақ болады. 

Бірақ  онысынан  ештеңе  шығатын  түр  жоқ.  Бір  кезде 

ашулы әлгі жігіт қызының кофтасының омырауынан екі 

қолымен ұстады да “дар”, “дар” еткізіп екі жаққа айырды 

да тастады. Ашық қалған кеудесін екі қолымен жаба жан 

айқайы шыққан қыз ойбайлай, басын құшақтай жол орта-

сына  отыра  кетті.  Жақсы  болғанда  көшеде  әлі  көліктер 

жоқ еді, келіп қалған бір-екеуі оны айналып өтті. Сол сәт 

жерде жатқан қыз сөмкесіне қолын салған “сүйгені” іші-

нен оның ұялы телефонын алды да, тас жолға атып ұрды. 

Күл-паршасы шыққан “кінәлі” телефон қалдықтары бы-

тырай жан-жақта шашылып жатты. Кегін қыздан да, оның 

телефонынан  да  алған  жігіт  әлі  де  айызы  қанбағандай 

телефонның  етпетінен  жатқан  экранын  “Мә,  саған!  Мә, 

саған!” деп таптап та үлгерді.

Сырттан  қараған  жанға  ішіп  алған  мына  жастардың 

осынау қылықтары ерсіз әрі сорақы да күйінішті көрініс 

еді.


ТАҢҒЫ ТАРҚАСУ

ТАҢҒЫ ТАРҚАСУ

Әлгі  төртеу  жолдан  өтіп,  өзен 

бойындағы  орындықтардың  біріне 

барып  жайғасқан.  Бір-бірінің  басы-

нан сипап, бір-біріне жұбату да айтып 

жатқан  секілді.  Жәбір  көрген  қыз  ба-

сын ұстаған күйі, екі тізесін бүге, еңкілдеп әлі жылауда. 

Бағана байқағам, бойы тым тапал әрі талдырмаш орыстың 

жас бір жігіті өзінен екі есе ұзын әрі өте толық орыс қызын 

бойы жетпеген соң орындықтың үстіне шығып мойыны-

нан  иіскеп,  құшақтап  сүйіп  тұрғанын  көріп:  “Махаббат 

бой таңдамайды екен-ау, ойды да” деп оларға амалсыз зер 

салғам. Сүйейін десе қызға бойы жетпеген жігіт қайтсін 

енді, қызы да жігітінің жамбасынан сипалап, сезімін сез-

діріп қояды. Қызық болғанда бұл бәтшағарларың да сау 

емес  екен.  Сол  маңда  отырып  ішкен  сыра  шишалары 

қаздай  тізіліп  қатар-қатар  тұр.  Екі  бүйірі  бұлтиып  жер-

де жатқандары да бар. Газет бетінде “сыраның серіктесі” 

– желінген сүр балықтың қалдықтары көрінеді.

Жаңағы  көпір  үстіндегі  қақтығысты  жігіт  құшағын-

дағы толық орыс қызы қалт жібермей, бәрін байқап тұрса 

керек. Жігітінің кеудесін сәл итеріп, құшағынан ажырады 

да,  әлгі  маңда  қатар  отырған  жаңағы  төртеудің  қасына 

міңгірлей  жетіп  барды.  Оны  көріп  тізерлеп  отырған  екі 

қазақ жігіті бойларын тіктеп, жерден көтерілді.

–Сен, оңбаған! – деді енді бір сәт қызды ұрған жігіттің 

кеудесінен нұқыған ол. – Сен, сен, кәнеки мені ұрып көрші! 

Ә-ә, маған шамаң жетпейді. Менен қорқасың! Ал, мына 

қызың сенен әлдеқайда әлсіз. Сен, оңбаған соны жақсы 

біліп тұрсың. Сондықтан да оған қол жұмсадың. Ал, сен, 

подруга, тұр, сен де оны ұр! Қорықпа, мен қасыңдамын. 

Есеңді қайтар! Мұны күтпеген екі жігіт және қасындағы 

екі қыз үрпиісіп, үрпиісіп үнсіз қалды.

Әлгі “дәуге” қарсы сөз айтса үлкен дау шығып, поли-

ция келіп алып кетеді деді ме, төртеуі үнсіз құтылды. Со-

нысы да дұрыс сияқты еді. Өйткені ел қарасы да көбейіп, 

көлік жүрісі де молайып, таң толық атқан сағат алтыдан 

асқан еді бұл сәт. Бұл кезде олармен қатар, осында келіп 

таң атырған өзге де көңіл көтерушілер жан-жаққа тарқа-

сып бара жатты. Кезекті таңғы тарқасу еді бұл. Мұндай 

жағымсыз қылықтар мен жанжалды көрмей, ұйқысынан 

енді  тұрған  қала  тұрғындары  үшін  Алматы  шаһарының 

бүгінгі  таңы  қандай  әдемі  көрінер  еді.  Көрмегендері  де 

дұрыс  шығар,  көңілдерін  жабырқатып  қайтеді.  Десе  де 

“Қазағым, қайда барасың?!” деген сауал көкейімде әлі де 

қалып қойды. Әзәзіл арақ ешкімді де аямаған, жолынан 

жаңылыстырғанын, өкініштен талайдың өзегін өртегенін 

өзгеден бұрын сенің ұққаның жөн-ау!



Марат ӘБДІХАЛЫҚ,

 

 

Қазақстан Журналистер одағы      

                                              сыйлығының лауреаты, 

ҚР Мәдениет қайраткері

ƏЗƏЗІЛ АРАЌ ЕШКІМДІ АЯМАЄАН

немесе

Алматыныѕ бір тїні



  Қайда барасың, қазағым?!

Қайда барасың, қазағым?!

Эпиктет – миләди есеппен 55-135 жылдар аралығында 

Кіндік  Азияда  (Фригада)  туылып,  кейіннен  Римде  өмір 

сүрген  ойшыл.  Көп  уақыт  құлдықта  жүрді.  «Эпиктет»  - 

оның  аты  емес,  басыбайлы  құл,  жалшы  деген  мағынаны 

білдіретін лақабы. Ол уақыт Римде стоицизмге қарқынды 

бетбұрған  кез  болатын.  Оқымыстылардың  көпшілігі  сто-

ик  Мусони  Руфтың  сабақтарын  тыңдайтын.  Бұлардың 

қатарында  Эпиктеттің  қожайыны  Эпафродит  те  бар 

еді.  Оны  Эпиктет  алып  жүретін.  Бірақ  Мусони  Руфтың 

сабақтарын қожайынға қарағанда Эпиктет тез қағып ала-

тын  зерек  еді.  Эпиктеттің  пәлсапа  саласына  түсуіне  осы 

ғалымның ықпалы көп болды.  Ол  – нағыз  құл бола біл-

ген, құлша өмір сүрген жан. Мынадай бір аңыз айтылады. 

Бірде  Эпофродит  құлының  шыдамын  тексермек  болып, 

қос қолдап оның аяғын бұрай бастайды. Ал ол болса аса 

шыдамдылықпен  «Аяғымды  сындырасыз  ғой»  дейді  жай 

ғана.  Қатты  ашуланғанын  көрмек  болған  қожайыны  оны 

барынша қинай түседі. Эпиктет бәрібір сыр бермейді. Бар 

болғаны  «Аяғымды  сындырасыз  деп  мен  бағана  айттым 

ғой»  дейді  жай  ғана.  Осы  жағдайдан  кейін  Эпиктет  өмір 

бойы  ақсап  өтіпті.  Нерон  патша  қайтыс  болып,  оның  ор-

нына  Доминициан  келген  кезде  ғана  Эпиктет  құлдықтан 

құтылған.  Жаңа  келген  патша  Эпафродитті  Неронмен 

ым-жымы  бір  болғандығы  үшін  өлтірткен-ді.  Доминици-

ан  көптеген  ойшылдар  мен  шешендерді  Римнен  қуғанда 

Эпиктет  те  солармен  бірге  Никопольге  келген.  Бұл  жер-

де  Эпиктет  өзінің  пәлсапалық-тәрбие  мектебін  ашқан. 

Эпиктет кедейшілікте, жұпыны ғана тірлік кешкен. Оның 

жиған-терген  бар  дүние-мүлкі:  сабаннан  жасалған  төсек, 

ағаш  орындық  пен  май  шам  ғана  болыпты.  Ол  қайтыс 

болғанда, көне мұра ретінде бұл дүниелері аукционға са-

лынып,  шамамен  13  кг-дай  күміске  тең  келетін  қымбат 

ақшаға  сатылған.  Эпиктет  өзі  ешқашан  да  қолына  қалам 

алып  ештеңе  жазбаған  деседі.  Айтқанын  шәкірттері  жа-

зып  алып  отырған.  «Эпиктет  жетекшілігі»,  «Эпиктет 

әңгімелері»,  «Эпиктет  талқылаулары»  атты  кітаптарын 

солар жинақтаған. Ол Құдайға сенуді, тағдырға толықтай 

бағынуды, 

жақсылықсүйгіштікті, 

жанашырлықты, 

сыпайылық  сынды  моралдық  құндылықтарды  барынша 

жақтап өткен жан.   Ол насихат айтқан сайын өлімді еске 

алып отырған: «Өлім үнемі есіңде тұратын болса, қажетсіз 

нәрселерге өлермендік жасамайсың» деген. Барынша кіші-

пейілікке шақырады. Кімнің болса да пікірін сыйлай білуді 

жақтайды.  «Біреу  сен  жайлы  жаман  айтса,  сен  оған  бола 

ашуланба, одан да былай де: «Бұны айтқан кісі қайта менің 

басқа  да  жамандықтарымды  білмейді  екен.  Білсе,  бұны 

ғана айтпас еді». Елге бір нәрсе айту үшін алдымен іспен 

көрсету керек екенін мына сөзінде білдіреді. «Надандардың 

алдында салиқалы нәрселер айтып өзіңді  жақсы көрсетуге 

тырыспа. Одан да сол жақсы нәрселерді өзің істе. Мәселен, 

қонақта  өзіңді  қалай  ұстау  керектігін  айтып  білгішсінбе. 

Одан да өзіңді солай ұста». Эпикеттің айтып кеткен тағы 

да мынадай ойлы сөздерін оқырмандар назарына ұсынып 



отырмыз.

• Не қаласа соны істейтін адамды «құл» деуге кел-

мейді.  

•  Туған  жеріңнің  ғимараттарын  емес,  азаматта-

рын  биіктетсең  –  сол  сенің  ең  үлкен  жақсылығың. 

Биік үйлерде ойы аласа адамдар өмір сүргенше, аласа 

үйлерде  адамгершілігі  биік  тұлғалардың  өмір  сүргені 

әлдеқайда артық. 

• Ақылды өз құмарлығымен күреседі, ақымақ соның 

айтқанына жығыла береді.   

•  Егер  елдің  сен  жайлы  жақсы  айтқанын  қаласаң, 

өзің ешкімді жамандаушы болма.  

• Атақ-даңқ, ақша, құмарлықты жақсы көрген адам 

халықты жақсы көре алмайды. Жақсылықсүйгіш адам 

ғана халықты жақсы көреді. 

• Піл сүйегінен жасалған, алтындалған қымбат бір 

сандықшада улы жылан мен улы шаянның жатқанын 

білсең, сен ол сандыққа аса құмартпас едің, оны алғың 

да келмес еді. Қайта алыстан оған абайлап, сақтықпен 

қарайтын едің. Ендеше, барынша үлде мен бүлдеге ора-

нып  былқ-сылқ  еткендерді  көре  қалсаң,  олардың  да 

сыртқы  көрінісіне  сен  қызықпа.  Бойыңды  аулақ  са-

лып, қайта сақтықпен қара.  

•  Түстік  асыңды  ішіп  отырғанда  сен  мына  екі 

қонақты:  жан  мен  тәнді  сыйлап  отырғаныңды  ұқ. 

Бірақ сенің тәнге бергенің  кейін жоқ болады да, жанға 

бергенің мәңгі өзіңмен қалатынын біл.  

• Біреумен сөз таластыру – аса жағымсыз жайт. Ол 

бір  маспен  әңгімелесу  сияқты.  Айтқаныңа  не  масты 

көндіре  алмайсың,  сау  болғандықтан,  не  өзің  мастың 

айтқанына көнбейсің. 

• Біреумен әңгімелесе қалсаң, мына үш көзқарасты 

ұстан:  ақыл  жағынан  ол  сенен  артық  па,  тең  бе, 

төмен бе?! Егер ол сенен ақылдырақ болса, онда оның 

айтқандарын  тыңда.  Егер  ол  ақымақтау  болса,  онда 

оған өзің ақыл айт. Егер ол сенімен тең болса, онда оны 

құптай отырып әңгімелес. Егер осы үш нәрсені есіңде 

ұстасаң, ешкіммен дауласпауға өзіңді үйретесің.   

• Бақытты болудың бір ғана жолы бар – біздің еркі-

мізге бағынбайтын нәрселерден аулақ бол.

• Істеуге тыйым салынған нәрсені ойша істеуден де 

аулақ бол!

• Сенің ісің – саған берілген міндетті жақсы орындау 

ғана, ал саған міндетті таңдап беру – басқаның ісі.  

•  Жақсы  сөйлей  білу  өнер  болса,  сонымен  қатар 

құлақ қойып жақсы тыңдай білу, түсіне білу де өнер. 

•  Театрда  бір  жас  жігіт  «Мен  өте  ақылдымын, 

өйткені  көптеген  философтармен  әңгімелескем»  деп 

мақтаныпты, сонда Эпиктет оған «Менің де бай таны-

старым  көп-ақ,  бірақ  мен  бәрібір  кедеймін  ғой»  деген 

екен. 

• Эпиктеттен «Бай адам қандай адам?» деп сұрағанда, 

ол «Өз-өзіне көңілі тоқ адам» деп жауап берген екен.

Құдайберді БАҒАШАР,

журналист

Эпиктет: “БІРЕУМЕН ƏЅГІМЕЛЕСЕ ЌАЛСАЅ МЫНА ЇШ КҐЗЌАРАСТЫ ЎСТАН...”



  Танымнан – тағлым

...ДОСЫНЫЅ ОСЫ ТЎРЫСЫ КҐЗ АЛДЫНДА ЌАЛЫП ЌОЙДЫ

...ДОСЫНЫЅ ОСЫ ТЎРЫСЫ КҐЗ АЛДЫНДА ЌАЛЫП ЌОЙДЫ 11



ӘРІПТЕСКЕ – АҚ ЖОЛ!

Газетіміздің 

тілшісі 

Эльмира 

Оралбаева 

болашағынан  мол  үміт  күттірген  жас  журналист. 

Ол жастар тақырыбына 

жиі  қалам  тартып, 

проза  жанрымен  айна-

лысады.  Болған  оқиға 

негізінде  жазған 

« Ү з і л м е г е н 

үміт»  атты  де-

ректі 

әңгімесі 

былтыр 

«Жа-

лын» 

альманағында 

жарық  көрген  еді.  Соны 

назарларыңызға  ұсынып 

отырмыз. 

Эльмираға  қаламың 

ұштала 

берсін, 

қиындығы  мен  қызығы 

қатар  жүретін  жауын-

гер  мамандықтың  мойымас  найзасы  өткір  сарбазы 

болуыңа шын тілектеспін!                                         

                    Бас сарашы

                                    Марат ӘБДІХАЛЫҚ  

                                    Марат ӘБДІХАЛЫҚ

                                    Марат ӘБДІХАЛЫҚ

Ауылдың кешкі у-шуы басылып, далада тыныштық ор-

най бастады. Адамдардың бәрі тірліктерін бітіріп, үйлеріне 

кірген.  Дәурен  әкесі  айтқан  біршама  жұмыстарды  бітір-

гендей  боп,  әдетінше  есіктің  алдындағы  орындыққа  кеп 

жайғасты.  Төңірек  тым-тырыс.  Өлі  тыныштық  жайлаған. 

Күн қызарып ұясына батуға жақын тұр. Кеш болды. Шіркін, 

ауылдың салқын, таза ауасы қандай десеңші! Ыстық леп-

пен ақырын соққан самал жел табиғаттың қазіргі күйімен 

әдемі үндесіп, адам жанына ерекше бір жылулық сыйлап 

тұрғандай. Аспандағы сансыз жұлдыздар бір-бірінен өтіп 

жымыңдайды. Табиғат ана бірқалыпты жадырап тұра бер-

мейтіні анық. Бірде шуағын төгіп, мейірімге бөлесе, енді 

бірде  тұнжырап,  мұңды  кейіпке  түседі,  кейде  ашуланып 

тосын  мінезін  көрсетіп  алады.  Дәл  қазір  көңілді,  аса  бір 

мұңды да емес. Мейірімділік пен қаталдық араласқан бей-

не  бір  тылсым  кейіпке  енген.  Пендесін  терең  ойлануға, 

сабырға шақырып, сырласқысы келіп тұрғандай. Осы сәт 

Дәурен үшін ерекше әсерге толы еді. Табиғат анамен сыр-

ласып отырып, тұңғиыққа батады...

Сырғып, зымырап өтіп жатқан уақыт. Ол өмір туралы, 

болашақ өмірі туралы көп ойланатын... Биыл оныншыны бі-

тірейін деп отыр. Мектепті бітіріп, қалаған мамандығының 

иесі  болса,  ата-анасына  көмектессе.  Қала  өмірімен  ете-

не танысып, жаңа достар тауып, өмірін өзгертсе. Сүйген, 

жүрегі  қалаған  жанмен  қосылып,  кинодағыдай  бақытты 

өмір  сүрсе...  Көңіліңе  көктем  ұялатқан  армандары  әсте 

таусылған  емес,  ертегіше  жалғасып,  тізбектеліп  кете  бе-

реді.  Ол  болашағын  тек  өзі  ойлағандай  ғып  елестететін. 

Осындай тәтті сезімнің құшағында тербеліп отырған бала 

көңіл өмірдің сан соқпағы туралы қайдан ойласын...  Алға 

жетелеген  үкілі  үміт,  сәби  жанындай  мөлдір  де  тұнық, 

аңғал мінез оған ерік бермейтін. 

–  Дәурен,  балам-ау,  неғып  отырсың  қараңғыда?    Кір 

үйге, тамағыңды іш.

Анасының даусынан селк ете қалды. Атып тұрып, жуы-

нып үйге кірді. Үйдегілер кешкі астарын ішіп болған екен. 

Әкесі  теледидардан  жаңалық  тыңдап  отыр.  Кішкентай, 

ерке қарындасы жаймасын жайып тастапты. Сурет салып, 

соны бояумен әлек болып отыр. 

-  Сені  Алмастың  үйіне  кеткен  екен  десек,  есіктің  ал-

дында отыр екенсің ғой, өзіміз ішіп алдық, бізге қарамай 

ала бер. Анасы тамағын ысытып алдына қойып,  кесеге шай  

құйып берді. Асықпай отырып жүрегін жалғап алды.

-  Айтпақшы,  ертең  емтихан  екен  ғой,  Алмасқа  бару-

ым  керек.  Физикадан  болатын  емтихан  есіне  енді  түсіп, 

асығып-аптыққан  күйі  дәптер,  қаламын  алып  Алмастың 

үйіне қарай жөнелді. 

Алмас – Дәуреннің көршісі әрі бірінші сыныптан бір-

ге  оқып  келе  жатқан  түйдей  құрдас  досы.  Алмастың  үйі 

бұлардан екі үйден кейін орналасқан. Ата- аналары да ара-

ласып  тұрады.  Екеуі  кішкентайынан  бірге  ойнап,  бүгінде 

жақын достарға айналған. Қазіргі кезге дейін достықтарына 

сызат түскен емес. Бастарына түскен қандай жағдай бол-

сын,  бірге  отырып  талқылайды.  Бір-бірінің  көңіл-күйін 

қабағынан ұғатын. Екеуінің қан жағынан жақындығы бол-

маса да,  рухани туыс еді. 

Дәурен  аптығын  басып,  үйдің  есігін  ашты.  Төргі 

бөлмеге қарай беттеп келеді.  Ата - анасы  дастархан ба-

сында отыр екен. Дәуренді көре сала:

-  Ой,  балам,  кел,  отыр  !    –  Екеуі  бірдей  бәйек  болып 

жатыр.   Бір - бірінің үйіне күнде келіп жүретіндіктен ата-

аналары  да  кәдімгідей  бауыр  басып,  өз  балалары  сияқты 

көздері үйреніп қалған. 

-  Жоқ,  әпке,  әуре  болмаңыз,  үйден  ішіп  келе  жатыр 

едім...


- Ең болмаса ауыз тиіп, бір кесе болса да шай ішесің, 

әйтпесе  жібермейміз.  Бейғам  отырған  Алмастың  әкесі 

келіншегіне  қарап,  «солай  ма?»  дегендей,  аздап  езу  тар-

тып қойды. Ол да басын изеп, «иә, иә» деген күйі күйеуін 

мақұлдады. Дәурен тойып тұрса да, дастарханға отырды. 

Салтанат  әпкесінің  дәмді  етіп  дайындаған  қуырдағынан 

ауыз тиіп, қастарында сәл кідірді.

- І-м-м, енді баруыңа болады. Үйде ғой, досыңды ешкім 

алып  қашып  кеткен  жоқ.  Мұртты  кісі  қалжыңдап  қойды. 

Алмастың бөлмесіне кірді.

Алмастың бөлмесін кішігірім кітапхана деуге болады. 

Кішкентай,  аядай  ғана  бөлмесін  кітаппен-ақ  толтырған. 

Мұнда әдеби кітаптар, есеп кітаптар болсын, конституция, 

құқық  тақырыбында  болсын  іздегеніңді  табуға  болады. 

Қашан  көрсең  де  барлық  зат  өз  орнында,  жып-жинақы. 

Шашылып  жатқан  ешнәрсені  көрмейсің.  Сыныптастары 

ұқыптылығына таңқалысып, «әттең, қыз болмай қалғансың 

ғой»-  деп  күлетін.  Ол  парақты  шимайлап,  есеп  шығарып 

отыр екен. 

Алмас – мектептің мақтанышы болатын. Гуманитарлық 

пәндерден, есеп жағынан да жақсы. Аудандық, облыстық 

жарыстар  болатын  кезде  мұғалімдер  таласып  қалатын. 

Ешқайсысының  көңілін  қалдырғысы  келмей,  әр  сабақтан 

ауысып барып жүреді. Алайда өзі болашақта мықты есепші 

және саяхатшы болуды армандайтын. Жер жүзін аралап, әр 

елді жан-жақты зерттеп, тіршілігімен терең танысуға қатты 

қызығатын.

- Емтиханға дайындалып отырсың ба ?

Дәуреннің даусын естіп, жалт қарады. Басын изеп, «кел, 

отыр» деп, жанындағы орындықты нұсқады.

-  Менің  есіме  түсіп...Дәурен  сәл  кідіріп  ары  қарай 

сөйлеп отыр.

- Маған да бір-екі есеп шығарып көмектесіп жіберші. 

Сәуле апайдан ұят болды, сабағында жөндеп сабақ айтқан 

емеспін. Осы емтиханды жақсы тапсырсақ екен...

- Көмектесем ғой, не болды сонша? Емтиханға да бірге 

кіреміз, қорықпа!

-  Саған  таңқалам.  Осыны  қалай  шығарасың,  шата-

спай  ?    Мың  бір  түрлі  формула,  есіңде  қалай  сақтайсың 

?  Қанша  оқысам  да  миыма  кірмейтін  сияқты.  Қиын 

ғой... Баяғыдаа, әлі есімде мамам маған үнемі сені айтып 

ұрсатын. «Көрмейсің бе, Алмасты?! Үйінен шықпай сабақ 

оқиды. Сен болсаң қаңғырудан басқаны білмейсің!» - деп. 

Сол  сөздерін  әлі  ұмытпаған  ғой,  ашуы  келгенде  айтып 

қалатыны бар.

-  Қойшы,  енді.    Есесіне  спорт  жағынан  жақсысың, 

ауылдың атаманысың.

Болашақта арманыңа жетсең болды да...

- Мектепті бітіруімізге бір-ақ  жыл қалыпты. Айтқандай, 

мен  келесі  жылы  атамның  үйінде  оқиды  екенмін  ғой.  

Дәуреннің атасы ауылдарынан екі жарым сағаттық жерде-

гі көрші ауылда тұрады. Өткенде үйіне келгенде : «Балам, 

биыл біздің үйде оқисың ғой, ана Орал ағаң жұмыстарымен 

біраз уақыт қалада болатынын айтты. Самат болса әлі кіш-

кентай,  бос  қой.  Жұмыс  істегені  көңілімнен  шықпайды. 

Қасында  жүріп,  соны  үйретіп,  пісіресің  ғой,  маған  да 

қолғабыс болар едің» - деген. Дәурен он жыл бойы бірге 

оқыған достарын, мектебін қанша қимай тұрса да, атасына 

«жоқ» деп айта алмаған. Осы жәйт тосыннан есіне түсіп, 

біраз қиналып қалды.

- Ой, мынау тұрған жер ғой!  Еш қиындығы жоқ, ара-

мыз содан үзіледі дейсің бе?! Екі ортаны жол қыламыз әлі. 

Алмас досының көңілін орнына түсіргендей болды.

Емтиханды ойдағыдай тапсырып шықты. Бұл соңғысы 

болатын. Алда үш ай демалыс күтіп тұр. Дәурен демалы-

сты ойлап қуанғанмен, келесі жылы басқа мектепке бара-

тыны есіне түссе қимастық сезімі өзегін өртейтін.

Жаздың аптап ыстық күндері басталды. Мына ыстықта 

«терімді  күнге  қыздырып,  қараюым  керек»  -  деп  жүрген 

адамның  арманы  бір-екі  сағатта  орындалады.  Күндер 

легімен  өтіп  жатты.  Демалыстың  екінші  айы  таяғанда 

Дәурен қаладағы ағасының үйіне барғысы келгенін айтты. 

Ата  –  анасы  онша  қарсылық  білдіре  қоймады.  Бұл  ойын 

Алмасқа айтып, оны да бірге баруға көндірді. «Ертең ба-

лалармен кездесіп, заттарымызды жинап, арғы күні жолға 

шығамыз»  -  деп  шешті.  Ертесіне  сыныптастарымен  кез-

десіп, сөйлескен болатын. Қолы бос үш-төртеуі  бұларды 

шығарып салатын болды.

-  Хабарласасыңдар  ғой,  телефонымыз  бар,  құдайға 

шүкір. Көп ұзамай біз де барып қаламыз, қаланың шаңын 

шығарып тұрып қыдырамыз ғой! Отырыстарының асабасы 

боп үйреніп қалған Санжар барлығын өзіне қаратып сарнап 

тұр.

-  Иә,  шынымен  баруымыз  мүмкін,  хабарласып  тауып 



аламыз  ғой.  Асылбек  Санжырдың  сөзін  ары  қарай  іліп 

әкетіп, Бекзатқа қарады.

- Ал, жақсы, жолдарың болсын! Бағанадан бері үндемей 

тұрған Бекзатқа сөз кезегі енді тиіп, қол алысып қоштаса 

бастады.  Зымырап  келіп  тоқтаған  жеңіл  көліктің  қарасы 

атқан оқтың жылдамдығындай көз ұшында бұлдырап кете 

барды. Бес сағат дегенде қалаға жетті.

- Бір жерге кіріп тамақтанып аламыз ба ?

- Иә. Салқын, желдеткіші бар жерге барайықшы, мына 

ыстықтан  шаршап  кеттім.  Алмас  бет  орамалын  қолынан 

тастамай, терін сүртумен болды. Екеуі әлденіп алған соң, 

кешкі  салқынмен  Дәуреннің  ағасының  үйіне  қарай  жол 

тартты. Екі күн өткен соң Алмастың қалта телефонына Бек-

зат хабарласып, қалаға келгендерін айтты. Екеуі тез киініп 

оларды күтіп алуға барған. Санжар мен Асылбек бастаған 

бір топ балалары бұларды көріп жүздері жайнап кетті.

- Тез жеттіңдер ғой, жақын жерде тұрасыңдар ма?

- Иә.


Бір сыныпта оқитын құрдастар анау – мынау әңгімені 

айтып, күншуақтап біраз отырды. 

- Кешке қайда барамыз?

-  Киноға!  Киноға  барайықшы,  неше  түрлі  жаңа 

кинолардың жарнамасы жүріп жатыр. Бүгін менің айтқаным 

болсыншы,  ертең  өздерің  білесіңдер.  Бауыржанның 

көтеріңкі  көңіл-күйін  бұзғысы  келмеді.  Бәрі  бірауыздан 

келісе кетті. 

Тауға шығу, суға шомылу, кино көру, ойын – сауық ... 

Үйге ұйықтауға ғана келіп жүріп, бір айдың қалай өткенін 

білмей қалды. Ақшалары да да таусылайын деген сияқты. 

Жолдарына  жететіні  қалыпты.  Құмарларынан  шығып, 

мауқын  басып  қайтқандарына  көңілдері  жайланып,  улап-

шулаған күйі ауылдарына бірге қайтты.

- Дәурен, неге көңілсізсің десем, биыл біздің мектеппен 

қоштасады  екенсің  ғой  ?!  Асылбек  жаңа  әңгіменің  бетін 

ашты.

- Онша алыс емес, келіп тұрам ғой. Дәурен іштей уай-



ымдап  тұрса  да  сыр  білдірмеуге  тырысып,  салмақты  үн 

қатты.


-  Жоқ,  мұны  бұлай  қалдыруға  болмайды,  достар! 

Демалыстың аяқталуына да аз қалыпты, Дәуреннің кететі-

нін тіпті ұмытып кетіппіз ғой. Кеш ұйымдастырып 

жіберейік  !  Санжардың  тұла  бойына  қан  жүгіріп, 

қоңыр  көздері  күлімдеп,  жүзі  қуаныштан  жадырап 

сала  берді.  Отырысты  сағынып  қалған  бұған  мына 

жаңалық тамаша сылтау болғандай. 

Сыныптастары түгел жиналып Дәуренге қоштасу кешін 

жасап берді. Кезекпен ақ тілектерін ақтарып жатты. Әсіресе, 

«Бәріңе сәт сапар! Біріншіден, денсаулық тілеймін. Алдағы 

сынақтан сүрінбей өтіп, қалаған мамандықтарыңның иесі 

болыңдар!» - деген тілектер көп айтылды. Бәрінің алдағы 

күннен  тілегені  де  осы  болатын...  Іштерінде  осындай 

кештердің сәнін кіргізетін әншілері бар. Жанардың әуезді 

әнінен кейін бәрі бір серпіліп қалды. Мектептің концерт-

тері Жанарсыз өтпейді. Оқушылар қауымы, мұғалімдер де 

оны  ерекше  құрметтейтін.  Үнінде  ерекше  бір  биязылық, 

қарапайымдылықпен  қоса  адам  жанын  рахатқа  бөлеп, 

сезім  иірімдерін  әлдилейтін  лирикалық,  романтикалық 

саз  бар.  Отырғандар  тағы  ән  сұрап  жатты.  Ән  шіркіннің 

құдіреті-ай десеңші! Бойымызды қуаныш билеп толқысақ 

та, алдамшы өмірден рақым күтіп мұңға батсақ та емімізді 

әннен іздейтініміз рас. Тіпті, кейбір әндер өмір жолымыз-

бен тұспа-тұс келіп, ойымыздың үстінен дөп басып қалған 

кезде, ет-жүрегің езіліп, еріксіз өзге әлемнің есігін ашасың. 

Үмітті  көзбен  сығалап,  жабырқаған  көңілге  жұбаныш 

іздейсің. Қайғының ығымен жүріп, көлеңкесіне жайғасып 

алған жаныңды қараңғы қапастан алып шығатын жарықты 

іздейсің.

-  Санжар,  сен  неғып  тұрсың,  біздің  намысымызды 

қорғамай ? Бекзат қып-қызыл болған беті бал-бұл жанып, 

көтеріле  сөйледі.  Жігіттердің  арасында  «әу»  дейтіні  осы 

Санжар  еді.  Басқалары  тамылжып  ән  салмаса  да,  жан-

жүрегімен сезініп тыңдай білетін.

- Одан да Жанар екеуі қосылып айтсыншы. Алдында, 

«Жігіт сұлтаны» болған кезде, айтқан өлеңдерін...

- Қай ән еді ол ?Жанар мен Санжар бір-біріне қарады.

- Екі ән орындап едіңдер ғой, бірінші айтқандарың ше?

Сәл ойланып, естеріне түсіргендей болды.

- А – а, «Қоштасудың қиынын-ай» деген бе?

- Иә, иә. Сол. Әсел қуанғанынан екі қолын шапалақтап 

кетіпті. Екеуі әнді қосыла шырқап, сызылта жөнелді. Бұл 

ән  Дәуренге  де  ұнаған.  Білетін  жерлерін  қосылып  айтып 

отырады.


Біз айтатын ән қайда?

Амал бар ма тағдырға?

Жазылған маңдайға.

               ***

Қия алмадым, қимадым

Қинадың – ау, қинадың

                ***

Қарай бердім қиыла – ай,

Қоштасудың қиынын – ай, қиынын – ай ...

Сыңғырлаған күміс қоңыраудың үні оқушыларды мек-

тепке  шақырады.  Бөтен  орта,  бейтаныс  адамдар.  Дәурен 

басында  аздап  қиналғанмен,  бұл  ортаға  да  бейімделе  ба-

стады.  Тоқсан  аяғындағы  демалыс  сайын  туып  -  өскен 

жеріне, он жыл оқыған алтын ұя мектебіне ат ізін салып 

тұрады. Ондағы достарымен арадағы байланыс жібін үзген 

емес. Үшінші тоқсан аяқталып, кезекті сапардың сәті түсті. 

Атасы  екі-үш  күнге  жіберген  болатын.  Бірінші  күні  ата-

анасының,  қарындасының  жанында  болды.  Екінші  күні 

Алмастың үйіне қонды. Екеуі екі жақта жүргенмен, теле-

фон арқылы жиі сөйлесіп, хат алмасып тұратын. Бұл жолы 

да әңгімелерін айтып, іштегі шерлерін тарқатып алды.

- Сабақ жағы сол бұрынғыдай шығар?

- Иә. Жыл басынан бері дайындалып жүрміз ғой. 

-  Алмас,  саған  айтайын  дегенім  –  мен  тестке  бармай-

тын  болдым.  Өткенде  Орал  ағам  келгенде  «бірінші  жыл 

спорттық  үйірмелерге  қатысып,  жаттықсаң.  Әрі  өзіңнің 

бейіміңді де байқар едің» - деген. Сол дұрыс сияқты, қалай 

ойлайсың?

- Иә, солай дұрыс. Біздің Ермек те солай істеймін деп 

жүр. Бірақ ол тоғызды бітіріп бармақшы.

Ермек – Алмастың туған інісі. Биыл сегізіншіде оқып 

жүр. Бұл Алмас сияқты емес, кішкентайынан сәл бұзықтау 

боп өсті. Дене шынықтырудан басқа сабақтарды жарытып 

оқыған емес.

-  Үйдегілер  бір  жерге  шығып  кеткен  ғой  деймін,еш-

кім жоқ. Өзіміз бірдеңе қылып тамақтанып алайық. Алмас 

дастархан  дайындауға  кірісіп  кетті.  Түстеніп,  Дәуреннің 

үйіне келді. Заттарын жинап, түс ауа жолға шықты. 

-  Дәурен,  екі  күнге  келгенің  маған  екі  аптадай  боп 

көрінді. Ол жақта қалай, уақытың тез өтіп жатыр ма?

- Тез болмағанда, қандай! Кеше ғана сияқты еді. Енді 

міне, екі айдан соң биылғы оқу жылы да бітейін деп тұр. 

Аз қалды ғой. Сен оқуға түсесің. Бірге шығамыз қалаға, бір 

жерде тұратын боламыз...

Үлкен автобус бұлардан сәл ұзап барып тоқтады. Ал-

мас сөмкесін көтерісіп қасына дейін шығарып салды.

- Хабарласамыз ғой, Алмас, рахмет саған !

- Жолың болсын !

Дәурен автобусқа қарғып мініп, жан-жағына қарап алды. 

Ішінде адам қарасы көп емес екен. Артқы бос орындыққа 

кеп жайғасты. Терезенің пердесін сырып, далаға көз салды. 

Алмас  соңынан  әлі  қарап  тұр  екен.  Бір-  біріне  қолдарын 

бұлғап  қойды.  Досының  осы  тұрысы  көз  алдында  қалып 

қойды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет