Болжамы: егерде мен ұсынып отырған жылқы шаруашылығы кешені іске асырылатын болса, оған кеткен шығын есептеулер бойынша 2,5 жылда өтеліп, Қазақстанның экономикасы мен әлеуметтік жағдайына үлкен пайдасын тигіп, жасыл экономиканың негізі болар еді.
Жасыл экономиканы дамыту мақсатында, жылқы туризмі орталығын іске асырсақ, ұлттық туризм дамып, елімізде өтетін ЭКСПО- 2017 көрмесінде шетелдіктер үшін қызғылықты болатын жаңа әрі бірегей жаңалық болатын еді.
Ұлттық «Жылқы шаруашылығы кешеніне » мынадай құрылымдар кіреді, яғни, жылқы малының ерекшеліктерін назарға ала отырып келесідей ретпен жаңа заманға лайықталған, халық игілігі үшін жаңа туристік зона қалыптастыру:
1. Жылқы баздары (қоралары);
2. Аттылы маршурутты турисік база;
3. Демалыс орталығы
4. Косметологиялық орталық
5. Қымыз цехы
6. Жылқы өнімдерін өңдеу цехы (қазы- қарта, шұжық, т.б.)
1Негізгі бөлімі
1.1 Жылқы шаруашылығын ашу
Жылқы - сүтқоректілер класы тақтұяқтылар отрядының өкілі. Қолға үйретілген жылқының арғы тегі жабайы жылқылар - тарпан мен түзат. Жабайы жылқылар тарихи дәуірлерде Еуразияның далалы, шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен тіршілік еткен. Олар ретсіз аулаудың нәтижесінде жойылған. Ерте кездерде тарпан мен түзат қазақ даласында көптеп кездескен. Тарпан XIX ғасырдың бас кезінде жойылған.
Жылқының алғаш қолға үйретілген жері Қазақстан даласы деп саналады. Жылқысын; бұдан 5—6 мың жыл бұрын қолға үйретілгенін археологиялық зерттеулер дәлелдеп отыр. Көкшетау өңіріндегі Ботай елді мекенінен қолға үйретілген жылқының қаңқа қалдықтары өте көп табылды. Қазір бұл археологиялық жаңалық дүние жүзіне белгілі. Жылқының Қазақстанда қолға үйретілгендігін дүние жүзі ғалымдары мойындап отыр.
Глазуновка елді мекенінде жылқы шаруашылығы базасын жүзеге асыру үшін алдымен кем дегенде 80 бас жылқы қажет:
Жылқыны бағып, одан қымыз алу мақсатында сауынды 29 бие, 1 айғыр алу керек;
Жылқы жарыстарын ұйымдастыру мақсатында асыл тұқымды Қостанай жылқысы 30 бас, ал көлік және тасымал мақсатында және салт атты 20бас қажет.
Жылқы қоралары. Жылқыны дұрыс күтіп- бағу үшін ат қорасы зоогигиеналық талаптарға сай болуы керек. Онда су құйылатын кеспек, қи шығаратын қол арба немесе зембіл, сыпырғы, жылқы суаратын шелек, ноқта, жүген, щетка, ат тарақ, жал тарақ, шұға, сүлгі, жұмсақ ысқыш, тұяқ қырғыш болуы керек. Ат қораның қабырғасы мен төбесін шаңнан тазартып, жылына екі рет әктейді. Зиянды газдар жиналмай ауасы таза болуы үшін қора ауасы таза болуы үшін қора ауасы ауық- ауық желдетіліп, ауыстырылады. Қора температурасы жұмыс аттары мен тұқымды айғырларға- 7-8 0 С, құлынын емізетін биелер мен құлындарға- 10-120 С шамасында сақталуы керек. Жазда ат қораның іші қоңыр салқын, ал қыста жылы болуы керек. Қора қаьырғасы жылуды жақсы сақтайтын кірпіш, ағаш, сабанкесектен не лай тамнан тұрғызылады. Бір қорада 5-6 жылқыны ұстау керек. Көп жылқыны ұстау үшін ат баздарын салу керек. [1]
Жылқыны азықтандыру. Жылқы жайылым отын, шалғын шөбін, көп жылдық екпе шөптерден ат қонақ, еркекшөп, беде мен жоңышқа жақсы жеп, жұғымды пайдаланады. Сұлы, арпа, тары сабаны мен топаны алдын ала булап, жұмсартып, жеммен араластырып берген жөн.Сұлыны жылқыға шектеусіз беруге болады. . [3]
Сауын биені азықтандыру
1-кесте
Тірідей салмағы, кг
|
Азық мөлшері
|
Қорытылатын протеин, г
|
Кальций, г
|
Фосфор, г
|
Каротин, мг
|
Ас тұзы, г
|
400
|
7,1
|
750
|
55
|
30
|
160
|
30
|
450
|
10,5
|
1100
|
80
|
50
|
235
|
35
|
500
|
11,6
|
1220
|
90
|
50
|
260
|
40
|
550
|
14,5
|
1520
|
107
|
62
|
327
|
45
|
Көлік атын азықтандыру
2-кесте
Тірідей салмағы, кг
|
Азық мөлшері
|
Қорытылатын протеин, г
|
Кальций, г
|
Фосфор, г
|
Каротин, мг
|
Ас тұзы, г
|
400
|
7,5
|
720
|
35
|
35
|
95
|
24
|
500
|
9,0
|
600
|
40
|
40
|
115
|
32
|
Тұқымдық айғырды азықтандыру
3-кесте
Тірідей салмағы, кг
|
Азық мөлшері
|
Қорытылатын протеин, г
|
Кальций, г
|
Фосфор, г
|
Каротин, 350мг
|
Ас тұзы, г
|
400
|
7,5
|
1300
|
60
|
50
|
350
|
30
|
500
|
8,00
|
1430
|
65
|
55
|
380
|
35
|
Желіс және мініс тұқымды биені азықтандыру
3-кесте
Тірідей салмағы, кг
|
Азық мөлшері
|
Қорытылатын протеин, г
|
Кальций, г
|
Фосфор, г
|
Каротин, мг
|
Ас тұзы, г
|
400
|
6,8
|
750
|
50
|
35
|
150
|
25
|
500
|
8,5
|
900
|
65
|
50
|
205
|
33
|
Жылқы санын көбейту: Бие буаздығы орташа есеппен 11 айға созылатын болса, бір биеден жылына 1 құлын алуға болады. Демек, 100 жылқыдан жылына 95 бас құлын алуға болады.
1.2 Аттылы туризм
Соңғы кезде елімізде туризм енжар дамыған сала ретінде қарастырылғанымен, оны дамытуға көптеген бағдарламалар қабылдануда. Туризм өз ішінен көптеген түрлерге бөлінеді. Соның ішінде спорттық туризмді атап кетпесек болмайды. Себебі, ат туризмі осы спорттық туризмнің құрамына кіреді. Ат туризмін дамыту, ат спорты ойындарын дамыту арқылы көп табыс табуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |