9.Ұлы Жібек жолы өмір сүрген мерзімде Қазақстан аумағында пайда болған қалалардың қазіргі мәдениетпен ықпалдасуы
Сонымен VI-VIII ғасырларда Сирия – Иран – Орта Азия – Оңтүстік Қазақстан – Талас өңірі – Шу өңірі – Ыстық көл қазаншұңқыры – Шығыс Түркістан негізгі трасса болды. Осы жолдың бір тармағына, яғни бір бағытына Византиядан Дербент арқылы Каспий маңы даласы – Маңғышлақ – Арал маңы – Оңтүстік Қазақстан кірді. Б.з. І мыңжылдығының бірінші жартысында Жібек жолы белсенді қызмет етті, осы кезде Қазақстанға рим шынысы мен монетасы, қытай жібегі, айнасы мен лакталған ыдысы, еуропалық фибула – ілгек пен Сасандық Иранда жасалған тас-мөрлер келді. Осы кезеңде Шу, Талас пен Сырдария өңірлерінде егіншілік қоныстар орнында қабырға және мұнаралармен қоршалған қалалық орталықтар қалыптасты. Жібек жолының қазақстандық бөлігімен Батыстан Шығысқа жылжысақ Шаштан (Ташкент) Турбат асуы арқылы Сайрамға (Исфиджаб) өткен. Исфиджабтан құлдарды, ақ мата, семсер, мыс пен темірді тасыды.
10.Ұлы Жібек жолы бойындағы өркениеттің қазіргі мәдениетпен үндестігіне тоқталыңыз.
Ұлы Жібек жолы - әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым елеулі жетістіктердің бірі. Керуен жолдарының тарамдалған жүйесі Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуропа мен Азияны кесіп өтіп, ерте дүние мен орта ғасыр дәуірінде сауда байланыстары мен Батыс пен Шығыс мәдениеттері арасындағы тілдесуінің маңызды құралы қызметін атқарды. Жолдың неғұрлым ұзақ үзігі Қазақстан мен Орта Азия арқылы өтті.
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы. Тарихи жолдың жібек саудасына байланысты "Жібек жолы" атанғаны түсінікті. "Ұлы" сөзінің қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан "Ұлы Жібек жолы" болып тарихқа енді.
Қытай жазба деректерінде б.з.б. II-I ғасырларда Үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым-қатынастары жайлы мәліметтер табылған.
Достарыңызбен бөлісу: |