11.Ұлы Жібек жолының орта ғасырлардағы түркілер өміріндегі рөлі
Ұлы Жібек жолы - әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым елеулі жетістіктердің бірі. Керуен жолдарының тарамдалған жүйесі Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуропа мен Азияны кесіп өтіп, ерте дүние мен орта ғасыр дәуірінде сауда байланыстары мен Батыс пен Шығыс мәдениеттері арасындағы тілдесуінің маңызды құралы қызметін атқарды. Жолдың неғұрлым ұзақ үзігі Қазақстан мен Орта Азия арқылы өтті.
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы. Тарихи жолдың жібек саудасына байланысты "Жібек жолы" атанғаны түсінікті. "Ұлы" сөзінің қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан "Ұлы Жібек жолы" болып тарихқа енді.
Қытай жазба деректерінде б.з.б. II-I ғасырларда Үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым-қатынастары жайлы мәліметтер табылған.
Отырыкшты мем лекет болатын бырак саудамен айналысыа бастады. Согдылар туркы тылдерін уйреніп , мал осыру, адет гурыптарын уйренді
Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету көшпелі малшы тайпалардан келді. Атты әскер дәстүрі, садақтың түрлері, қылыш, ат әбзелдері де көшпелілерден келген. Мысалы, VI ғасырда түркі тайпалары пайдаланған темір үзеңгілі ертоқым келесі ғасырларда бүкіл Еуропаға таралды. Отырықшы елдер көшпелілердің қару-жарағына, киіміне еліктеді. Мысалы, VII—VIII ғасырлардағы түркілердің кісе белдіктері Қытайдан Иракқа дейінгі аралықта пайдаланылған. Таң әулеті кезіндегі Қытайда көшпелілердің киімі кең таралды, Еуропада орыс, поляк, венгр ақсүйектері киім киісінде, шаш қоюында көшпелілер үлгісіне еліктеді. Көшпелілерде б.з.д. 1-мыңжылдықта пайда болған өнердегі «аң стилі» Қытайдан Дунайға дейінгі аралықтағы отырықшы елдерге де кең таралды.
ӘЛЕМДІК ДІНДЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ Будда Б.з.б. I ғасырдың ортасында Үндістанда пайда болып тарады. Христиан I ғ-да Рим империясында пайда болды. Манихей III ғ-да Иранда пайда болды. Зороастризм Б.з.б. VII-VI ғ-да ежелгі Еуразия даласында пайда болды. Ислам VII р-да Арабия түбегінде пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |