Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктері – ата-баба қаһармандығының  дәстүрлі жалғасы болғандығына мысалдар келтіріңіз



бет134/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктері – ата-баба қаһармандығының  дәстүрлі жалғасы болғандығына мысалдар келтіріңіз.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі үшін 499 қазақстандық азамат Кеңес Одағының батыры атағын алған. Оның ішіндегі 99-ы – этникалық қазақтар. Кеңес Одағының батыры атағын екі мәрте алғандар қатарында ұшқыштар Талғат Бигелдинов, Л.И. Беда, И.Ф. Павлов және ұшқыш-жойғыш С.Д. Луганский бар. Қазақ қыздарының ішінде екі адам – Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының батыры атағын алған. 110 қазақстандық үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған. Ал ұшқыш Хиуаз Доспановаға «Қазақстанның Халық қаһарманы» атағы берілді.

Әлия Молдағұлова, Кеңес Одағының батыры. 1944 жылдың қаңтарында құрамында Молдағұлова бар 54-ші атқыштар дивизиясы Насва станциясындағы теміржолға шығады. Ворошиловскийдің естелігі бойынша, сол шайқаста жау кеңес әскерилерін тоқтаусыз оқпен күтіп алған. Сол шайқаста Әлия Молдағұлова үш рет жау оғына тойтарыс берген. Аталған шайқаста фашистер кеңес әскерінің алдыңғы шебін атып тастайды. Сол сәтте басылып, бас көтере алмай қалған батальонды жауғы қарсы Әлия бастап шықты. Ол: «Бауырлар, Алға» деп айғайлап, жаудан беті қайтып қалған майдандастарын алға жетелеген.

Мәншүк Мәметова, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова Калинин фронтындағы 101-ші атқыштар дивизиясының пулеметшісі, аға лейтенант. Қазақ қыздарының арасынан тұңғыш болып Кеңес Одағының батыры атанды.

Мәлік Ғабдуллин, Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы Көкшетау облысы, Зеренді ауылында дүниеге келген. 1941 – 1946 жылдары даңқты генерал Панфилов басқарған атқыштар дивизиясы сапында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыс аяқталып, елге оралған соң Ғабдуллин ғылыми-педагогикалық мекемелерде жұмыс істеді. Ал майдангердің жазушылығы туралы әңгіме бір бөлек. Ол «Менің майдандас достарым», «Майдан очерктері», «Сұрапыл жылдар» шығармаларын жазып, қазақ әдебиетінің өркендеуіне де үлес қосты. 1943 жылы Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының батыры атағы берілді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет