(Сергей Луганский)
Сергей Луганский – ұшқыш, Кеңес Одағының батыры, жазушы. 1918 жылдың 1 қазанында Алматы қаласында дүниеге келген. 1938 жылы Орынбордағы ұшқыштар мектебін, ал 1949 жылы Мәскеудегі әскери-әуе академиясында білім алған.
1939-1940 жылдары кеңес-фин соғысына қатысқан. 1941 жылдың қазанында майданға аттанды. 1942 жылдың мамырынан 271-авиациялық атқыштар полкінде әскери міндетін атқарады. Ал 1942 жылдың маусым айынан 1945 жылдың наурыз айына дейін 270-ші авиациялық атқыштар полкінің қатарында болды.
1943 жылдың тамызында 270-авиациялық атқыштар полкінің эскадрилья командирі Сергей Луганский 221 рет әуеге көтеріліп, 18 жау ұшағын әрі ұшқыштар тобымен бірігіп, 1 фашист ұшағының көзін жояды.
1943 жылдың 2 қыркүйегінде жаумен шайқаста көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағын алады.
1944 жылдың 1 шілдесінде Украина бірінші майданының бас қолбасшысы, маршал Иван Коневтің жеке нұсқауымен "Алтын жұлдыз" медалін иеленді. Ал осы жылдың 1 шілдесінде екінші мәрте Кеңес Одағының батыры атанады. Бұл уақытта қазақстандық ұшқыш 355 рет әуеге көтеріліп, жаудың 33 ұшағын атып құлатыпты. Соғыстан кейін әуе қорғанысы күштерінде қызмет екен. 1949 жылы әскери әуе академиясын бітірген.
Жалпы екінші дүниежүзілік соғыста Луганский 390 рет әуеге көтеріліп, 37 жау ұшағының көзін жойған. Сонымен қатар майданда көрсеткен ерліктері үшін 2 рет "Ленин", "Александр Невский", 2 мәрте "Қызыл Ту", 2 рет "Қызыл Жұлдыз" ордендерімен және т.б. медальдармен марапатталған.
Сергей Луганский 1963 жылға дейін "МиГ-15"-тен бастап "МиГ-19"-ға дейінгі түрлі реактивті әскери ұшақтарда ұшқан. 1964 жылдан запастағы авиация генерал-майоры атанады. Ол "Hа глубоких виражах", "Hебо остается чистым" сынды шығармалардың авторы.
Ұлы отан соғысының ардагері 1977 жылдың 16 қаңтарында 59 жасында көз жұмды. Ол Алматы қаласында жерленген.
Достарыңызбен бөлісу: |