1965-1985 жж. Кеңес үкіметінің мәдениет, ғылым, білім саласындағы ұстанымы – ұлт республикаларының ерекшеліктері мен қажеттілігін ескермеу болғандығын ашып көрсетіңіз.
70 жылдардан бастап қазақкср ғылым академиясы кеңестер одағындағы ірі ғылыми зерттеу кешені болды. 1985 жылы Республикадағы 40377 ғылыми қызметкердің 864і ғылым докторы, 650 академик, профессор болды. Республикадағы кейбір ғалымдардың есімдері ірі ғылыми жаңалықтар арқылы шықты. Д.В.Сокольский алғаш рет катализаторды электрохииялық әдістер арқылы зерттеу мәселесін ашты. У.К.Ахметсафин ҚазақКСР-де гидрогеология мен гидрофизика ғылымдарын ұйымдастырды. М.А.Айтхожин
генетика және микробиология салаларында өсімдік жасушаларындағы информасомалары тапты. Бұл еңбегі үшін оған Лениндік сыйлық берілді. Қазақ тілінде Қазақ Кеңес энцеклопедиясы жарық көрді. 70-80 жылдары әдебиет те басқа руханият салаалар сияқты бюрократиялық жүйенің ықпалында болды. 70-ж.ортасында Ғ.Мұстафин, И.Шухов. Ә.Тәжібаев, Ғ.Мүсірепов, О.Сулейменов т.б. ақындар мен жазушылардың жаңа туындылары жарық көрді. Ғ.Мусірепов жазушылар арасында алғашқы болып социолистік еңбек ері атанды. 1976 жылы оның «Ұлпан» повесі орыс тілінде жарық көрді. 80 ж-ы М.Шаханов. І.Есенерлин Ж.Молдағалиев Т. Ахтанов Қ.Мырзалиев, Б.Момыұлы Ә.Нурпейісов сияқты ақындар мен жазушылар жаңа туындалар жазды. 1974 жылы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қойылған «Қан мен тер» драмасының режиссері мемлекеттік сыйлық лауреаты атанды. Қазақ КСр-де М.Ю.Лермонтов атындағы республикалық орыс драма театры, ұйғыр корей театрлары да ірі табыстарға жетті. Н.Тілендиев Е.Р рахмадиев .Ғ,ЖҰбанова Ш.Қлдаяқов ұйғыр сазгері Қ.Қожамияров т.б. сазгерлер де ірі таыстарға жетті. Е.Серкебаев, Б.Төлегенова. Ә.Дінішев Р.Рымбаев. Н.Ескалиев т.б. әншілер есімдері республикаға кең тарады. Ш.Айманов С.Қожықов сияқты кино режиссерлер «Кыз жібек», «Атаманның ақыры», «Мәншүк туралы ән» кино туындыларын көрермендерге ұсынды.
60-жылдары Қазақстанда өнеркәсіп құрылысы кең көлемде жүрпзілді, бірақ республиканың экономикасы шикізаттық бағытта болғандықтан, негізінен өндіруші салалар ғана дамыды 1961-1970 жылдар арасында Қазақстанда 1709 жаңа кәсіпорын, сондай-ақ көпшілігі қайта жөндеуден өткізілген және жаңа техникамен жабдыкталған нысандар іске қосылды Қара металлургия алу Соколов-Сарыбай және Қарағанды комбинаттарында, Ермак темір балқыту зауытында, ал түсті металлургия алу Лени-ногор, Жезқазған, Павлодар, Өскемен комбинаттарында қарқынды дамы-ды. Бұл кезеңде Маңғыстау мұнай кені де маңызды мұнай аймағына айнал-ды. Ең ірі химия өнімін дайындайтын Қаратау тау-кен химия комбинаты бол-ды. Қазақстан сары фосфордың бұкілодақтық өнімінің 90%-ын, жемдік фос-фаттың 40%-ын, мыс, мырыш, қорғасынның 70%-ын берді. Республика хром өндіруден КСРО бойынша бірінші орын, ал көмір, шойын және марганец өндіруден ұшінші орынды иемденді. 1965 жылы Компартияның ОК-нің наурыз Пленумы болып, онда тиімді аг-рарлықсаясат жасау мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылықенімдерінің бағасын өсіріп, жоспардан тыссатылуы үшін қосымша қаржы теленді, колхоз-дар мен совхоздардың материалдық базасы нығайтылды, салық саясаты өзгертілді. Аграрлық салаға шаруашылық есепті енпзу шаралары белпленді. Бұл шаралар жартылай сипатта жүрпзілгенімен, біршама алға жылжулар да көрініс берді. 1970 жылы өндірістің тиімділігін арттыру нәтижесінде енеркәсіп өнімдерінің өсу керсеткіші 70%-ды құрады. 60-жылдардың екінші жартысында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі де 28%-ға өсті 60-жылдары, 70-жылдардың басында басталған реформалар бірте-бірте тежеле бастады. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру жүзеге аспады. Экономикалық әлеуетті арттыру республиканың қорын пайдалану, шикізат және отын-энергетикалық ресурстарын айналымға енпзу арқылы жүрді. 1970-1985 жылдар арасында өнеркәсіп енімінің жалпы көлемі екі есеге өсті, ал машина жасау, химия енеркәсібі өнімі үш есе артты. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Олар Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резеңке-техникалық бұйымдарын шығара-тын зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңцеу зауыттары, Қарағанды металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр шығару цехы, Екібастұз және Ермак ГРЭС-І, Қапшағай ГЭС-і, Жәйрем тау-кен комбинаты және т.б. болды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл және Павлодар-Екібастұз аумақтық-өнеркәсіптік кешендері құрылды. Кеңестік экономика непзінен директивалық ұстаным мен орталықтың жоғарыдан бұйрық беру әдісі арқылы басқарылды. Қазақстан енеркәсібінің 50%-ы одақтық министрліктердің қарауында болды. Одақтық министрліктер республиканың мүддесін көздемеді, әлеуметтік салада, ұлттық кадрларды дайындауда, қоршаған ортаны қорғауда (Семей полигоны мен Аралдың эко-логиялық апатқа ұшырауы) қиыншылықтар туындады. Мысалы, сол кезеңде Арал теңізінің деңгейі 14 метрге, аумақтық көлемі 40%-ға, су келемі 60%-ға төмендеді. Тартылған теңіз түбі тұз ошағына айналды. Мұндай жағдай гепа-тит, туберкулез сияқты эпидемиялық аурулардың өсуіне әкеп соқты, соны-мен қатар онкологиялық аурулардың көрсеткіші бұл елді мекенде одақ көрсеткішінен 15 есе асып түсті. 6717 км2 аумақты алып жатқан Байқоңыр ғарыш айлағында да экологиялық мәселе өте күрделі болды. Қазақстан террито-риясыныңт 4,6 млн га аумағы оның пайдаланылған зымырандар қондырыла-тын жерге айналды. Онымен қоса Семей атом полигонында зиянды 200 жер асты нысаны (штолня) болды. КСРО-да жасалынған 715 ядролық жарылыстың 470-і Қаэақстанда жасалды. Каспий маңы ойпатындағы Азгир полигонында 17 жер асты жарылысы, республиканың басқа жерлерінде тағы 21 жарылыс іске асырылған. 70-80-жылдары Қаэақстанның экономикасында шикізат өндіру басым-дыққа ие болғандықтан, халық тұтынатын тауарлардың 60%-ы басқа одақ-тас республикалардан әкелінді, ал оның көпшілігі Қазақстанда өндірілген шикізаттардан дайындалды.
Достарыңызбен бөлісу: |