ХХ ғ. 70-80 жж. басындағы республика экономикасы мен қоғамдық-саяси өміріндегі әкімшіл-әміршіл жүйе құбылыстарының кеңінен өріс алу себептері мен салдары
- 70 жылдардың басында басталған реформалар бірте-бірте тежеле бастады. Қоғамдық өндірістің тиімділігі жүзеге аспады. 1970-1980 жылдар арасында өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есеге өсті, ал машина жасау, химия өнеркәсібі өнімі үш есе артты. Мыңға жуық өнеркәісіп орындары мен цехтар іске қосылды. Олар Қазақ газ өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, ПАвлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыты.
70-80 жылдары Қазақстанның экономикасында шикізат өндіру басымдылыққа ие болғандықтан, халық тұтынатын тауарлардың 60 %-ы басқа одақтас республикалардан әкенінді, ал оның көпшілігі Қазақстанда өндірілген шикізаттардан дайындалды.
1970-1980 жылдары өнеркәсіп өнімінің өсуі 8,4% болса, 1980-1985 жылдары 3,8%-ға, ал ұлттық табыс осы жылдары 4,4%-дан 1,4%-ға дейін төмендеді.
Осындай жағдайда 1977 жылы КСРО конституциясы қабылданып, онда Кеңес халқы «дамыған социализм» кезеңіне өтті деп жарияланды.
Экономиканы әміршіл-әкімшіл басқару әдісі материалдық ынталандырды жоұұа шығарып, экстенсивті даму, мемлекеттік меншіктің үстемдігі, жұмысшыларды өнеркәсіп құралдарынан алшақтату, орталықтың билеп-төстеу жағдайына алып келді. Қазақстан экономикасы 1980 жылдары дағдарысқа келіп тірелді.
Мал шаруашылығының құс асыраудан басқа салалары кіріссіз шаруашылыұтарға айналды. Егер 1970 жылы өзін-өзі ақтай алмаған совхоздар мен колхоздардың үлес салмағы 15% болса. 1985 жылы бұл көрсеткіш 51%-ға жетті. Мысаы қойдың саны 1971-1981 жылдары 3,4 млн басқа өссе, 1981-1985 жылдары өсу тоқтаған. Қой етін өндіру 1970-1985 жылдары 19%-ға қысқарды, оның құндылығы да төмендеді.
Дүние жүзінде ауыл шаруашылығына жарамды ең үлкен жері болса да, Кеңес Одағы 1981-1985 жылдары әлемдегі ең ірі азық-түлік сатып алушы елге айналды. Бұл кезеңде КСРО жыл сайын шеттен 3,8 млрд долларға азық-түлік сатып алып отырды. 1985 жылы КСРО-дағы әрбір үшінші бөлке нан, әрбір екінші қораптағы макорон шет елдерден – АҚШ, Канада, Аргентина, Түркиядан сатып алынған астықтан дайындалды.
1970-1980 жылдары халықтың нақыт табысы төмендеп кетті. Халық тұтынатын тауардар тапшылығы өсіп, күні бойы дүкендерде кезекке тұру дағдыға айналды.
Кеңес Одағында қоғамдық саяси өмірде «басқаша ойлауға» қысым көрсетілді. Оның нақты мысалы, О.Сүлейменовтың 1975 жылы шыққан «Аз и Я» деген кітабына тыйым салынды. Оған пікір жазған «Молодая гвардия», «Москва», «Звезда» және т.б журнал беттерінде авторды идеологиялық талаптардан ауытқып кетті деп айыптады. Автордың өзі идеологиялық қысымға алынды.
1979 жылы Целиноград оқиғасы ұлттық қатынастардың шиеленісуінің және қазақ халқының мүддесімен санаспаған орталықтың өктемдік саясатының көрінісі болды. СОКП ОК Саяси бюросы 1979 жылы көктемде Қазақстанда, орталығы Ерейментауда болатын, неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Оған Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстарының немістер тығыз қоныстанғын бірқатар аудандарын беру көзделді. Орталықтың бұл әділетсіз шешіміне қарсы Целиноградта, Атбасарда, Ерейментау және Көкшетауда бейбіт шерулер мен демонстрациялар болды.
КСРО сыртқы саясатта халықаралық беделін нығайту және Ауғанстанда саяси үстемдік орнату мақсатында КСРО кеңес әскерін кіргізді. Бұл саясатқа жауап ретінде АҚШ Кеңес Одағына астық сатуға тыйым салды, Мәскеуде өтетін жазғы олимпиядаға қатысудан бас тартты.
Достарыңызбен бөлісу: |