КСРО-ның күйреу себептерін ашып көрсетіңіз.
1991 жылғы 8 жел¬тоқсанда Беларусь, Ресей және Ук¬раина басшылары С.Шушкевич, Б.Ель¬цин, Л.Кравчук үшеуінің Беловеждегі келісімге қол қоюымен тарады деп түсінеді. Рас, бұл үшеуі қол қойған құжатта мынадай сөздер бар: “Біз, 1922 жылғы КСР Одағының құрылтайшы¬лары ретінде келісім-шартқа қол қою¬шы – Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы (РКСФР) және Украина … КСР Одағы халықаралық құқының субъектісі және геосаяси шындық ретінде өзінің өмір сүруін тоқтататы¬нын атап өтеміз”, делінген. Шынында да Кав¬каздағы үш республиканың одағы¬мен (ЗКСФР) бірге олар 1922 жылы КСРО-ны құру туралы келісім-шартқа құрылтайшы ретінде қол қой¬ғаны рас. Бірақ, 1936 жылғы жаңа Конституцияға сәйкес оның құрыл¬тайшылары 11 республика болған еді ғой. Алғашқы үшеуі¬нен басқа оған армян, әзірбайжан, грузин, қазақ, қыр¬ғыз, өзбек, тәжік, түркі¬мен республикалары енді. Артынан, 1940 жылғы аннек¬сияның нәтижесінде Балтық республикалары мен Румы¬ниядан тартып алынған Бессарабияда пайда болған Молдова КСР-ы қосылды. Сөйтіп, одақтас республи¬калар саны 15 болды. Сон¬дықтан алғашқы үшеуі КСРО-ны өздігінен заң жүзінде тарата ал¬майтын. Тек Балтық республи¬калары құсап оның құрамынан шығуы ғана мүмкін еді. Елдің экономикасы құлдырап, КСРО әне ыдырайды, міне тарайды деп елеңдеп жүрген халық ол кезде бұған аса мән бере қойған жоқ. Бәрі де бөркін аспанға атып, сол жылдардағы оны жамандаған ақпараттардың арқасында әбден же¬ккөрінішті болып кеткен “қы¬зыл” империяның ыдырағаны¬на мәз болды. Бірақ артынан, 22 желтоқсанда Қазақстан Прези¬денті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастама¬сы¬мен Алматыға келген 11 респуб¬ликаның басшылары ТМД құру жөнінде декларация жария¬лап, КСРО-ның таралуын заңға сәйкес¬тендірді. Өйткені, мұнда барлық құрылтайшылар да қатыс¬қан бола¬тын. Сол кездегі атақты “Известия” газеті ең үлкен әріптер¬мен бірінші бетіне “КСРО-ның тарихы Қазақ¬станда аяқталды” деп жазған. Және бұл айна-қатесіз шындық еді.
Ал КСРО-ның өзінің жоғарғы органдары бұл кезде қайда еді? Олар елдің ыдырамауы үшін қандай әре¬кет жасады дегенге келетін болсақ, әңгімені сәл әріден қозғауға тура келеді.
1991 жылғы 2 қыркүйекте КСРО халық депутаттарының кезектен тыс V съезі ашылды. Бұл және соңғы съез болғанын еске сала кетейік. Оны Одақ кеңе¬сінің төрағасы И.Лаптев ашқаны¬мен, бұл КСРО президенті Михаил Горбачев¬тің соңғы бенефисі болды. Горбачев осы съезде барынша белсенді болып, өзінің ойға алған дүниелерінің бәрін де өткізе алды. Көнбесеңдер тара¬тып жіберуге қақым бар деген қоқан-лоқыны жасай отырып, депутаттарға алдымен егеменді елдердің (бұрынғыдай одақтас республи¬калар емес) одағы туралы жаңа шарт дайындалып, оған қол қойылатыны жөніндегі шешімді өткізді. Айта кетерлігі, жаңа келісім-шарт туралы мәлімдемені депутаттарға Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев оқып берген еді.
Достарыңызбен бөлісу: |