Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Қазақстандағы  ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің ерекшеліктері



бет203/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

Қазақстандағы  ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің ерекшеліктері

Қазақ елі өзінің тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында қарқынды дамып келе жатқан әлемдегі демократиялық елдердің біріне айналды. Бұл жетістіктерге еліміз қоғамдағы азаматтық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, сонымен бірге, ұлтаралық және дінБүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық жəне дінаралық келісім мен ымырагершілікті негізге алған 140 астам ұлт өкілдері мен 40 астам дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктердің отаны болып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық жəне дінаралық келісім мен ымырагершілікті негізге алған 140 астам ұлт өкілдері мен 40 астам дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктердің отаны болып отыр. Қазақстан тəуелсіздік жылдарында бұл стратегияның өміршеңдігін көрсетіп, оның бүкіл адамзат

қауымының дамуындағы халықтардың өзара қарым-қатынас мəдениетінің қазақстандық үлгісінің қажеттілігін танытты. Ұлтаралық келісім моделі этностардың дамуы мен өзара қарым-қатынасына жүйелі әрі мақсатты түрде әсер етіп, одан белгілі бір нәтижелер алу үшін құрылады. Мұндай моделді құру өте күрделі әрі жауапты саяси іс. Өйткені, ұлтаралық қатынастар табиғаты өзінің құрылымы жағынан өте нәзік, сан қырлы. Ұлтаралық қатынастар саяси, идеологиялық, мәдени, экономикалық, әлеуметтік, тілдік және психологиялық процесстерге тығыз байланысты. Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі бірнеше негізгі деңгейде жүзеге асырылады: тұжырымдамалық деңгей; саяси-құқықтық (конституциялық) деңгей; институционалдық деңгей жəне ғылыми-əдістемелік деңгей. Тұжырымдамалық деңгей еліміздің ұлтаралық қатынастарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді жəне ол: əлеуметтік-экономикалық, мəдени, ождандық, тұрмыстық жəне басқа да өзара тəуелді, толықтырушы факторларды есепке алу, Қазақстан ұлттарының өз мəдени дамуын еркін қамтамасыз ету жəне олардың мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру принциптеріне сүйенеді.



  1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбектерінде қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі. Қазақ хандығы қалыптасуының тарихи алғышарттары

Н.Ә. Назарбаев еңбектерін тәуелсіз Қазақстан мемлекеті тарихының дерек көзі ретінде қарастыруда олардың пайда болуының себептерін, алғышарттарын, яғни объективтілігін және тарихи жағдайын анықтаудың маңызы үлкен. Жұмыстың кіріспе бөлімінде айтылғандай, Н. Назарбаев 1991 жылдың көктемінде дайындаған «Әділеттің ақ жолы» атты еңбегінен бастап, 2006 жылдың қаңтарында ҚР Президенті міндетін атқаруға қайта кіріскенге дейін бірнеше іргелі еңбектер, жинақтар, Жолдаулар және кітапшалар жариялады. Солардың бәрінде дерлік, біздің тікелей зерттеу объектіміз болып табылытын - тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігінің тарихына қатысты мәліметтер бар. Демек, олардың пайда болуының объективтілігі мен тарихи жағдайын анықтау зерттеушілерге тәуелсіз Қазақстан мемлекеті тарихы туралы ғылыми құндылығы жоғары мәліметтер алуға көмектесері анық

Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің пайда болуының объективтілігі ең алдымен ХХ ғасырдың 80-90 жылдары Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы деп аталған алып державада орын алған түбегейлі қоғамдық өзгерістермен, сол өзгерістердің нәтижесінде Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуымен және күрделі де түбегейлі қоғамдық өзгерістер салдарында пайда болған сол жылдардағы саяси ахуалмен тікелей байланысты. Атап айтқанда, Н. Назарбаев еңбектерінің пайда болуына алып келген және оның еңбектерінде бейнеленген нақты объективті оқиғалар, құбылыстар және қоғамдық процестер мыналар: КСРО-да қайта құру процесінің басталуы, елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың тереңдеуі, құрамында Қазақстан да бар КСРО сияқты алып империяның ыдырауы, Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуы, жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігін қайта құру ісінің басталуы т.т.

Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары.

Саяси бытыраңқылық Әбілхайыр билігі тұсында шарықтау шегіне жетті. Ол Ақ Орда билігін алу үшін 20 жылға жуық күрес жүргізген.

Қазақ хандығының дербес мемлекет болып қалыптасуына түрткі болған алғышарттар:

• Әбілхайыр хандығындағы тоқтаусыз соғыстар.

• Ішкі феодалдық қырқыстардың үдеуі.

• Феодалдық езгі мен қанау.

• Халықтың ауыр күйзеліске ұшырауы.

Қазақ хандығы көшпелі ақсүйектер басымдығы артқан Әбілхайыр хандығы мен Моғолстанның ішкі сяси қақтығыстарының нәтижесінде құрылды. Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Жетісуда тұратын ру, тайпа көсемдері саяси тәуелсіздікке ұмтылып, Әбілхайыр мен Есен-Бұғаның билігіне мойынсұнбады. Сондықтан, ХV ғасырдың 40-50-жылдары олар Керей мен Жәнібектің маңына : Қаратау, Сырдария, Түркістанның солтүстігіне топтаса бастады. 1446 жылы Әбілхайыр Созақ, Сығанақ, Аркөк, Үзгент, Аққорған қалаларын басып алғаннан кейін ұлыстар арасындағы тартыс күшейе түсті. XVғ. 20-ж. бастап ойраттар Жетісуды жиі шабуылдай бастады:

Ұлттық мемлекеттің құрылу қарсаңындағы Қазақстандағы саяси жағдайына келсек, ХV ғасырда орта кезінде қазақ жерінің батысында Ноғай Ордасы Жетісу аймағында Моғол хандығы, Сыр бойы, Орталық Қазақстанда Әбілқайыр хандығы сияқты хандықтар өмір сүрген. Олар жер үшін және билік үшін бір-бірімен соғысып жатты. Бұған қосымша Әмір Темірдің ұрпақтары қазақ жеріне шабуылдар жасап саяси жағдай мүлде нашарлаған. Қазақ хандарының бастауы болған Ақ Орданың ханы Барақ Тоқтамыс ханның бес ұлының бірінен соң бірімен алысып жатты. Осы кезде 1428ж. Барақ ханның белгісіз жағдайда қаза болуы Ақ Орданың саяси жағдайын мүлде әлсіретеді. Сыр бойынан Батыс Сібірге дейінгі аралықта бес ұлыс пайда болды. Олар бас-басына хандық құрып өзін-өзі билеушілік туады. Бұлардың арасындағы жер үшін талас ел арасындағы араздықты туғызып бей-берекетсіздік өршіді. Сөйтіп, мұндай саяси бытыраңқылық біртұтас ұлттық мемлекеттің қажет екендігін көрсетеді.

Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың хандық өкіметінің кезінен бастап, өзінің шарықтау шегіне жетеді. Тарихи деректерге қарағанда Әбілқайыр хан Ақ орда билігін өз қолына алу үшін 20 жылға жуық күрес жүргізген. Ал Ақ Орданың мұрагерлері Орыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайырдың билігін ешбір мойындамаған. Бұлардың алдарына қойған басты мақсаттары өздерінің жеке ұлттық мемлекеттерін құру еді. Міне, Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы саяси жағдай осындай бытыраңқы, аумалы-төкпелі болған





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет