Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалығының нәтижесі мен тарихи маңызы



бет269/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   354
Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалығының нәтижесі мен тарихи маңызы

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп отыр. Халықаралық деңгейдегі осы бір беделді ұйымға жетекшілік жасау миссиясы елімізге үлкен сеніммен тапсырылды. Бұл міндетті атқарудағы Қазақстанның рөлі, Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясаты, атқарылған ауқымды істер туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Әмзебек Жолшыбеков өз ойларын ортаға салды. - Әмзебек Рысбекұлы, Сіз Парламент Мәжілісіндегі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне жетекшілік етесіз. Еліміздің барлық сыртқы саясатына қатысты мәселелер Сіздің комитет арқылы өтеді. Осы орайда Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы беделі жөнінде, еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудегі рөлі туралы ойларыңызды ортаға салсаңыз. - Қазір Қазақстан - әлем назарындағы ел. Тарих сахнасына жаңадан қадам басқан 2010 жылдың алғашқы күнін Қазақстан Республикасы халықаралық беделді ұйым - Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық ету қызметінен бастады. Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ төрағалығына бірден бел шешіп кірісіп кетті. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету міндеті - ТМД елдерінен және мұсылман жұртының арасынан алғаш рет бізге сеніп тапсырылып отыр. Мұның өзі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы, сарабдал басшылығымен тәуелсіздігіміздің 18 жылында еліміздің халықаралық саясат сахнасында беделі арта түскендігінің, еліміздегі тұрақтылық пен өркендеудің зор айғағы деп білемін. 2009 жылдың 22 желтоқсанында елімізде тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдерімен Ақордада өткен кездесуінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «ЕҚЫҰ-ға төраға болып сайлану - Қазақстанға деген еуропалық және әлемдік қауымдастық тарапынан зор сенімге ие болып отырғанымыздың арқасы»,- деп, бұл миссияның қазақ елі үшін аса маңыздылығы мен үлкен жауапкершілігін анық айтты. Одан әрі ЕҚЫҰ қызметін қамтамасыз ететін қауіпсіздік, экономикалық және гуманитарлық саладағы тепе-теңдікті сақтау еліміздің алдына қойылған жаңа міндеттер екенін атап өткен болатын. Ашығын айту керек, төр¬¬ағалық қызметі үлкен беделі¬мен, мәртебесімен қоса, барлығымызға айрықша мін¬деттер жүктейді. Сондай-ақ бүкіл әлем елдерінің, оның ішінде атал¬ған ұйымға мүше мемлекет¬тер¬дің жүктеп отырған зор сенімі тағы бар. Бұл жауапты жұмыстан беде¬лімізді түсірмей, абыройы¬мызды асқақтатып шығу үшін тек Елбасы беделі мен отандық дипломатия¬ның табанды жұмысы ғана емес, сонымен бірге біз сана¬лы қоғам ре¬тін¬де, бүкіл халық бо¬лып жұмыла жұ¬мыс жасап, барын¬ша қолдау көр¬сетуге баршамыз мүдделіміз деп ойлаймын. Себебі бұл - біздің елі¬міз¬дің басқа дүниежүзі елдерімен те¬ре¬зесі теңескен күн, туған еліміз¬ Қазақстан Республикасының асқақтаған абы¬ройы! Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ-ға және бүкіл әлемге ағылшын тілінде алғанда төрт "Т" ұранымен ай¬шық¬¬талған құндылықтарды ұсы¬нып отыр. Еліміздің төрт негізгі ұстанымы мемлекеттік және ағылшын тілінде: Сенім (Trust), Дәстүр (Tradіtіon), Ашықтық (Transpa¬ren¬cy), Төзім¬ділік (Tolerance) 1994 жылғы Будапешт саммитінде Кеңес Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) деп аталатын жаңа мәртебесіне ие болды. ЕҚЫҰ бүгінде еуроатланттық және еуразиялық қауіпсіздік архитектурасының маңызды бөлігі болып табылады. - 1991 жылы желтоқсанның 16-сы күні өз тәуелсіздігін алған Қазақстан өзге елдермен ынтымақтастық байланыс орната бастады. Сонымен қатар әлем елдері санасып отырған халықаралық ұйымдарға мүше болды. Еліміздің ЕҚЫҰ-мен байланыс орнатуы да тарихи оқиға екені анық. Енді осы туралы? - Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 1992 жылдан бері тұрақты мүше болып келеді. Әлемдік державалар мен беделді халықаралық ұйымдардың, оның ішінде ЕҚЫҰ-ның Қазақстанның саяси және экономикалық дамуына кезінде зор қолдау көрсеткенін айтпай кетуге болмайды. 1992 жылдардағы еліміздегі жағдайдың қандай болғаны белгілі. Кеңестік жүйе құлағаннан кейін өз алдына түтін түтетіп, дербес шаңырақ құрған бұрынғы кеңестік республикалардың өз проблемалары өздеріне жеткілікті болды. Бұрынғы экономикалық байланыстар үзілді, соның ішінде Одақ тұсында шикізаттық база болып келген, индустриясы орталыққа бағынған Қазақстан бәрін де тың жерден қайтадан басынан бастауға тиіс болды. Кейбір сәуегейлер Қазақстанның өз алдына өмір сүруіне күмәнмен қарады. Осындай жағдайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың көрегендік саясатының арқасында нарықтық экономиканың негіздері қаланып, «әуелі экономика, содан кейін - саясат» ұстанымымен көшімізді түзей бастадық, мемлекеттіктің негізгі атрибуттары жасалды, елімізде ішкі тұрақтылықты сақтау арқылы саяси жүйе дамуының демократиялық векторы орнықты, БҰҰ-ға мүше болдық. Сол тұста әр түрлі ұлтаралық кикілжіңдерге бой алдырған кейбір жас мемлекеттердің талай қиыншылықтарға ұшырағаны баршамызға мәлім. Қазақстан сол кездің өзінде әлемдегі төртінші ядролық сынақтан бас тартып, Семейдегі ядролық сынақ аймағын жауып, АҚШ, Ресей, Қытай сияқты іргелі елдердің қолдауына ие болып, өзінің бейбітшіл саясатымен, ішкі тұрақтылығымен тікелей шетелдік инвестициялар ағынын өзіне қарай бұра білді. Сондай-ақ ЕҚЫҰ ауқымында барлық мүдделі тараптардың ұстанымдарын, сондай-ақ энергетикалық держава ретіндегі Қазақстанның қомақты әлеуетін ескере отырып, энергетика қауіпсіздігі проблемасы бойынша диалогты жалғастыру қажет екендігіне назар аударады. ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету алдыңғы қатарлы меммлекеттердің бірі ретінде Қазақстанның беделі арта түсуіне жол ашатын, іскерлік және қоғамдық топтар арқылы халықаралық қаржы және экономикалық құрылымдардың өңірдегі тұрақтылық негізі болып табылатын біздің мемлекетімізге деген сенімін арттыратын маңызды саяси оқиға болмақ. Бұл міндеттерді жүзеге асыру басқа да көптарапты ұйымдар аясында, екі жақты қатынастар форматында біздің позициямызды нығайтатын болады, отандық дипломатиялық қызмет пен мемлекеттік қызметтің кәсіби деңгейін көтереді. Халықаралық беделді ұйымға төрағалық ету еліміз ішіндегі қоғамдық-саяси ахуалды да нығайта түсетін болады. Халқымыздың арасында қоғамдық-құқықтық реформаларға белсене араласу және өмір сүру стандарттарын көтеруге деген алға ұмтылушылық бар. Мәдениет, білім, медицина және басқа кәсіби салалардың деңгейін арттыру арқылы Еуропада орнығып үлгерген алдыңғы қатарлы стандарттарға жақындауымызға, ел азаматтарының өмір сүру сапасын жақсарта түсуімізге мол мүмкіндіктер де ашылмақ. Осы жайттарды айта келе, мен Қазақстандағы табысты экономикалық және саяси реформаларды қолдау Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымымен тығыз қарым-қатынаста болып, бірлесе жұмыс жүргізуіміздің оң қадамы деп бағалаймын.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет